Жүзден жүйрік сыныптан тыс іс-шара

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жүзден жүйрік . . .»

Сыныптар тыс жұмыстың мақсаты: 1. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа тәрбиелеу. 2. Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру. 3. Өзін-өзі басқаруға, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу. Сыныптар тыс жұмыстың түрі: жарыс Сыныптар тыс жұмыстың өтілу барысы:

Кіріспе сөз. Құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермен қауым. Бүгін сіздермен 2 сыныптар арасында өткелі отырған «Жүзден жүйрік» атты білім сайысында бас қосып отырмыз. Ендеше білім сайысына қош келдіңіздер! Мінекей залда тыныштық, Естілмейді дыбыс түк Мұны біз де қоштаймыз Рұқсат етіңіз көрермен Кешімізді бастайық Сайыскерімізді ду қол шапалақтап, ортаға шақырайық Ортаға 1. Айдархан Әмірхан Әлімханұлы 2 «Ә» сынып оқушысы 2. Ермек Темірлан Талғатұлы 2 «А» сынып оқушысы 3. Абибулла Сұлтан Ибраһимұлы 2 «Б» сынып оқушысы 4. Әбдірәсіл Ғабиден Пернебекұлы 2 «В» сынып оқушысы 5. Боларбек Нұрбек Нұрханұлы 2 «Г» сынып оқушысы
Ойынның әділ бағасын беруші әділ-қазылар алқасын таныстырып өтейін 1. 2. 3. Сайыс кезеңдері: 1-кезең: Таныстыру 2-кезең: «Бәйге» «Сауал бізден, жауап - сізден» ойыны 3-кезең: Қанатты сөз «Мың бір мақал» 4-кезең: «Сөз ойла, тез ойла» ойыны «Тапқыр достар» Ал енді сайысымызды бастайық 1-кезең: Таныстыру Әр сайыскер өздерін таныстырып өтеді Келесі 2- кезең «Бәйге» кезеңіне кезек берейік 2-кезең: «Бәйге» (Сауал -бізден, жауап - сізден) деп аталады. Сайыскерлерге пәндік сұрақтар қойылады.Әр сайыскерге 3 пәннен 3 сұрақтан қойылады.


1-ші бізде Әдебиеттік оқудан 1 Сайыскер - Айдархан Әмірхан 1. Абайдың әжесінің аты кім? (Зере) 2. Әл-Фараби неше тілді меңгерген? (72) 3. Терең оймен шебер тілмен айтылған халық шығармасы. . . (шешендік сөз)
2 Сайыскер - Ермек Темірлан 1. Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынұлы) 2. Ең көп тараған аңыз әңгіме кім туралы? (Қожанасыр) 3.Абайдың әкесінің аты кім? (Құнанбай)
3. Сайыскер - Абибулла Сұлтан 1. Шоқан Уалихановтың шын есімі? (Мұхамет Қанафия) 2. Алғаш мектеп ашқан ұлы ұстаз (Ыбырай Алтынсарин) 3. Қартқожа қай жазушының кейіпкері? (Жүсіпбек Аймауытов)
4. Сайыскер - Әбдірәсіл Ғабиден 1.Спандияр Көбеев кім? (жазушы, ұстаз) 2. Жеті ата атауларын ата (әке, ата, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене) 3. «Мүйізі айдай иілген Мұрнын көкке шүйірген» не? (сиыр)
5. Сайыскер - Боларбек Нұрбек 1. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр) 2. Қазақстанның көмірлі аймағы (Қарағанды) 3. «Жаңбыр жаумаса - жер жетім» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім? (Төле би)

2-ші бізде Математика пәнінен 1 Сайыскер - Айдархан Әмірхан 1.Үйдің төртбұрышында төрт мысық отыр. Әр мысыққа 3 мысық қарап отыр. Барлығы неше мысық отыр? (4) 2. Қорада 35 қозы, 65 лақ бар. Қорада барлығы неше төл бар? (100) 3. 1 сағ 6 минутта неше минут бар? (66 мин)
2 Сайыскер - Ермек Темірлан 1. Қандай тауықтың етін жеуге болмайды? (піспеген тауықтың) 2. Асан 10 жаста, Жамал 16 жас үлкен. Асан Жамалға қарағанда неше жас кіші? (6) 3. Азайту амалының компоненттерін ата. (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)
3. Сайыскер - Абибулла Сұлтан 1. 85 пен 15 - тің қосындысы неше? (100) 2. Суға қолыңды қай кезде кесіп аласың? (мұз кезінде) 3. 1 тәулік 6 сағатта неше сағат бар? (30 сағ) 4. Сайыскер - Әбдірәсіл Ғабиден 1. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? (барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы) 2. 1 ғасырда неше жыл бар? (100жыл) 3. Бір-бірімен жарысқан Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді? (8)



5. Сайыскер - Боларбек Нұрбек

1. Қарама - қарсы қабырғалары тең. Бұл қай фигура? (тіктөртбұрыш)

2. Қосудың неше қасиеті бар, ата. (2 ауыстырымдылық, терімділік)

3.Отыр еді 50 кептер, ұшып кетті 10 кептер, қайта қонды 5-еуі, қанша болды барлығы? (45)

3-ші бізде Қазақ тілі пәнінен 1 Сайыскер - Айдархан Әмірхан 1. Мәтін нешеге бөлінеді? (3) 2. Дыбыстар нешеге бөлінеді (2 дауысты және дауыссыз) 3. Аяқталған ойды білдіреді. (сөйлем)
2 Сайыскер - Ермек Темірлан 1. Дауыссыз дыбыс түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді) 2. йа дыбыстары естілгенмен, қай әріп жазылады? (я) 3. Сөйлем түрлерін ата (хабарлы, сұраулы, лепті)
3. Сайыскер - Абибулла Сұлтан 1. Сөйлем нелерден құралады? (сөздерден) 2. й қандай дыбыс? (дауыссыз үнді) 3. Жауап алу мақсатында айтылған сөйлем қалай аталады? (сұраулы сөйлем)
4. Сайыскер - Әбдірәсіл Ғабиден 1. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? (бөлек) 2. йу дыбыстары естілгенмен, қай әріп жазылады? (ю) 3.Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді қалай атаймыз? (хабарлы сөйлем)
5. Сайыскер - Боларбек Нұрбек 1. Сипаттау мәтіннің сұрағы? (Қандай?) 2. Сөз соңында б естілгенімен, қай әріп жазылады? (п) 3. Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді қалай атаймыз? (лепті сөйлем)

Жарайсыңдар, сайыскерлер, жарайсыңдар! Алдарыңда асулы талай шың бар Шығармысың ойыннан көрерменнің Ой білімді толғантуға қалайсыңдар?-дей отырып келесі 3-кезеңге көшейік 3-кезең: «Қанатты сөз қазына» Мың бір мақал 5 оқушы қағазға жазылған мақал тақырыптарын таңдайды. Сол мақал тақырыбы бойынша 4 мақалдан айтады. Мақал тақырыптары: 1. Еңбек туралы 2. Отан, туған жер туралы 3. Оқу, білім туралы 4. Әдептілік туралы 5. Тіл туралы

Еңбек туралы

1. Еңбегі аздың өнбегі аз

2. Ердің атын еңбек шығарады

3. Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады

4. Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ел көгерер

Отан, туған жер туралы

1. Ел іші алтын бесік

2. Жері байдың елі бай

3. Отан қуат, отбасы шуақ

4. Егемен елдің еңсесі биік

Оқу білім туралы

1.Оқу білім бұлағы

Білім өмір шырағы

2. Оқу инемен құдық қазғандай

3. Ақыл жастан, білім бастан

4. Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп

Әдептілік туралы

1. Әдепті бала - арлы бала

Әдепсіз бала - сорлы бала

2. Әдепсіз өскен баладан

Тәртіппен өскен тал артық

3. Әдепті бала ата-анасын мақтатар

Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар

4. Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергенің

Тіл туралы

1.Өнер алды қызыл тіл

2. Тіл тас жарады

Тас жармаса бас жарады

3.Шешеннің тілі ортақ

4. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір

4- кезең: «Сөз ойла- тез ойла» ойыны

Ойын толық жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып - деп мен сайыскерлерге қағаз тілшелерін таратайын.

А Б Қ С М

Сайыскерлер сол әріп бойынша жауап береді

А 1. Қазақстан Республикасының астанасы (Астана) 2. Қадірлі жан (Ана) 3. Математикалық амал (азайту) Қ

  1. Атақты күйші (Құрманғазы)
2. Математикалық амал (қосу) 3. Сүттен алынған тағам (қаймақ) Б 1. Оқу білім . . . (бұлағы) 2. Қазыбек, Әйтеке, Төле бұлар (билер) 3. Бала тілі - . . . (бал) С 1. Уақытты немен өлшейміз (сағат) 2. Сүтті қай төл береді? (сиыр) 3. Қоянның сүйікті асы (сәбіз) М 1. Білім беретін орта (мектеп) 2. Көне заттарды сақтайтын орын (мұражай) 3. «Халықтың ерке қызымын» әнін орындайтын әнші? (Мақпал Жүнісова)
Ал енді «Тапқыр достар» ойынын ойнасақ. Мен сұрақтар қоям, ал сендер осы әріптер бойынша жауап бересіңдер. 1. Сенің атың кім? 2. Сенің сүйікті тамағың? 3. Сен қай көшеде тұрасың? 4. Сен қай қалада тұрасың? 5. Сенің жасың нешеде? 6. Сенің сүйікті демалыс орның? 7. Сенің жан досыңның аты кім? 8. Сен неде жатып ұйықтайсың? 9. Сен қай түсті ұнатасың? 10. Сен болашақта кім боласың?
Әділ қазы алқасы сайыскерлеріміздің жалпы ұпайын анықтағанша, сынып оқушыларының өнерлерін тамашалайық.
Жүзден жүйрік сыныптан тыс іс-шара






Жүзден жүйрік сыныптан тыс іс-шара




Жүзден жүйрік сыныптан тыс іс-шара




Жүзден жүйрік сыныптан тыс іс-шара




Жүзден жүйрік сыныптан тыс іс-шара

© 2010-2022