Дауыссыз қ мен ғ, к мен п

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ, к мен г.

Қайталау

Сабақтың мақсаты: оқушыларды сөз құрамында келетін қ, ғ мен к, г дыбыстарын бір-бірінен ажыратуға, сауатты жазуға дағдыландыру; оларға к, г дыбыстары жіңішке буында, қ, ғ дыбыстары жуан буында жазылатынын түсіндіру; сөз соңындағы қ, к дыбыстарының қай жағдайда ғ, г - ге айналатынын еске түсіру.

Сабақтың әдістері: топтық жұмыс, «Білемін. Білгім келеді. Не үйрендім?» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту

Топтарға мынадай тапсырмалар беріледі:

Қатаң, ұяң дауыссыз дыбыстарды топтап жаз және жұбы жоқ қатаң дауыссыз дыбыстарды анықта (п-б, ф-в, к-г, қ-ғ, к - г, т-д, ш-ж, с-з, һ-х. Жұбы жоқ қатаң дауыссыздар: ц, ч, щ).

Алдымен әр топтағы оқушылар өз бетінше орындайды, содан кейін жалпы талқылап, бірін-бірі толықтырып, әр топтан бір оқушы сөйлейді.

Мағынаны тану кезеңі

Мынадай кесте ілінеді:

Қ, ғ дыбыстары бар сөздер

К, г дыбыстары бар сөздер

қараңғы жарық

қолғап алғыс

қарақат ағын

ғалым ақша

орақ - орағы

қалақ - қалағы

күрек үлгі

кедергі шекер

көгер егін

өлке егер

шелек - шелегі

тілек - тілегі

Кестенің әр бөліміндегі сөздерді алдымен әр оқушы жеке оқып салыстырып, сосын қ, ғ, к, г дыбыстарының ерекшеліктеріне, яғни қ, ғ дыбысының жуан буындарда, к, г дыбыстарының жіңішке буындарда болатынына және қ, к дыбыстарының к, г дыбыстарына өзгеретініне жалпы сыныптың назарын аудару керек.

Төменде берілген кестенің «Білемін» деген бөліміне осы дыбыстар туралы өздерінің білетіндерін толтырады. Содан кейін әр бала топта өз білімін ортаға салады. Олар ортақ кесте толтырып, алған білімін сыныппен бөліседі. Осы дыбыстар туралы тағы не білгісі келетінін екінші «Білгім келеді» бөліміне жазады.

Білемін

Білгім келеді

Не үйрендім?

1.Қ,к-қатаң, ғ,г-ұяң дауыссыз дыбыстар.

2.Қ,ғ дыбыстары жуан буында,к,г дыбыстары жіңішке буында жазылады.

З.Қ,к дыбыстарынан кейін дауысты дыбыс тіркелсе, олардың орнына ғ,г жазы-лады, т.с.с.

«Білгім келеді» бөліміне жазған сұрақтарына сабақ барысында жаттығуларды орындау кезінде жауап іздейді. Кейбір сұрақтарға жауап беруге мұғалім көмектеседі. «Не үйрендім?» бөлімі сабақты қорытындылау кезінде толтырылады. Оған оқушылар бұрынғы білетініне қандай жаңа білім қосқанын жазады.

Бұл кезеңде оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындағаннан кейін, оқушылар оз қорытындыларын айтып, дәлелдейді. Бұл оқушыға берілген білімнің дағдыға айналуына әрі оқушының өз пікірін баяндау қабілетінің дамуына жағдай жасайды.

Ой толғаныс

Бұл кезеңде оқушылардың қ, ғ, к, г дыбыстарына қатысты білім, біліктері жинаңталып, қорытындыланады. Кестенің «Не үйрендім?» деген соңғы бөлімі толтырылады.

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз л мен р, н мен ң. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың үнді дауыссыз дыбыстар туралы алған білімін пысықтау; л, р дыбыстарының сөз басында жазылу мен айтылу ерекшелігін түсіндіру; сөз ішінде кездесетін н, ң дыбыстарын ажырата білу.

Сабақтың барысы:

Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс

I. Кіріспе бөлім.

Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар үннің қатысына қарай үшке бөлінеді. Оқушылардың осы жайлы алған білімін пысықтау үшін тақтаға темендегідей кесте ілініп, оны оқушылар толтырады (кестені дәптерге жаздырудың қажеті жоқ. Жұмыс тақтада орындалады).



Дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыз дыбыстар: қ, к, ...

Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, ...

Үнді дауыссыз дыбыстар: л, м

2.Негізгібөлім.

Бүгін үнді дауыссыз дыбыстардың жазылу емлесіне тоқталамыз. Үнді дауыссыз дыбыстар қалай естілсе, солай жазылады. Бірақ кейбір үнді дауыссыз дыбыстардың жазылуында ерекшелік бар. Ң дыбысы сөз басында келе ме? Осыған мысал келтіре аласыңдар ма?

- Ң әрпі ешуақытта сөз басында жазылмайды. Ол сөздің ортасында, соңында келеді.

- Л, р дыбыстары сөздің басында келетіндей бірнеше мысал келтіріңдер (рұқсат, лай, ... ).

- Рұқсат, лай сөздерінің жазылуы мен айтылуы бірдей ме? Сөз басында қандай дыбыс естіліп тұр? Бұл сөздер естілуі бойынша жазылама?

Оқушылар мысал келтіре отырып, үнді дауыссыздардың жазылуындағы ерекшеліктерді өздері айтуы керек.

- Л, р дыбыстары сөз басында келсе, айтылуында олардың алдында ы, і, ұ, ұ дыбыстары естіледі, бірақ олар жазылмайды.

Үнді дауыссыздар бойынша 2-сыныпта алған білімін толық еске түсіргеннен кейін, оқушылар оқулықта берілген жаттығу жұмыстарының көпшілігін өз беттерінше орындай алады.

3-жаттығуды орындауға ерекше көңіл аударған дұрыс. Мұнда л, р дыбыстарының алдында ы, і дыбыстары келетін сөздер мен ы, і дыбыстары естілгенімен, жазылмайтын л, р дыбысынан басталатын сөздер екі бағанда берілген. Оқушылардың түсінігінде л мен р дыбысынан басталатын сездердің алдына әрқашан ы, і дыбыстары жазылмайды деген түсінік қалмауы керек.

Н, ң дыбыстары сөз ішінде келсе, жазуда оқушылар жиі қате жібереді, сондықтан сөздік диктантын жаздыруға көңіл бөлген дұрыс. Соңынан ң дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдауды үйреткен жөн.

Сабақты қорытындылау

- Л, р дыбыстары сөздің басында келсе, олардың айтылуында қандай дыбыстар естіледі?

- Ң дыбысы екі дауысты дыбыстың ортасында келетін сөздер қалай тасымалданады?

Оқушылардың жауаптары толықтырылып, сабақ қорытындыланады.

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасын қайталаймыз

Сабақтың мақсаты: сөйлемнің сөздерден құралатыны және ондағы әрбір сөздің белгілі бір мағынасы, қызметі болатынын, ал сөйлем құрамындағы сөздердің сол мағыналарына сай түзілетіні туралы түсінік беру; сөздерді дұрыс қолдана білу, сөйлемді сауатты құра білуге дағдыландыру.

Сабақта қолданылатын әдістер: «Топтастыру», «Қарама-қарсы элементтер», «Соңғы сөзді мен айтамын», «Бес жолды өлең» стратегиялары.

Сабақтың барысы: Қызығушылықты ояту

Әр топ кестені толтыру барысында 2-сыныпта алған білімін жинақтап, кеңейте түседі. Кестенің екінші, үшінші бөлімдерін оқушылар өздері толтырады.

Дыбыстар

Сөздер

Сөйлем

а-п-а-й

с-ы-н-ы-п

к-і-р-д-і

апай

сынып

кірді

Апай сыныпқа кірді.

Жеке тұрғанда мағынасы жоқ. Дыбысталады, әріппен таңбаланады.

...

...

Мағынаны тану кезеңі

1.Әр топ төмендегі сөздердің бірнеше мағынасын тауып, топтастыру жасайды Мәндес сөздерді табуға арналған жаттығуларды орындау кезінде топтастыру тәсілін қолданған дұрыс.

Ал қарама-қарсы мағыналы сөздерді табуға арналған жаттығуларды орындағанда «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясын қолдануға болады.

Мысалы:

қыс жаз Оқушылар бұл сөздердің неге

күн түн қарама-қарсы мағыналы

жіңішке жуан сөздер деп аталатынын

биік аласа дәлелдейді.

ыстық суық

Дауыссыз қ мен ғ, к мен п

Сөздің мағынасын анықтауда «Соңғы сөзді мен айтамын» стратегиясын қолдану тиімді. Барлық оқушыға бірнеше бөлікке бөлінген бір-бір қағаз таратылып беріледі. Ол қағаздарға жаттығулардағы мағынасы қиын сөздер жазылады. Оқушылар қағаздың екінші бетіне ол сөздердің түсіндірмесін жазады. Топ мүшелерінің әрқайсысы өз түсіндірмесін оқиды. Олар ішінен ең дұрыс түсіндірілгенін таңдап алады.

Ой толғаныс

Әр топқа «Бес жолды өлеңді» толтыру ұсынылады.

Зат есім (1) теңіз

Сын есім (2) мөлдір, көк

Етістік (3) толқиды, тулайды, тербеледі

Сөйлем (4 сөз) Көгілдір теңіз қандай тамаша!

Мәндес сөз (1) су

Әр топқа зат есім сөз беріп, осындай тапсырма орындатуға болады.

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамын қайталаймыз

Сабақтың мақсаты: қазақ тілінде сөз құрамы түбір сөз, түбір мен қосымшадан (жұрнақ, жалғау) тұратынын оқушылардың естіне түсіру.

Сабақтың барысы:

1.Түбір, жұрнақ, жалғау туралы алған 2-сыныпта білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.

- Түбір деген не?

- Түбірге қосылатын бөлшек қалай аталады?

- Жұрнақтың жалғаудан ерекшелігі неде?

- Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады?

2.Тақтаға мынадай кесте ілінеді, оқушылар оны толтырады.

Түбір сөздер

Қосымшалы сөздер

Ана, кітап, топырақ, ...

Би-ші, алма-лар, жазу-шы-лар, ...

Оқушыларға кестедегі түбір сөзді оқытып ондағы буындар мен дыбыстарды анықтау. Содан кейін оқушы ол сөздің бір дыбысын алып тастап айтып, оның мағынасы болмайтынын байқайды. Яғни түбір сөздің бөлшектеуге келмейтіні еске түсіріледі.

Оқушылар екінші бағандағы сөздерді оқып, қосымшасын табады. Қосымшалардың жалғау және жұрнақ болып бөлінетіндігін айтады. Кестедегі сөздердің түбірі жалғауы мен жұрнақтарын тиісті белгілермен белгілейді.

3. Оқулықтағы жаттығуларды орындау тапсырма ретінде беріледі.

4. Сабақты қорытындылау.



© 2010-2022