Дауыссыз б мен п

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 2 сынып Джанасова Сания Жанболатовна Күні: Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз б мен п Сабақтың мақсаты: Білімділігі: түбірдің соңындағы п дыбысына дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанған жағдайда п дыбысы б дыбысына өзгеретіндігін түсіндіру; басқа тілден енген, соңында б дыбысы келетін сөздердің жазылуын естеріне түсіру. Дамытушылығы: сөздік қорларын молайтып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: еңбексүйгіштікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, сергіту сәті, ребус шешу. Сабақтың тәсілі: жаппай, жеке. Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер, плакат, электрондық оқулық. Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру.

2. Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, достар!

Бүгінгі күн, міне,

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз

Кіл бестіктер болсын.

3. Үй тапсырмасын сұрау

86-жаттығу. Өзің білетін зиянкестер туралы әңгімеле.

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Жуан дыбыстыларды ата?

- Жіңішке дыбыстыларды ата?

- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Үнді дауыссыздарды ата?

- Ұяң дауыссыздарды ата?

- Қатаң дауыссыздарды ата?

4. Жаңа сабақ

1) Кіріспе бөлім.

«Орфографиялық сөздікте қалай жазылады?» тапсырмасы.

Тақтаға кейбір әріптері түсіп қалған сөздер жазылады.

кәсі... қалы... клу...

мекте... ғажайы... шта...

- Осы сөздер орфографиялық сөздікте қалай жазылады деп ойлайсыңдар? (Тақтаға оқушылар көп нүктенің орнына тиісті әріпті (п, б) жазады).

Сөздерді бірнеше балаға дауыстатып оқыту.

- Балалар, осы сөздердің соңында б дыбысы естіліп тұр. Ал сендер неліктен кейбір сөздердің соңына п, ал кейбір сөздердің соңына б әріптерін жаздыңдар? Сөз соңында б дыбысы естілгенімен, п әрпі және кейбір басқа тілден енген сөздердің соңында б әрпі жазылатындығы еске түсіріледі. П мен б дыбысына аякталатын сөздерге мысалдар келтірту.

Б мен п әріптері туралы не айтуға болады?

Б - ұяң дауыссыз дыбыс, ал п - қатаң дауыссыз дыбыс.

Күннің реті Көркем жазу

Дауыссыз б мен п

Суреттегі заттарды атау, оларға ы дыбысын қосып айтып көр.

Дауыссыз б мен пДауыссыз б мен пДауыссыз б мен п

Өлеңді мәнерлеп оқы.

Күзгі дала

Дала жатыр демалып,

Үлестіріп жемісін.

Дүниедегі ең алып

Осы дала мен үшін.

Алма сыйлап бөбекке,

Алма ағаштар сарғайған.

Төгілген тер шелектеп,

Елестеді маңдайдан.

(Тұманбай Молдағалиев) П әрпіне аяқталған сөздерді көшіріп жазып, п әрпінің астын сыз. Бұл сөздердегі п дыбысы қалай айтылатынын байқа. Ол дауыссыздардың қай тобына жатады?

Ереже: Сөз соңында б естілгенімен, п әрпі жазылады.

88-жаттығу. Көп нүктенің орнына п, б әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз. Оқылуы мен жазылуын салыстыр.

Әде..., тала..., жі..., шө..., қора... .

89-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.

Дауыссыз б мен п

Сергіту сәті

5. Өзіндік жұмыс

Төмендегі суреттерден штаб, клуб сөздерін оқуға болады. Қалай?

Дауыссыз б мен п

Штаб, клуб сөздерін п дыбысына аяқталған сөздермен салыстырып, қорытынды жасап көр.

Топ, штаб, шалап, қап, клуб, кәуап, қалып, сап, куб, тап, араб. Сөздерді көшіріп жазу, мағынасын түсіндіру. П-қатаң дауыссыз, б-ұяң дауыссыз. Кейбір сөздер ережеге бағынбайтынын ескерту.

Клуб, араб сөздеріне сөздік жұмысын жүргізу.

клуб - үйірме араб - ұлт

Штаб, куб. Бұлар - басқа тілден енген сөздер. Осы сөздердің жазылуын есте сақтауымыз керек.

Ереже

Клуб, штаб, куб, араб тәрізді кейбір сөздердің соңына б әрпі жазылады.

6. Сабақты қорытындылау.

Дауыссыз б мен п

  • Б қандай дыбыс?

  • П қандай дыбыс?

  • П мен б әріптерінің жазылуы туралы не айтуға болады?

7. Үйге тапсырма

91-жаттығу. Мұғалім, мектеп, оқу, талап, кітап тірек сөздерін пайдаланып, «Мектепте» тақырыбына әңгіме құра.

8. Бағалау.

© 2010-2022