- Преподавателю
- Начальные классы
- Қазақ тілі Сөз таптары
Қазақ тілі Сөз таптары
Раздел | Начальные классы |
Класс | 3 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Исаева Д.Б. |
Дата | 04.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Қазақ тілі
3сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарын еске түсіреміз.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: сөз таптарын еске түсіру. Сөздің қай сөз табына жататынын білуге, оған алдымен сұрақ қоюға, сөздердің қайсысы заттың атын, іс - қимылын, сынын, санын білдіретінін ажыратуға үйрету. Дамытушылық: оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істей білуге баулу, тіл байлығын, ой - өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелігі:оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке, алғырлыққа баулу. Әдемі, таза, ұқыпты, сауатты жазуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру. Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, топтастыру, семантикалық карта. Көрнекілігі: тірек сызбалар, кестелер салынған плакаттар, ребус, суреттер. Сабақтың барысы: І.Психологиялық дайындық. - Сәлеметсізбе Ару күн! - Сәлеметсізбе Жер ана! - Сәлеметсізбе Көк аспан! - Сәлеметсізбе Сіз! - Сәлеметсіңбе Сен! - Сәлеметсіңбе Мен! ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Қызығушылықты ояту. Оқушылар кестені өздері толтырады.
- Сөз табы Сұрақтары Мысалдар Зат есім... Кім?... Оқушы,...
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру Сөз таптарынан «Зат есім», «Етістік», «Сын есім», «Сан есімге» қатысты мәліметтерді еске түсіріп , одан әрі тереңдетіледі. Сызбаны пайдаланып, осы сөз таптарының ерекшеліктерін еске түсіреді.
әдепті
қыз екен.
бесАйжан алды.
ұқыпты
оқушы.
IV.Оқулықпен жұмыс:
1)Мәтінді оқу.
2)Талдау. 3)Сұрақтарға жауап беру. Мәтінде өзіңе таныс қандай сөз таптары бар? Мәтін ішінде қай сөз табы көп кездеседі? V.Дәптермен жұмыс:1-жаттығу. Оқы. Көп нүктенің орнына қандай сөз қоюға болады? Әр сөйлемдегі жазылмаған сөздер қандай сұраққа жауап береді? Көп нүктенің орнына қойылған сөз қай сөз табына жатады?
Кішкентай балалар ............. .
Кішкентай ............. жүгірді.
................. балалар жүгірді.
3 - жаттығу. Сөздерді оқы. Оларға сұрақ қой, қай сөз табына жататынын анықта. Сөздерді сөз таптарына қарай топтап жаз. Зат есім: шебер, аяз, тау, саусақ, аққу, кенші, дос. Сын есім: көрікті, көгілдір, ұзын, қайырымды, қатты, қызықты. Сан есім: жиырма, отыз бес, тоғызыншы. Етістік: сүрінді, аяқталды, жарқылдады. VI.Шығармашылық тапсырма.Семантикалық карта толтыру.
-
Сөз табы
Сөздер Зат есім Сын есім Сан есім Етістік Оқып отыр
Жүз
Қызықты
Келді
Қалам
VIІ.Сөздік диктант. Еңбекқор, қайырымды, ынтымақ, уәде, игілік, сырғанау, өнегелі, батылдық, батырлық, адамгершілік, мейірімділік. 5-жаттығу. Әр қатардағы сөздерді қалай атар едің? Артық сөзді тап. Оның неге артық екенін дәлелде. жүгірді Көрікті аспан екілік сықылықтады Жақсы аспаз алпыс айналды жақсылық еңбекқор қос-қостан ойыншық Тұнық зейнеткер мың ойнады Қашық білім мыңбасы
Ой толғаныс «Бес жолды өлең» жазылады. 1)Оқушы. 2)Әдепті, білімді. 3)Оқиды, жазады, жаттайды. 4)Оқушы сабақ оқыды. 5)Бала. VIІІ.Сабақты қорыту:
- Ребус шешу
- Сұрақ - жауап