Бейнелеу Тақырыбы: «Көйлекті әшекейлеу»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КМҚК «Дәншік» балабақшасы

«Айгөлек» естияр тобы

Бейнелеу

Тақырыбы: «Көйлекті әшекейлеу»





Тәрбиеші: Бокина Х.М





Самар ауылы / 2014 - 2015 жыл/

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Бейнелеу

Тақырыбы: Көйлекті әшекейлеу .

Мақсаты: Заттардың формасын түсін бағдарлай білуге үйрету қағаздан қиылған көйлектін түсіне лайық нүктелер салып өрнектеу , қиылған дөңгелектерді жапсыру .

Қостілдік компонент:

Көйлек - платье

Бояу -краска

Желім -клей

Қажетті құралдар: қағаздан қиылған көйлектер ,бояу , желім ,қылқалам , тампон , жапсыруға арналған дөңгелектер .

Іс-әрекет кезені

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру іздестіру









Рефлесифтік түзетуші



Шаттық шеңбері .

Армысың Аспан -ата !

Армысың Жер -ана

Армысың алтын күн .

Қайырлы таң ,қайырлы күн.

Қуантады күн бүгін .

Қонаққа Күлше қыз келеді . Балалармен амандасады. Күлше қыз неге көңілсізсін не болды ?

Балалар Күлше қыздың тойға киетін көйлегі жоқ екен біз, Күлше қызға көмектесейік пе ? Әдемі көйлек сәндейік. Ал енді өз қалауларын бойынша кім сурет салады бірінші қатардағы үстелге кеіп отырындар , кім жапсырғысы келеді екінші қатарға отырындар

Бірінші топ тампонды қолданып бояумен нүктелерді салады .

Екінші топ көйлекті дөңгелектермен әшекейлеп жапсырады Күлше қыз балалардың жұмысын көреді. Балалардын жұмысын мақтайды . Сен әдемі салып жатырсын . Қандай әдемі таза жапсырып жатырсын .

Балалардың жұмыстарын қойып Күлше қыз таңдайды. Балалар өз жұмыстсры туралы айтады .

Балалар қазір бір сыйқыр болады, барлығымыз көзімізді жұмамыз бір , екі үш дегенде ашайық . Осы кезде Күлше қыз ауысып басқа әдемі қыз боп шығады.

Күлше қыз қандай әдемі болып кетті , ол енді тойға барады . Сендердін көмектеріне рахмет . Балаларға рахмет айтып Күлше қыз шығып кетеді.

Балалар қандай сабақ болды ? Қандай жұмыс жасадық . Көйлекті кімге сыйладық ?

Сендерге сабақ ұнады ма ?

Көп рахмет сабаққа жақсы қатыстындар .

Балалар қарайды амандасады

Өз қалаулары бойынша жайғасып отырады

2-3 баланың жауабы.



Балалардың жауабы.



Жапсыру,сурет салу, көйлек сәндедік.

Күтілетін нәтиже: Нені біледі? Тәрбиешінің айтқан сөзін т үсініп дұрыс әрекет жасай біледі.

Нені игерді: Көйлекті әшекейлеуді.

Менгерген дағдылар мен іскерліктері: Жапсыру әдістерін менгерді .

Тампон мен жұмыс жасау әдісін менгерді.



© 2010-2022