Сабақ жоспары: «Мектеп формасы»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Күні: 14.01.2015ж. Сабақтың лексикалық тақырыбы: «Мектеп формасы». Сабақтың грамматикалық тақырыбы: «Сөйлем түрлерін қайталау.» Сабақтың мақсаты: «Сән үлгілері» модуліндегі берілген тақырыптар бойынша танымдылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларға грамматикалық тақырып бойынша өткен сабақтарды пысықтай отырып, оларды практикалық жұмыстарда қолдану. Сабақтың міндеті: а) Білімділік: «Сән үлгілері» модуліндегі берілген тақырыптар бойынша танымдылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларға өткен сабақтар емлесін қайталай отырып, оларды практикалық жұмыстарда қолдану; б) Дамытушылық: Қазақша сауатты сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту,оқушылардың ой өрісін дамытып тілді еркін меңгеру қабілеттерін арттыру; в) Тәрбиелік: тазалыққа,жинақылыққа және мейірімділікке баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, СТО стратегиясы,суретпен және кестемен жұмыс.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың типі: аралас сабақ. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер, тірек сызбалар. Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгелдеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге берілген сабақты тексеру,пысықтау. ІІІ.Өткен материалдарға шолу.

Өткен сабақтарды пысықтау, қайталау.

ІV. Ой қозғау

Суретпен жұмыс.Суретте көрсетілген киім түрлеріне байланысты өз ойларын қазақша жеткізу.

V.Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы: «Мектеп формасы»

1-тапсырма. Кестені пайдалана отырып, қазіргі заманға сай мектеп оқушыларының формасына мәтін құрастырып, әңгімелеңдер.

Оқушының киімдері Мектептегі ұл балалардың формасы Мектептегі қыз балалардың формасы Гимназия оқушысының формасы Күнделікті киетін киімі


Мереке күндері киетін киімі


Ауа райының өзгеруіне қарай киімі (жылы күндері, салқын күндері)




2-тапсырма. Мына сөз тіркестерін қолданып, сөйлемдер құрастырыңдар.
Қара көк шалбар, ақ жейде, қара белдемше, көк костюм, әдемі көк көйлек;
3-тапсырма. Сөйлемдердегі бос орындарға жалғауларды қойып көшіріп жазыңдар. Мектеп... тек қара көк түсті киім... киіну... рұқсат етілді. Біз... сынып оқушы...... заман... сай киім киеді. Мектеп... ішінде өзіндік қағидалар..... бар. Ер бала.... мерекелік күн..... ақ көйлек пен қара көк костюм ки..., ал қыз бала.... ақ жейде мен қара көк белдемше киеді. 4-тапсырма. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар. Күртеше, белдемше, шалбар, жейде, кеудеше.

VІ.Бекіту. 5-тапсырма. Диалог құру, өзара сөйлесу.

VІІ.Оқушыларды бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма: Бұрынғы мектеп формасы жайындашағын әңгіме жазу.



© 2010-2022