Қ дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қ дыбысы мен әрпіҚ дыбысы мен әрпіСабақтың тақырыбы: Қ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Қ дыбысы және әрпімен таныстыру. Қ дыбысына тіл ұстарта отырып сөз құрату, буындарды оқу, Қ дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Қ әрпінің жазба түрін жазуға үйрету. Ұқыпты, таза жазуға тәрбиелеу. Астананың көрікті жерлерімен таныстыру.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық мәдениетімізді құрметтеу.

Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық
Қуанамын менде

Қуанасыңсен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

Қазір бізде әліппе сабағы. Әліппе сабағынан не үйрендіңдер?
Дыбыстарды айтып, әріптерді жазып үйрендік. Буынға бөлуді, сөйлем құрауды үйрендік.

Өткен сабақты пысықтау.

1. Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз)
2. Әріп дегеніміз не? (Көреміз жазамыз, айтамыз)
3. Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз)
4. Дауысты дыбысты қандай түспен белгілейміз?
5.Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?

6.Дыбыстың таңбасы не?

7.Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?

8.Сөзден не құралады?

9. Сөйлем қандай әріптен басталады?

10. Сөйлем соңына не қоямыз?

Енді өткен дыбыстарды қайталау үшін тақтаға қарайық.

Берілген дыбыстардың дауысты, дауыссызын ажыратып, шеңберге орналастырамыз.

Венн диаграммасы

Дауысты дыбыстар:а, о, ы, і, ә, ө,у

Дауыссыз дыбыстар:р,л,ш,с,д,т,м,н,ң,ғ,ж,у,

Жаңа сабақ

Жоғары қарап күн көрдім

Төмен қарап жер көрдім

Оңға солға бұрылып

Егеменді ел көрдім

Егеменді ел дегенді қалай түсінесіңдер?

Егеменді ел дегеніміз Қазақстан Республикасы. Қазақстан біздің отанымыз

- Осы сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
- «Қ» дыбысы.
Бүгін осы Қ дыбысымен танысамыз. Міне, мынау әріп таңбасы баспа түрі . Қ- бас әрпі. қ- кіші әрпі. Кәне, балалар айтып көрейікші

Қ дыбысын көк түспен белгілейміз .
Өйткені Қ дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс. Қ дыбысын айтқанда тіліміз артқа тартылады, ерніміз созылады, тістің арасы ашық, тілдің ұшы астыңғы тіске тиеді, тілдің түбірі таңдайға тіреледі. Дем жоғары көтерілгенде тіл мен таңдай арасынан атылып шығады.
Сөздің басында, сөздің ортасында және соңында кездеседі.Сөздің аяғында кездескенде қ дыбысы өзгеріске ұшырап, ық болып оқылады. Тақтаға қарайық. Ненің суретін көріп тұрсыңдар? Қуыршақ сөзін буынға бөлейікші . Қ дыбысын естіп тұрсыңдар ма? Нешінші буында естіліп тұр? Осы қуыршақ текшемен жазып, дыбыстық талдау жасайық.

қала, , қуыршақ, қасқыр, тауық суреттерін көрсетіп,буынға бөліп, текшемен жазу,дыбыстық талдау жасау.

Мәтінмен жұмыс

Егеменді ел дегеніміз Қазақстан. Қазақстан біздің отанымыз, біздің еліміз, туған үйіміз, туып өскен жеріміз деп айтып кеттік.

-Қазақстан Республикасының Президенті кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

-Ту, Елтаңба, Әнұран

-Біздің елордамыз, бас қаламыз қай қала?

-Отан ,Астана туралы кім тақпақ біледі?

Отанымның төрінде

Сары арқаның өрінде

Ту ұстаған Астанам

Әсем, қалам, бас қалам

Отан деген атамекен

Отан деген туған жер

Отан ана, отан үлкен

Қазақстан туған ел

Алтын орда Астана

Ғасыр үні бастама

Есіл бойын жағалап

Көз тартады бас қала

Астана арман қала

Бағы бір жанған қала

Тұрады ол жап- жас болып

Мен үлкен болғанда да

Астана- елімнің бас қаласы

Астана- ән қала

Астана- сән қала

Еліңмен егеменді өркендей біл

Ақ қала, Арман қала, Астана

Мәтінмен жұмыс

Бағандап оқу .Түсінбеген сөздерді айту, мағынасын түсіндіру (қоға, ноқта)

Дәптермен жұмыс

Енді дыбыстың таңбасы қ әрпінің жазылуын үйренеміз..

Қаламды жазу жолының жоғарғы сызығына қойып, тік қиғашпен төмен түсіп, қайтадан әріп ортасына дейін көтеріліп, қиғашпен оңға-жоғары көтеріліп, жол сызығына келіп, сәл төмен түсеміз. Қаламды алып, әріп ортасына қойып, "орындық " жасап, аяғын ілмектеп,төменгі қосымша жолдан "ілмек жіп"жалғаймыз.

Ауада жазу

Би "Қара жорға"

"Кім шапшаң"ойыны

Буыннан сөз құрау

Қа- ра Қа-ла Қа-лам Қа-сық

Қо- ра Қо- ға Қо-ла

Жаңа әріпті тап

Қарлығаш, қарындаш,оқушы, қар, тақта (сөйлем құрау)

Сабақты қорытындылау

Балалар, бүгін қандай әріппен таныстық?

Қандай текшемен белгіледік?

Қандай сөздер үйрендік?

Венн диаграммасы А,ә,ө,ы,і,о, н,ш,д,ж,т,р,с,м,л,у,ң,ғ,



© 2010-2022