Әдебиеттік оқу Туған жер туралы жыр ертегі 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу
І. Ашық сабақтың тақырыбы: Туған жер туралы жыр (ертегі)
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) Мәтін мазмұнын өз бетімен түсініп оқуға және оның идеясын ашып түсіндіру арқылы мәтіндегі негізгі ойды таба білуге жағдай жасау;
ә) Түсініп, жүгірте оқи білу, ойын толық жеткізе білуге машықтандыру, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту;
б) Туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
ІІІ. Қолданылатын әдіс: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, сипаттау, топта талқылау, әңгімелеу.
ІҮ. Көрнекілігі: әнші құстар, тордағы құстардың, туған ауылының, қаласының суреттері.

.
Ү. Сабақ түрі: дамытпалы
ҮІ. Типі: Жаңа сабақ
ҮІІ. Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық.

Үлкенге де - сіз,
Кішіге де - сіз.
Сәлем бердік Сіздерге,
Құрметпенен біз.

  • 1- топ: Бейбітшілік құсы деп,
    Атайды оны барша жұрт.

(Көгершін)

  • 2-топ: Қамыс құлақ,тоқсан тұяқ
    Мінсең-қанат,сүті-дәрі,еті-тамақ.

(Жылқы)

  • 3-топ: Ал оған суық кедергі емес!

Жарқын жарық сияқты.

Маңызды, жарқын,

Нәзік барқыт ...

(Қызғалдақ)
2. Үй тапсырмасын сұрау.

  • 1-топ: (Автор туралы мәлімет) Балалардың бақыты. Сырбай Мәуленов.
    Сырбай Мәуленов 1922 жылы Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Торғай поселкесінде дүниеге келген - ақын. Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. Балаларға арнап "Барлаушы бала" (1961), "Құлыншақ" (1963), "Бала жолбарыс" (1963), "Қорқақ торпақ" (1966), т. б. өлеңдер мен әңгімелер жазды.

    2-топ: 1. Өлеңді мәнерлеп оқу;
    3-топ: . "Бақыт" сөзін топтастыру;
    Әкесі
    Ағасы Анасы
    Бұлақ
    Отан
    Тәтесі
    Мөлдір өзені
    Байтақ даласы
    Жаңа сабақ. Туған жер туралы жыр

    Үй тапсырмасын қорытындылау:
    Әр шумақ қандай бақытқа арналған?
    Бірінші шумақта - бейбіт өмір туралы, себебі ашық аспан суреттелген.
    Екінші шумақта - отбасы мүшелерінің аман-есен болуы жырланған.
    -
    3. Жаңа сабақ.
    "Туған жер туралы жыр" қалмақ ертегісі

    Ертегі - адам баласының ой - қиялынан туған таңғажайып дүние. Ол адамды қуантады, шарықтатады, болашағына сенім арттырады, мүмкін емес жетістіктерге жетуге еліктіреді.
    Ертегінің қандай түрін білесіңдер?
    а) қиял-ғажайып
    ә) хайуанаттар
    б) тұрмыс-салт ертегілер
    Әр ұлттың өзінің ұлттық ертегісі болады. Бүгін қалмақ халқының ертегісімен танысамыз.
    2. Мағынаны тану.
    Ертегі мазмұнын түсіндіру.

Сөздік жұмысы:

  • Император - мемлекет билеушісі.

  • Жұмақ - рақат өмір.

  • Ғұлама, данагөй - оқымысты, білімді адам.

  • Нөкер - императордың көмекшісі.

Сергіту сәті:

Күлімдеп күн бүгін

Қарады маған да,

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да,

Күлімдеп күн бүгін

Қарады сіздерге де,

Бүгінгі жарқырап тұрған күн

Көңілденіп қарап тұр.

Берекелі бүгіндей

Қайырлы күн, болсын!

Сейсенбінің күні сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

Әр бөлімге ат қойдыру.
1-бөлім. Қытай императорына тартылған сый.
2-бөлім. Иператордың данагөйлермен ақылдасу.
3-бөлім. Құстың туған жері.


Әнші құстың туған жері мен императордың бағын салыстыра отырып сипаттау
Императордың бағы Әнші құстың туған жері

4. Оқулықпен жұмыс.
Ертегіні тізбектей оқыту.
Ойлануға берілген тапсырма.
- Ертегі қандай түрге жатады?
- Авторы туралы не айтар едіңдер?
- Әнші құс сайрауын неліктен тоқтатты?
Ізден, сұрастыр, тауып оқы.
Император бағы мен құстың туған жерінің сипатын тауып оқыту, салыстыру.
1-топ. Тұтқын адам құстың сайрамау себебін қалай тапты деп ойлайсыңдар?
2-топ. Император сөзінде тұрып, тұтқынды босатады деп ойлайсың ба?
3-топ. Ертегінің қай тұсында императордың өзі де құсқа ұқсап қалды?
5. Өз пікіріңді дәлелде, қорытынды жаса.
Император ертегі соңында нені түсінді:
а) құстың тар жерде отырғысы келмейтінін;
ә) құстың туған жерде ғана рақат өмір сүретінін;
б) ғажайып бақтың әнші құсқа ұнамағанын. Әр топ туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айтады, өз туған жері туралы әңгімелейді. - Мәтіннің мазмұнын ашатындай туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесің? Бақа көлін сүйеді, Бұлдырық шөлін сүйеді, Ер жігіт елін сүйеді. Ұлтарақтай болса да, Ата қоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, Туып-өскен ел қымбат. Туған жердің Түйе жейтін жапырағы да дәрі. Түйе аунайтын топырағы да дәрі. - Өз туған жеріңдегі қандай әнші құстардың атын білесің? Оларға қандай көмек беріп жүрсің? Керек дерек. Бұлбұл - торғай тәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құс. Қазақстанда екі түрі - кәдімгі немесе шығыс бұлбұлы және оңтүстік не зортұмсықты бұлбұл кездеседі. Дене тұрқы 160-190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17-26 г. Арқасы қара сүр, қоңыр сүр, бауыры ақшыл түстес. Бұлбұл - жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштың төменгі бұтақтарына салады. Мамыр-маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны мекиені он үш-он төрт күндей басып, балапандарын өрбітеді, жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканың тропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді. Бұлбұл әртүрлі жәндіктермен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. Әнші құс ретінде эстетикалық маңызы да бар.


6. Үйге тапсырма: Түсініп оқу. Құстар туралы мағұлмат.
7. Оқушыларды бағалау.



© 2010-2022