Урок на тему жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Темірағаш

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. «Темірағаш»

Мақсаты:

1.Оқушылардың дауысты дыбыстар бойынша алған білімдерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, сөз ішінде дауысты дыбысқа байланысты сөз жуан не жіңішке айтылатындығын ұғындыру; сауатты жазу және оқу дағдысын жетілдіру.

2.Өз ойын еркін жеткізу, өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту;сөздік қорын байыту; танымдық белсенділігін арттыру.

3.Қоршаған ортасымен ізгілік қарым-қатынас орната отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: тірек білімдерін жетілдіру.

Сабақ формасы: аралас

Ұйымдастыру формасы: жұппен, жеке дара, ұжыммен

Әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, салыстыру, көркем жазу, шығарм. жұмыс, мәнерлеп оқу, өздік жұмысы, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Көрнекілігі: тірек сызба «жуан және жіңішке айтылатын сөздер»

Сабақтың барысы:

І.Бағдарлау-мотивациялық кезең

1. Психологиялық көңілашар: жұптасып, сәттілік тілеу.

2. Сабақ тақырыбы мен мақсатын нақтылау.

3. Жұмбақ жасыру, шешуін салыстыру:

- Бір мойын, екі иық, -Сырт-сырт соғады,

Тұрады киім киіп. (ілгіш) Уақыт озады. (сағат)

4. Ребус шешу: түймедақ

- Сөздер неге байланысты жуан, не жіңішке, не аралас болып айтылады?

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

1. №48 «Кітап ескірмейді»мәтінін «тізбектеп» оқу.

2. Сұрақ-жауап: - Кітап неліктен ескірмейді?

3 Ережелерді қайталау 32, 34 б. Тірек-сызбаны талдау.

ІІІ.Операционалдық-орындаушылық кезең

1. Жаңа материалды меңгерту:

1. «Темірағаш» мәтінін мұғалімнің оқуы, сөздік жұмысы

2. Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар:

- Әңгіме не туралы? Неліктен темірағаш деп атаған? Одан не жасайды?

Сергіту сәті

3. Оқушылардың «тізбектей» оқуы

4. Өздік жұмысы : мәтіннен алғашқы екі сөйлемді көшіріп, жуан, жіңішке, аралас сөздердің астын сызу.

5. Дәптермен жұмыс 20б. №1,2

ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі

1.Сұрақ-жауап: Сөздер неге байланысты жуан және жіңішке болып айтылады?

Қандай сөздерде жуан және жіңішке дыбыстар аралас келеді?

2. Өз ойыңнан үш топқа сөз тауып жаз: жуан жіңішке аралас

3.Бағалау

4.Үй жұмысы: оқу, әңгімелеу 51 жаттығу, ереже жаттау 32,34б., жазу 20 бет №3



© 2010-2022