«Сауат ашу» Тақырыбы: «Сөздер әлеміне саяхат»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Балауса» ортаңғы тобындағы оқу іс-әрекетіне

ұйымдастырылған технологиялық картасы.


Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Сауат ашу»

Тақырыбы: «Сөздер әлеміне саяхат»


Мақсаты: Балалардың сөйлем, сөз , буын, дыбыс туралы түсініктерін бекіту. Алма сөзін оқу, қанша дыбыстан құралғанын ажырату, талдау. Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, сөйлем құрастыруға дағдыландыру. Топпен жұміс істеуге, тапқырлыққа, достыққа тәрбиелеу.

Қос тілдік компонент: алма-яблока, дыбыс- звук, буын-слог, бақа-лягушка,

Аймақтық компонент: Біздің ауылымызда өсетін алма туралы білімдерін толықтыру.

Қажетті құралдар: сурет-схема, указка, қызыл, көк, қара текшелер. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық қозғаушы

Балаларды шеңбер бойына тұрып төмендегі өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды.

Сәлеметсіздерме қонақтар!

Здравствуйте!

Армысың, шапағатты күніміз,

Армысың, мейірімді жеріміз,

Армысың, табиғат анамыз.

Әдеппен бас иер баламыз.

Қазір балалар ойын ойнаймыз, қай дыбысты айтсам сол дыбыстан басталатын балалар орындарына отырады. (А, Д, Ж, Н) Балалар шеңбер бойына тұрып, төмендегі өлең жолдарын айтып, қимылдар жасап отырады.



Іздену-ұйымдас тырушы

Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біздің тобымызға көптеген қонақтар келіпті. Балалар бүгін ерекше күн болғандықтан, сабағымызда ерекше болмақ.

Осы кезде топқа бақа кіріп келеді. (бақаның бақылдаған дауысы естіледі). Балалармен амандасады.
-Көмектесіңдер, көмектесіңдер мен сұлу ханшайым едім, мені мыстан әжей сиқырлап бақаға айналдырып қойды. Мені қайтадан ханшайымға айналдыру үшін мыстан әжейдің берген тапсырмаларын орындауым керек. Тапсырмалары мына себеттің ішінде.

-Ал, балалар бақаға көмектесеміз бе?

-Олай болса мыстан әжейдің хаттағы

1-ші тапсырмасын орындайық.

-Балалар, біз бір-бірімізге ойымызды, пікірімізді білдіргіміз келсе не арқылы жеткіземіз?

-Сөйлем неден тұрады?

Бақа сөзімен сөйлемдер құрап, неше сөзден тұратынын айту.

-Сөйлем не үшін қажет? (біреу туралы, бір нәрсе туралы айту үшін қажет)

-Сөз неден құралады?

-Дыбыс деген не? (дыбысты естиміз, айтамыз)

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауысты дыбысты қызыл текшемен,

Дауыссыз дыбысты көк текшемен белгілейміз.

Дауысты дыбыс созылып, әндетіп айтамыз.

Дауыссыз дыбыс кедергіге ұшырайды. (тіс, тіл, ерін)

Жарайсыңдар балалар тапсырманы дұрыс орындадыңдар, енді 2-ші тапсырмасын орындап көрейік.

-Сөз неге бөлінеді?

-Бақа суда өмір сүреді. Сол сияқты суда өмір сүретін балықтың 2-3 түрін айтыңдаршы.

Буынды жалғастыр: Ал...(ма), қар...(ға), бал...(ық), шыр...(ша), тор...(ғай), үй...(рек), түл...(кі)

-Балалар жарайсыңдар тапсырманы барлығыңда дұрыс орындадыңдар. Кәне орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасап жіберейік. (бақамен бірге)

Сергіту сәті

Бақа, бақа балпақ,
Басың неге жалпақ.
Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ.

Бақа, бақа балпақ,
Көзің неге тостақ,
Қарауылды көп қарап.
Көзім содан тостақ.

-Балалар енді мыстан әжейдің

3-ші тапсырмасын орындап көрейік.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

Түсі қызыл,
Тамсандырар бал дәмі.
Домалақ пішіні,
Қызықтырар кісіні. Бұл не?

Балалар алманың орысшасы қалай? (яблока)


«Алма» сөзіне дыбыстық талдау жасау

Алма сөзінде неше дыбыс бар?

-Оны қайдан білдіңдер? Әр терезе 1 дыбыс үйі.

Өз беттерімен орындарында сөзді талдайды.

-Кәне қолдарыңа указканы алыңдар, сөзді отырып талдаңдар.екпін қою.

Тексеру, болған соң тақтаға шақырып, әр балаға талдату.

Алма сөзін оқып, 1-дыбысты а ерекше оқу, белгілеу дауысты

Сөзді оқып, 2-дыбыс л белгілеу дауыссыз

Сөзді оқып, 3-дыбыс м белгілеу дауыссыз

Сөзді оқып, 4-дыбыс а белгілеу дауысты

-Неше дауысты дыбыс бар?

-дауыссыз ше?

-екпін қай дыбысқа түсіп тұр? Қандай дыбыс?

Сөзді оқып, дауысты дыбыстарды алып тастаңдар.

Дауыссыз дыбыстарды алып тастаңдар.

Жарайсыңдар балалар жақсы орындадыңдар.

Енді 4-ші тапсырмасын орындайық.

Дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

«А» дыбысынан келетін сөз ойлап табайық.

Аймақтық компонент: біздің ауылымызда алма өсеме?


Балалар жарайсыңдар, енді соңғы тапсырмасын орындасақ бақамыз ханшайымға айналатын шығар.
-Балалар, сендер тәтті тағамдарды жақсы көресіңдерме? «Тәтті сөздер» дидактикалық ойыны Кәне, балалар ханшайымға тәтті сөздер сыйлайықшы.
-Міне балалар біз мыстан әжейдің хаттағы барлық тапсырмаларын орындағандықтан бақаны ханшайымға айналдырыпты. (музыка ойналады)


Ханшайым: -Ой балалар, жарайсыңдар! Сендерге көп рахмет. Мені мыстан әжейдің сиқырынан құтқардыңдар. Балалар, сендерге рақмет. Мен сендерге тек келмедім сыйлығымды ала келдім. Сабақтарың өте қызықты болды. Үйіме қайтайын. Сау болыңдар!












Иә көмектесеміз


Сөйлем арқылы Сөзден Бірнеше сөйлем айтады.



Дыбыстан Дауысты, дауыссыз






Буынға Са-зан, шор-тан, ала-бұ-ға
2ші буынды айтады






Балалар бақамен бірге өлең шумақтарын қимыл іс-әрекетпен орындайды.








Жұмбақтың шешуі - алма




төрт үйшік төрт дыбыс орындарында талдау жасау 2-3 балаға оқыту





2 дауысты, 2дауыссыз дыбыс бар 4 дыбысқа түсіп тұр
Тақтада 1 бала алады


Алма, алмұрт, арша, арыстан, аю, ара, арба








Банан, алма, кәмпит, қант, шырын, алмұрт, ананас, апельсин









Ханшайыммен қоштасады.





Қорытындылау.

  • Балалар бүгін бізге қандай қонақ келді?
  • Қандай сөзге дыбыстық талдау жасадық?
  • Мыстан әжейдің тапсырмалары ұнады ма?
Сендер сабаққа қалай қатыстыңдар. Балаларды ынталандыру үшін мадақтау сөздер айту.
Қорытынды сұрақтарға жауап береді. Сабаққа қалай қатысқанын айтады. Сабақ несімен ұнағандығын айтады.
Рефлексті - коррекция лаушы

Күтілетін нәтиже: Нені біледі: Сөз дыбыстан құралатынын, сөздің бөлігі буын екенін, сөйлем сөзден құралатынын. Қандай түсініктерді игерді: Сөздегі дыбысты естіп, оны созып айтуды. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сөзге дыбыстық талдау жасауды, берілген дыбысқа сөздер құрауға дағдыланды.



© 2010-2022