Открытый урок на тему Щ дыбысы мен әрпі (1класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок на тему Щ дыбысы мен әрпі (1класс)Сабақтың мақсаты: Щ дыбысы мен әрпін қайталай отырып, сөздерді дұрыс

оқуға, сөйлемдер құрауға, сөздерді буынға бөлуге,

әріптерді дұрыс таңбалауға үйрету.

Сөздік қорларын дамыту, сабаққа деген қызығушылық-

тарын ояту, ойлау, шығармашылық қабілеттерін

арттыру.

Әдемі, таза, шапшаң, қатесіз жазуға, түзу отыруға, шы-

дамдылыққа, сыпайылылыққа, отан сүйгіштікке тәр-

биелеу.

Түрі: ойын сабақ

Көрнекілігі: слайд, карта, елбасының суреті,ашық хат, хат

Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сабаққа дайындық.

  2. Психологиялық дайындық.

  3. «Қазақстан» туралы тақпақ оқу

Орманы кең, бұлағы күміс,

Бұлбұлы жыршы, ұл-қызы керім.

Таулары заңғар, өзені ырыс,

Қазақстан Республикам менің!

  • Өлең не туралы?

  • Қазақстан туралы не білесіңдер?

  • Бұл кім ? (елбасының суретін көрсету)

  • Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне неше жыл болғанын тойлаймыз?

  1. Осы тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арнап, елбасымыздан Н.Ә.Назарбаев сендерге хат жазыпты. (хатты оқу). Ол кісі хатында былай депті: «Құрметті 1 - сынып оқушылары! Сендер биыл тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай сендер де мектеп табалдырығын алғаш аттап отырсыңдар. Біздің болашағымыз сендер болғандықтан, осы күнге дейінгі алған білімдеріңді білгім келіп тұр. Сол үшін сендерге 20 жылдықтың белгісін сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларға ұсынамын, егер сабаққа белсене қатысып отырсаңдар, сабақ соңында сендерге арнаған сыйлығым да бар. Істеріңе сәттілік тілеймін.»

  • Елбасымыздың айтқанын орындаймыз ба?

  • Онда сабаққа қолымызды көтеріп, орнымызда айғайламай, қол көтеріп жауап берейік. Дұрыс орындаған оқушыларға 20 жылдықтың белгісін ұсынамын.белгіні кім көп жинайды екен. Білімнің шыңына жету үшін білімдерімізді ортаға салайық.

II. Өткенді қайталау .

  • Мынау қай елдің картасы?

  • Қазақстан Республикасының бас қаласы қалай аталады?

  • Астана қаласы қай жерде орналасқан?(контур картаға Астана жазуын жабыстыру)

  • Ал, осы біздің байтақ еліміздегі ең ірі көл қалай аталады?

  • Ол жеріміздің қай жағында орналасқан?(тақтаға сұлбасын ілу)

  • Шығыс жақ жағалауының суы қандай?

  • Батыс жақ жағалауының суы қандай?

  • Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген.

Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар.

Бұдан көп ғасырлар бұрын көлдің батыс жағалауында мыңды айдаған бір байдың ай мен күндей сұлу, ақылы асқан, келбеті жарасқан қызы болыпты. Қыздың аты Балқия екен. Ата-анасы, ауыл аймағы еркелетіп, оны Балқияжан, Балқаш деп атап жүріп ақырында Балқаш деп атап кетіпті.



  • Балқаш көлінде нелер өмір сүреді?

  • Балқаштан балықшылар нелер аулайды?



  • Онда біз де балықшылар сияқты балықтарды аулау арқылы білімімізді көрсетеміз. Ол үшін мына Балқаш көліндегі балықтардың сендерге арналған ойын тапсырмалары бар, соларды бір-бірден алып, ойнай отырып, өткен сабақты қайталаймыз.

  • Балық аулаймыз ба? Онда кірісейік.

  • Онда маған мына сұраққа жауап беріңдер. Балқаш көлінің суы екі түрлі дедік. Олар қандай, атап жіберіңдер.

  • Иә, дұрыс айтасыңдар, шығыс жақ жағалауының суы қандай еді?

  • Ал, батыс жақ жағалауының суы қандай еді?

  • Осы «ащы, тұщы» деген сөздерде ерекше қандай дыбыс естіліп тұр?

  • Сонымен өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?

  • Щ қандай дыбыс?

  • Щ дыбысына байланысты қандай сөздер білесіңдер?

  • Орыс, украин ұлттарының тағамдарын қалай атаймыз?

  • Щетканың қандай түрлері болады?

  • Мыналар нені тазалайтын щеткалар?

Енді мына балықтарды дұрыс аулау үшін, берілген ойындарды дұрыстап ойнауымыз керек.

1 - балықтың тапсырмасы: «Жылдам оқы» ойыны. Онда мына экранға қарайық. Сендерге бір-бірден сөздер беріледі соларды қатесіз оқып, буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайсыңдар. Яғни неше дауыссыз, неше дауысты дыбыс бар екенін айтасыңдар. Дайынбыз ба, онда кірісейік.

А щы - 2 буын, 2 дауысты, 1 дауыссыз дыбыс бар.

Тұ щы - 2 буын, 2 дауысты, 2 даыссыз дыбыс бар.

Щет ка - 2 буын, 2 дауысты, 3 дауыссыз дыбыс бар.

Борщ - 1 буын, 1дауысты, 3 дауыссыз дыбыс.

Щеткалар - 3 буын, 3 дауысты, 5 дауыссыз дыбыс.

Сергіту сәті.

2 - балықтың тапсырмасы: «Түсіп калған әріпті тап» ойыны. Ойынға кіріспей тұрып, дәптерімізді ашып, үй жұмысының астынан 1 жол қалдырып, екінші жолға нүкте қоямыз. Онда экранға назар аударайық. Онда сөздер беріледі, арасында 1 әрпі жоқ. Соны дұрыс тауып, дәптерімізге жазамыз.

Балқа..., бор..., ...етка, бал...қ, а...ы, тұ...ы. Бас әріптен бастап жаздырту.

3 - балықтың тапсырмасы: «Кім жылдам» ойыны. Маған мына сұраққа жауап беріңдер.

  • Щ дыбысына байланысты қандай тақпақпен таныстық?

  • Жаттап келдік пе?

  • Онда кім жатқа, мәнерлеп айтып береді?

Сергіту сәті.

4 - балықтың тапсырмасы: «Ойлан, тап» ойыны. Барлығымыз маған қарап мұқият тыңдап отырымыз. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, жауабын тапсаңдар, сол сөздің соңындағы әріптерді атап, мына төр көздерге бір-бірден жабыстырсақ, сөз шығады.




  • Киімді тазалайды.

Тісті де тазартады.

Бұл не? Щетка

  • Қалалы жерде болады,

Адамдарды тасиды.

Бұл не? Автобус


  • Бұл не деген көп киім.

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтеді,

Түймелеуге жетпейді. Қырыққабат

  • Гүлге қонады,

Гүлдің қонағы.

Үйіне кірсең,

Бөшкелер балға толады. Ара

  • Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. Күн

  • Әншейінде жекесің,

Қарай қалсаң екеусің. Айна

Енді кез келген уақытта бас қаламыз Астана қаласына келіп, оның кез келген әсем жерлеріне бара аламыз. Өйткені сендерге берілген тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.

III. Қорытындылау.

  • Сонымен қандай дыбысты қайталадық?

  • Ол қандай дыбыс?

  • Енді сендерге таратып берген белгілерді санап шығыңдар. Кім көп белгі жинағанын анықтайық.

  • Міне, осымен Елбасымыздың сендерге қойған тапсырмаларын орындап, білімімізді көрсеттік. Және де Елбасымыз сендерге осы мектептегі әрбір қадамдарыңа нұр жаусын деген тілек айтып, сабаққа белсене қатысқандарын үшін сендерге ашық хат ұсыныпты.

  • Осымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған сабағымыз аяқтаоллды.

  • Барлығымыз орнымыздан тұрып, қонақтарымызды шығарып салайық.



© 2010-2022