Сабақ жоспары А. Құнанбаев Қыс

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары А.Құнанбаев ҚысСабақ жоспары А.Құнанбаев ҚысСабақ жоспары А.Құнанбаев ҚысСабақ жоспары А.Құнанбаев ҚысСабақ жоспары А.Құнанбаев ҚысСабақ жоспары А.Құнанбаев ҚысСабақ жоспары А.Құнанбаев ҚысСабақтың тақырыбы: Қыс

Сабақтың мақсаты:а)Абай туралы түсініктерін кеңейту. «Қыс»өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу,таным мүмкіндіктерін ашу,сөздік қорын,ойлауын,көз алдына елестету қабілетін дамытумен бірге қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы оларды имандылыққа,туған халқының табиғатын сүйе білуге баулу.,2.Дамытушылығы:.оқушылардың ой-өрісін,сөйлеу қабілетіндегі сөздік қорын байыту..3.Адамгершілкке,мәдениеттілікке өз ойын терең айтуға және еркін сөйлеуге тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс:дүниетану, әдебиет,бейнелеу Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды таңдап алған заттарына байланысты 4 топқа бөлу.

Кіріспе бөлім:Балалар біздің бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Алдымен жыл мезгілдері жөнінде қысқашы пікір айтады. «Көктем»тобы:Көктемде қар еріп,өзендерде сең жүреді.Әсем қызғалдақтар құлпыра жайнап,түрлене бастайды.Жеміс ағаштары гүл атады.Қайың мен терек жасыл жапырақтарын жаяды.Көктемнің осы көрінісін Абай атамыз былай суреттейді.

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі .Жан-жануар,адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі. «Жаз» тобы:Маусым,шілде айларында төңірекке көз салып көріңізші.Ешбір көркем кілемнің бетінен табылмайтын ғажап бояуларды көресіз.Даланы жайқалта өскен гүлдердің хош иісі мұрын жарады.Өзінің «Жаз»деген өлеңінде ақын атамыз былай деп жырлайды. Жаздыгүні шілде болғанда, Көк орай өсіп толғанда, Күркіреп жатқан өзенге, Көшіп ауыл қонғанда. «Күз »тобы:Күз.мезгілде ешбір жыл мезгілінде қайталанбас байлық,молшылық болады.Аспанды бұлт торлап,төңіректің бәрі жазғы түрінен,әсем көркінен айырылады.Топ-топ болып ұшқан құстар жылы жаққа кетеді.Осы көріністі Абай атамыз былай деп жырға қосады. Сұрт бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып,дымқыл тұман жерді басқан Білмеймін тойғаныма,тойғаныма, Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан. «Қыс »тобы:Қыс.Айналаның бәрі ақ қары жамылғандай.Ағаштар аппақ гүл шоқтары тәрізді.Төңірек мүгілген тыныштық.Ауа-райы жиі өзгеріп,қатты аяз,боран болады.Оны ақын атамыз былай суреттейді. Ақ киімді,денелі,ақ сақалды, Соқыр мылқау танымас тірі жанды, Үсті-басы ақ қырау түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Жаңа сабақ. Қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбаевтың «Қыс»атты өлеңімен танысамыз. 1.Жұмбақтар әлемі. 1.Қанаты жоқ желеді, Аяғы жоқ желеді Ауызы жоқ ұлиды. 2. Суда мұз бар, Жерде қар бар. Боран соғады, Бұл қай кезде болады? (қыс) Ой-қозғау. Қыс туралы не білеміз?

мұз

қар

Қыссуық

аққала аяз

қырау

Жаңа жыл

«Қыс»өлеңін мәнерлеп оқу. Өлеңнің мазмұның сұрақ-жауап арқылы ашу. Сөздік жұмысы. Соқыр мылқау-түк көрмейтін долданғанда-аяз. Шидем-жүннен тоқылған киім. Сергіту сәті. Жердің беті аппақ.Ағаштар көрпе жамылғандай,бүкіл орман тыныштықта»-дей келіп 1-2 минут көздерін жұмғызып,осы айтылғандарды көз алдарына елестету. Біртіндеп көздерін ашқызып, «Әне,қоян көрінеді,түлкі жүгірді,аю қозғалды,құстардың даусы естілді»-деп,балаларға түрлі елестер арқылы эмоциялық әсер беру.

Топпен жұмыс. .I топ. «Қыс »туралы мақал-мәтелдер айтқызу II топ. «Қыс »тақырыбына сурет салу III топ. «Қыс келді »тақырыбына эссе жазу. Оқушыларға мәнерлеп оқыту. Қорытынды: Ән: «Желсіз түнде жарық ай» Үйге тапсырма: «Қыс»тақырыбына шағын эссе жазу



© 2010-2022