РазработкаЕлін сүйген, елі сүйген Елбасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
РазработкаЕлін сүйген, елі сүйген ЕлбасыӨскемен қаласы, «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Алтын дән балабақша-мектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі Баймухаметова Гулнар Ахмедқызы

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру, Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдық, азаматтық, патриоттыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, кітап көрмесі, нақыл сөздері, «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді.

Барысы:

Қазақстан Республикасы әнұранын айту

Кіріспе.
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.

Елбасы десек тәуелсіздік, тәуелсіздік десек Елбасы ойға оралып,нұрлы бейбіт,бақытты күндеріміз алтын сәулесін шашады.Олай болса «1-желтоқсан-тұңғыш Президент күні»баршаңызға құтты болсын.

Шығындап, қиыр шеттің танып бәрін,
Уа. Жұртым, шартарапқа шарықтадың. Нұрым
Бұл әлем қашан тұтас біліп еді,
Қазақтай жер бетінде халық барын.
Әр сөздің астарына осы арада,
Ағайын ой жіберіп жете қара.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында,
Тұлғасы Елбасының жеке дара!

Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы. Енді назарымызды президентіміздің туып өскен жері «Үш қоңыр» жайлауында түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильміне аударайық (үзінді ).


1-жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілде де Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұщқыш болуды армандады.
(Слайдтан туып өскен жерінің табиғат көрінісін көрсету)
2-жүргізуші: Ерте есейген Сұлтан мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.
Жұбайы Сара Алпысқызы Халықаралық «Бөбек» қорын басқарады. Елбасымыздың үш қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.
(Слайдтан отбасымен түскен фотоларын көрсету).
1-жүргізуші: Үлкен өмірге қадам басқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді.
2-жүргізуші: Елбасымыздың қызмет еткен кезеңдері:
(Слайдтан қызмет еткен кезеңдерін көрсету)
1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973-1977жж - Қармет комбинатының партком хатшысы.
1977-1979 жж - Қарағанды облыстық партия комитетінің 2-ші хатшысы.
1979-1984 жж - Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.
1984-1989 жж - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
1989-1991 жж - Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
1990 жылы ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.

Азаптың арта қалды сан ғасыры,
Қазақтың жетті әлемге алғаш үні.
Дүниенің төрт бұрышы түгел көрді, Нұрали
Төрінде көш бастаған Елбасыны.
Ежелде елтұтқалар ел орнатқан.
Ұласқан ұрпағына олар мақтан.
Елбасы- қасиетті аталы сөз,
Мазмұны, мағынасы терең жатқан.

Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың Дильназ
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын

Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы Айзере
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық - алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі

1-жүргізуші: Ендігі кезек Елбасымыздың қанатты сөздеріне тоқталайық.
• ... Тәуелсіздік - ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Руфина
• «Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды». Амир
• Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп. Аиша
• Менің атам да, анам да - қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Томирис

• Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес. Камила
• Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үсін толтырып кен берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген. Руслан
• Сөз бостандығы шексіз емес.
Ол - табындыратын ғана емес,
Талқандайтын да қуатты күш. Нұрым

•Елбасы - туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам. Мұны сөзі мен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді. Айзере



Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңінде:
Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәләйлі болсын талғамың! Ерасыл
Өркені өссін қазақтың,
Осы - менің арманым!
Күн тұрғанда тұратын,
Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана,
Осы - менің мұратым!
О, Ақорда, Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық,
Осы - менің мақсатым!
Халқым - менің тірегім,
Құрбан жаным, жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы - менің тілегім.

Қорытынды: Құрметті оқушылар бүгінгі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сабағымызды Елбасының туып өскен жері Үшқоңырға жазылған әнмен аяқтайық.


© 2010-2022