4 саны және цифры Математика

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:4 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты :а) 4 санының шығуы, 4 цифрын жазуға,4-ті 1,2,3 сандармен салыстыруға үйрету, төртбұрыштың элеменнтері туралы түсінік беру,есептерді орындауда амал таңбаларды дұрыс ажыратып қолдануды үйрету.

ә) Баланың ойлау қабілетін арттыру, шапшаң есептеуге үйрету, өз бетімен жұмыс жүргізуге баулу.

б) Табиғатты сүюге, қорғауға, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу. Көшеде жүру ережесін сақтауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: сандар, дидактикалық материалдар,суреттер,слайд тақта.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.

Сабақтың жүрісі:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың оқу-құралдарын түгендеу,сабаққа дайындау.

-Балалар, біз бүгінгі сабақтың жүрісін аңдардың тапсырмалары бойынша орындаймыз.

Ол тапсырмаларды бізге кірпі алып келіпті.

ІІ Өтілген материалдарды пысықтау.

  1. Аюдың тапсырмасы

Өткен уақыт ішінде

Не үйрендік балалар?

Қане кімдер түсінді?

Санамалап табалар.

А)Біз қандай фигураларды білеміз?

Ә) Қосу, азайту амалының атауларын (компаненттерін) ата

Б)Фигуралар қанша артық,қанша кем? (қызыл дөңгелек,көк текше)

ІІІ Жаңа сабақ

Кестемен жұмыс (сурет). Сандарды санау

  1. Бақаларды санап 1-еуін қосу

  2. Өрнекті жаздыру

-Иә, балалар, олай болса біз 4 саны және цифрымен танысамыз.

2.Тиіннің тапсырмасы.

Оқулықты ашыңдар

Өздеріңе шашу бар

Жаңа сабақ өтейік

Жақсы бағаға жетйік

ІV.Оқулықпен жұмыс.

-Оқулықтан не көріп тұрмыз?Не айталамыз?

Қоян, тиін жөнінде мағлұмат құрастыру.

  1. Тапсырма бойынша есеп құрастыру.

3+1=4 4-1=3

  1. Тапсырма. 4см кесіндіні 1см, 2см, 3см кесінділермен салыстыру.

Төртбұрыштардың 4 төбесі (нүктелері), 4 бұрышы, 4 қабырғасы бар болатынын айту.



  1. Оқулықтағы кестемен жұмыс.Сөредегі ыдыстарды салыстыру.

Қыш құмыраларды салыстырып, сәйкестендіріп, жұлдызшаның орнына таңбаларын қою.

4 санының баспа,жазба түрін таныстыру.

  1. Тақтамен жұмыс. Теңдіктер құр және оқы.

Қосындының мәні 4-ке тең болатын сандарды тауып, әйнекшелерге орналастыру. Сәйкес айырма жазу,мәнін табу.

  1. Тапсырма. Тақтамен жұмыс. Кесінді және оның бөліктерінің ұзындығын өлше. Теңдіктер құру.

3см+1см= см 1см+3см= см

4см- см= см 4см- см= см

Кел ойнайық! «Оңға-солға» көшеде жүру ережелерін меңгерту.

Шығармашылық тапсырма жеке оқушымен жұмыс.

Берілген фигуралардың құрам бөліктерін табу.

V.Сергіту минуты.

Қоюланып қара бұлт

Жаңбыр жауды себелеп

Жапырақтар жамылып

Бұға қалды көбелек.

VI Дәптермен жұмыс. Қоянның тапсырмасы:

Дәптерге назар салайық

Қаламды қолға алайық

Есептерді орындап

Боямай таза жазайық

Дәптердегі 1 тапсырмада сурет бойынша сәйкес өрнекті жазу және оның мәнін табу.

Сандарды шамаларды салыстырып артық, кем не тең таңбаларын қою.

2 тапсырма 4 цифрын көркем жазу.

3,4 тапсырма өз беттерімен орындау.

VII. Қорыту.

-Балалар, бүгін сабақта біз қандай санмен таныстық?

-4саны.

-Қандай аңдардың тапсырмаларын орындадық.

-Кірпі,тиін,аю,қоян.

-Не үйрендік,не білдік?

VIII. Мадақтау,бағалау.



© 2010-2022