Ондықтарды қосу және азайту

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ондықтарды қосу және азайтуОндықтарды қосу және азайтуОндықтарды қосу және азайтуСабақтың тақырыбы: Ондықтарды қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Толық ондықтармен арифметикалық амалдар орындау дағдыларын қалыптастыру.

ә) Дамытушылығы: Логикалық ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту, оқушының белсенділігін арттыру, өзін-өзі бақылауды, бағалауды үйрету.

б) Тәрбиелілігі: Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге, өз жұмысын бақылауға, мақсатына жетуге ұмтылдыру. Қиялын дамытуға әсер етіп, Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа материалды игерту

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, тірек сызбамен жұмыс, топтық жарыс, ойын

Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, дүниетану

Көрнекілігі: «Болашақ» баспалдағы, тест, деңгейлік тапсырма парақтары, фишкалар,үнтаспа, әріптік нұсқалар.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.

Кезекшінің мәліметі.

Психологиялық даярлық.

Бізде бүгін ерекше сабақ, бізге қонақтар келді. . Енді Сіздерді қонақтармен бірге «Ертегілер еліне» саяхатқа шақырамын. Сіздер ертегілерді жақсы көресіздер ғой. Ал, ендеше саяхатты бастайық!

ІІІ. Өткенді қайталау.

- Бірақ, балалар, «Ертегілер елінің» қақпасы жабық екен. Оны ашу үшін сиқыр керек. Онда шатаспай қосуды және азайтуды тексеру ережесін айтып көрейік.

№1. Қосуды тексеру амалы?

1.Қосындының мәнінен қосылғыштардың бірін азайтқанда, екінші қосылғыш шығады. Қосуды азайтумен тексеруге болады. 4+а=7, 7-4=3

№2. Азайғышты табу үшін?

2. Айырманың мәніне азайтқышты қосқанда азайғыш шығады. Ендеше, азайтуды қосумен тексеруге болады. а-4=3, 3+4=7

№3. Азайтқышты табу үшін?

Азайғыштан айырманың мәнін азайтқанда азайтқыш шығады. Ендеше азайтуды азайтумен тексеруге болады. 4-а=2, 4-2=2

№4. Қосу амалы азайтуға, азайту амалы қосуға кері амал болып табылады. (Ашылмайды).

- Менің ойымша, бұл қақпаның құпия сөзін білу керек шығар. Сіздер қалай ойлайсыздар? Тауып көреміз бе?

Қорытынды (сұрақ-жауап)

Әр сұраққа жауап бенген сайын бір әрәп ашылып отырады

1. бір таңбалы сандарды өсу ретімен сана; Ж

2. Толық ондықтарды кему ретімен ата е

3. 2 онд. 7 бірл. санын тақтаға жаз. т

4. 47 бірлікті жаз і

5. 1 дм неше см-ге тең? л

6. Бір ондықта неше бірлік бар а

  1. Қосу компоненттерін ата , мысал келтір қ

- Енді барлығың тыныш отырыңдар! Қақпаға кілтті салып, ашады.

«Жеті лақ» ертегісінің суреті көрсетіліп тұрады. Балалар ертегіні ңгімелейді.

-Қасқыр лақты жеп қоймақшы ма? Біз де ертегілер елінде жүргендіктен сиқыр жасап, лақтарды құтқарайық. Сендердің топқа бөлініп отырған себептерің- топтық жұмыстарды, деңгейлік тапсырмаларды жылдам бірлесіп орындап лақтарды қасқырдан құтқарасыңдар.

Бір-біріне сәттілік тілеу:

Қайырлы таң, досым

Қайырлы күн болсын

Бүгінгі бейсенбі күні

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз

Кіл бестіктер болсын

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

179-беттегі №4 тапсырма әр топтан оқу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Қызығушылығын ояту

Ондықтарды қосу және азайту

2.Дәптермен жұмыс. Күн терін жазу.

Математикалық диктант: 6 онд+8 бір, 9бір+70онд, 40онд-5бір, 90онд-50онд,

3.«Көңілді санамақ» ойыны 1-топ 8-ді 10-ға арттыр, 25-ті 15-ке кеміт, 14-ті 10-ға арттыр, 30-ды 20-ға кеміт

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

-Міне балалар сендер ондықтарды азайтып қостыңдар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ондықтарды қосу және азайту». (Балаларды ондықтарды қарапайым жай бірліктер сияқты қосады, азайтады деген қорытындыға келтіру).


4.Оқулықпен жұмыс: №1Қалып қойған ондықтарды ата.

Ондықтарды қосу және азайту

5. № 2-тапсырма. Ертегі кейіпкерлерімен жұмыс.Тақтадан тапсырманы орындап газет бетіне құрастыру, атын табу.

Алғырлар Тапқырлар Зеректер

4+2 6-4 40+20

6-2 60-40 60-20

6дм-2дм 4дм+2дм 6дм-4дм

60см-20см 40см+20см 60см-40см

6. № 3-тапсырма.

Үшбұрышты 1-деңгей тапсырмалары:

1-ші бағанды ауызша орындату.

Алғырлар Тапқырдлар Зеректер

а) 40+30 50+20 60+30

30+40 20+50 30+60

70-30 70-50 90-60

70-40 70-20 90-30

Ондықтарды қосу және азайту

7.ә) Төртбұрышты 2-деңгей тапсырмалары:

ә) Ондықтары 2-ге тең болатын барлық екі таңбалы сандарды ата және жаз.

Ондықтары 3-ке тең болатын барлық екі таңбалы сандарды ата және жаз.

Ондықтары 4-ке тең болатын барлық екі таңбалы сандарды ата және жаз.

Білімді болу дегеніміз не?

- Білімді болу - бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады

8.Жұлдызша 3-деңгей тапсырмалары:

№ 4-тапсырма.

а)Балалар 30 жәшік алма және одан 10 жәшік артық алмұрт жинады. Балалар қанша жәшік алмұрт жинады?

Алма-30 ж.

Алмұрт-10ж. артық ?

Ш: 30+10=40

Ж:Балалар 40 жәшік алмұрт жинады.

б)Балалар 40 жәшік алмұрт және одан 10 жәшік кем алма жинады. Балалар қанша жәшік алма жинады?

Алмұрт-40ж

Алма-10ж кем ?

Ш: 40-10=30

Ж: Балалар 30 жәшік алмұрт жинады.

в)Балалар 40 жәшік алмұрт және 30 жәшік алма жинады. Балалар алмұртқа қарағанда неше жәшік алма кем жинады?

Алмұрт-40ж

Алма-30 ж. ? кем

Ш: 40-30=10

Ж:Балалар 10 жәшік алма кем жинады.

9.Сергіту сәті.

Ойын « Кім тез есептегіш?»

а) Аулада 5 үйрек,

Қорада 3 үйрек

1 үйрек тығылды

1 үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек?

ә) Ал, балалар, балалар

Қағаз бенен қалам ал

Екі ешкінің мүйізі

Кәне, кімдер табады

Сонда қанша болады?

б) 10 асықтың үшеуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

10.4-деңгей. Шығармашылық деңгей:

Сызба бойынша теңдеуді шеш.

Жаңа сабақты бекіту:

- Балалар, біз қандай жақсы істер істедік? Сендерге көп-көп рахмет! Сендер тапсырмаларды өте жақсы орындап ешкінің лақтарын қасқырдан құтқардыңдар. Ешкі орманнан сендерге балмұздақ әкелді.

Бағалау парақшасына әр баланың тұсына жинаған ұпайын жазу. Жеңімпаз топты анықтау. Мадақтау.

V. Сабақты қорытындылау.

Рефлексия:

Бүгін сабақ ұнады ма?

Несімен ұнады?

Қандай жаңа білім алдық?

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?

Біз бүгін өзіміздің біліміміздің арқасында «Білім шыңына» туымызды тіктік, яғни білім мен ғылымды дамытуға саналы серпіліс жасадық.



© 2010-2022