Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау қаласы

М.Әуезов атындағы №7 орта мектебі

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Кенжебаева Алима Бекболқызы

Тақырыбы: « Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік»

Мақсаты : Жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді,осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздан айырылғанымызды ,Желтоқсан көтерілісі туралы шындықты оқушыларға ұғындыру.

Отанды сүюге,құрметтеуге,Желтоқсан құрбандарына әрдайым құрмет көрсетуге,адамгершілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: Тәуелсіздік ,туған жер туралы жазылған нақыл сөздер, суреттер көрмесі.

«Желтоқсан әні » орындалып тұрады.

Ел болып жатқан шақта қосып тілек,

Ойламан бақыт құсы кешікті деп.

«Тербелді Тәуелсіз күн,тал бесігі»

Бұл күнді жүруші еді -ау тосып жүрек.

Кезегі келді міне,тосқан күннің,

Қар жауып,қайта ашылды аспан бүгін.

Қарашы,ақша бұлтқа кетті айналып,

Еңсемізді қашаннан басқан мұңым.

Қалдырып жаны мәңгі жас ұлыңды,

Құпия шерттім осы жан сырымды .

Хош енді,жолықпасаң, қайран ана,

Көзімнен ақ жаулығың жасырынды Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.

Қайырлы күн,қымбатты ұстаздар ,ата-аналар, оқушылар !.

Армысыздар, қымбатты көрермендер ! «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік(» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер !

Фатима

Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста мұнда жүрген түңдігін.

Шарықтайық, шаттайық, тынбайық

Тәуелсіздік күнін бірге тойлайық!

Айбар

Әр жыл сайын, Тәуелсіздік таңы атты.

Топқа бардың тойға мініп ақ атты.

Дүүниені қуанышқа бөлеп тұр,

Ән айтылып жыр төгіліп қанатты.

Нұртілек

Елім менің тәуелсіз жерім менің

Күннен алған шуақты өмір демін

Рухым ұлттық өсіпті өлместей болып,

Көк байрағың төбемнен көрінген күн.

Арсен

Қайраттай қайсар ұлдарың

Жаныммен келген еркендік

Жазира мен Ләзаттың

Арымен келген еркіндік.

1986 жылы желтоқсан көтеріліске еліміздің еркіндігі, азаттығы үшін жандарын қиған Қайраттай ержүрек ағамыздың өз көзімізбен көрмесекте олардың шындық үшін күрескенін аянбай көз алдымызға елестетеміз.Көрініс:

Тергеуші:

  • Сен 18 күні сағат 10 - да қайда болдың?

Кайрат:

  • Жолдастарыммен пормонов көшесінде болдым.

Тергеуші:

  • Жоқ өтірік айтасың. Сен Сәтбаев көшесінде милионерді ұрдың. Сен кінәлісің білесіңбе?

Кайрат:

  • Жоқ мен ешкімді ұрғаным да, кқргенімде де жоқ.

Тергеуші:

  • Ақымақ, әкетіңдер көзін құртыңдар!

Қайрат:

Күнәдан таза арым бар

21 - дей жасым бар

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген атым бар

Атам десең атыңдар!

Иа бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы сөзі еді. Елі үшін құрбан болған ержүрек аға - апаларымызды еске алып бір минут тұралық.

Аружан

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсан өрендер ақталады

Ел намысын корғаған сарбаздарым

Ерліктерін есімде сақаталады.

Айдана

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында калған күн

Эдуард

Әділеттің ұраны

Ақиқаттың шырағы

Тыныштың туы боп

Зор салтанат құрады

Мирас

Тасысын шалқып әніміз

Жадырасын әніміз

Мерекеңмен құттықтып

Ән саламыз бәріміз

Балалар хорының орындауында «Әр қашан күн сөнбесін».

Айзере

Әділеттің ұраны

Ақиқаттың шырағы

Тыныштың туы боп

Зор салтанат құрады

  • Балалар, Қазақстан кандай ел?

  • Егеменді тәуелсіз ел.

  • Еліміздің оәміздері кандай?

  • Ту елтаңба, әнұран.

  • Елордамыз кай кала?

  • Астана.

  • Казақ елін кім басқарады?

  • Н.Назарбаев

Әділет

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсан өрендер ақталады

Ел намысын корғаған сарбаздарым

Ерліктерін есімде сақаталады

Мансұр

Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста мұнда жүрген түңдігін.

Шарықтайық, шаттайық, тынбайық

Тәуелсіздік күнін бірге тойлайық

Азамат

Далалада думан калада думан жыр бүгін

Гасыр бойы аңсай күткен бұл күнім

Жасай бер жаса аскардан аса әрқашан

Кеудеме әкеп калырған бақыт бұлбұлым

Балған бишілеріміздің орындауында «Қазақ биі»

Мариянна

Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жеткн екен жылы ағыс

Егемендік елі бақыты

О халайық! Құтты болсын қуаныш

Елнұр

Бейбіт өмір тілеймін мен халқымызға

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихмызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата ба ба рухына

Балалар хорының орындауында «Атамекен әні»

Біздің бейбітшіліктің аккөгершіндері сыйлаған Бақыт шаттық имандылық қуаныш әкелсін .

Еліміз тыныш болсын!

Халмымыз аман болсын!



.









© 2010-2022