«Ұстазым – ұлағатым, үлгі өнегем» тәрбие сағатыны жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сыныбы:

Тақырыбы: «Ұстазым - ұлағатым, үлгі өнегем»

Мақсаты:

Ұстаздың ұлы жолын дәріптеу. Ұстаз туралы ұлы сөздер мәйегін жеткізу.

Ұстаз -ана, ұстаз-дана, ұстаз- қамқоршы деген ой қалыптастыру.

Оқушылырады ұшқырлыққа, байқампаздыққа, имандылыққа баулу.

Барысы:

Кірспе сөз.

Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірдің биігіне жол сілтейтін Ұлағатты ұстаздар!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші:

Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,

Сіздермен тола берсін ортамызда.

Бүгінгі ел басқарған азаматтар,

Білім алған сіздердің арқаңызда.

(Оқушы сырттан, үзілістен асыға кіреді, қолында плакат, плакатты тақтаға іледі де, былай дейді:

Достар қараңдаршы:мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

Оқушылар: Мұғалім мен оқушыны.

Ә.Нұрай: - ия достар, бұл суретте аяулы ұстаз бен білімді шәкірт бейнеленген.«Ұстазым – ұлағатым, үлгі өнегем» тәрбие сағатыны жоспары

Әл-Фараби атамыз өзінің бір сөзінде былай дейді:«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек -дана адам» деген. Білесіңдер ме балалар! Бүгін ұстаздар мерекесі

Оқушылар :Білеміз,білеміз

Олай болса қазір ұстазға тосын сый жасаймыз.

Оқушылар: Қандай?

Қазір мұғалім кіріп келгенде Мерекеңізбен! -деп, «Ұстазға мың тағзым» деген ән шырқаймыз.

Оқушылар: Жарайды!

Мұғалім -Балалар осындай тосын сый жасау қайдан ойларыңа келе қойды.

Мұғалім! Ұстаздардың асыл бейнесі әрқашан біздің есімізде!

мұғалім: Олай болса ұстаздар туралы тағы қандай өлең -сөздер білесіңдер?

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Асыға сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй,асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.

Оқыттыңдар, ұл -қызым деп,

Күлімдеген ұстаздар.

Ән арнадық арнайы

Тағзым ете ұстаздар!

Қыр-сырын зерттеп заманның

Ұлылығын айтып бабамның.

Өнерге өріс беретін

Барометрі сенсің адамның.

Жүнісхан Нұрай:

Білімнің кәусар бұлағын,

Жүресің құйып санама.

Біз үшін сенсің - мұғалім,

Ұстаз да, ғалым, дана да.

Ақыл білім көп бердің,

Анамдайсың мектебім.

Сенде өсіп көктедім.

Сенсің өмір көктемім.

Сағыныш сазы толқытқан,

Арнамақ сөздің мәйегін.

Шәкірттерін оқытқан

Келіп тұр жолдап сәлемін.

Көзге ыстық көрінер,

Оқулығы,партасы

Оқу қызық болғаны,

Мұғалімнің арқасы.

Күнім деген күлімдеген

Қамқор болған ұстазым

Жаны жайсаң, жайдары жан,

Ұғындырған сөз сазын.

Ұмытпайм

Ғылым иесі - ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де - бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді.

Құрметті бүгінгі мереке иелері-Ұстаздар! Біздің ортамызда жүрген ардагер ұстаздарымызды ерекше құттықтауға рұқсат етіңіздер.

Ұл-қызын мәпелеп аялаған,

Досынан қол көмегін аямаған.

Бүгінде ортамызда .............апай,

Мектеп үшін еңбегін аямаған.

Білім, өнер, бәріне бар талабы,

Әрқашанда ашық-жарқын қабағы.

Күлжами апайдың әрбір берген сабағы

Мәңгі, мәңгі есімізде қалады.

Келешектің кезінде,

Кесіп айтар өзіңе

Өнеге мол өзінде

Өсиет көп сөзінде

Бар шәкірттің анасындай

Баян апай осындай.

Қазір алдарыңызда мерекелік тартумен «Арулар» тобы «Жау,жау жаңбыр» әнімен.

Сауле Каратаевна

Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген - анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

-дей отырып, қазір сынып оқушыларының атынан кішкентай ғана сый-сияпатымызды қабыл алыңыздар.

Оқушылар гүл шоқтарын таратады.

Ұстаз! Ұстаздық ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет-қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті патша да, бай да, батыр да атқара алмайды.

Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді.

Ұстазым екінші анам аялаған,

Біздерден бар білімін аямаған.

Оқысын, білім алып үйренсін деп,

Таңертең күнде құшақ жаяды алдан.-дей келе ұстаздар мерекесі аяқталмайды, мерекеге жалғаса береді. Алайда бүгінгі сыныбымыздағы ашық тәрбие сағатымыздың соңына келгеніміз анық. Сіздерге үлкен рахмет!!!

© 2010-2022