Қазақ тілі 4 сынып қарсы мәндес сын есім

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қарсы мәндес сын есім туралы түсінік беру. Заттың жалпы сын, сапалық белгілерін топтап айыруға үйрету. Сауатты, көркем жазуын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту. Ұжымдық жұмысқа үлес қоу үстінде өз бетінше ойлану, іздену әрекетіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кубизм

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, плакаттар, слайд, суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу: қызыл, көк, жасыл, сары

Психологиялық дайындық

Оян! Оян балам! Жатпа қарап,

Оян балам! Тезірек шапшанырақ!

Шақырды қораз мана әлдеқашан

Қарап тұр терезеден күн жалтырап

-Неге тұрдың? Адам неге ұйықтай бермейді?

-Жақсы, енді «Ояндым» сөзін естігенде көзімізге не елестейді? (мектеп,таң,күн)

-көзінді аштың, не көресің? (жарық)

-Жарық қайдан келеді? (күннен)

-Күннен не аламыз? (жылу)

-ендеше сол жылуды бойымызға тартып,жүрекке қабылдайық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

5-жаттығу ( әр топтан 1-2 балаға оқыту)

«Кубизм» әдісі

Ойын: (ауызша)

Кітап мал табиғат қыз

........ ......... ............. .........

ІІІ. Жаңа сабақ

-жыл мезгілдері нешеге бөлінеді? (4)

-қазір қай мезгіл? (қыс)

-Қыста табиғатта қандай құбылыстар болады? (суық, қар жауады)

-қардың түсі қандай? (ақ)

-Адамдар қандай киім киеді? (Қалың)

-Ақ, суық, қалың сөздеріне қарама-қарсы сөздер

Ақ-қара, суық-жылы, қалың-жұқа бұл сөздер қандай сөздер? (Қарсы мәндес сын есім)

-Ереже

«Көркем жазу»

1-жаттығу (Ауызша)

2-жаттығу(Сөйлем құрау, ә р топтан сұрау)

Сергіту сәті. Доп арқылы қарсы мәндес сын есімдер айту

Топтық жұмыс.

І топ. Қандай сұрағына жауап беретін сөздер тауып жаз

.....бояу

.....тақтай

.....пышақ

.....үй

.....жер

.....жылан

.....көйлек

.....жіп

.....ат

ІІ топ. Мақалдарды толықтыр

1. Әдепті бала - арлы бала

....бала ....

2. Үлкен бастар, ......

3. Жақсы бала қуаныш,

....бала....

4. Ұсталы ер озар,

....ел....

ІІІ топ. «Қ» дыбысынан басталатын сын есімдерді жаз

IV топ. Сәйкестендір

Қызыл сарай

Қоңыр түлкі

Үлкен қант

Қышқыл алма

Тәтті көмір

Қара дала

Қу аю

Кең айран

3-жаттығу (Тақтаға орындау)

Танымдық тапсырма.

Далада салқын жел соғып тұр, ал .........

Мына үй үлкен екен, ал .......

Балмұздақ қандай тәтті, ал ........

«Менің досым» жеке жұмыс

IV. Қорытынды:

Ойын: «Бір сөзбен айтқанда»

Сөзге шебер адам- (шешен)

Айтқанға сене салатын адам- (сенгіш)

Көрінгенге соқтыға беретін адам- (ұрыншақ)

Тез ашуланатын адам- (ашуланшақ)

Жан алмай жұмыс істейтін адам- (еңбекқор)

Бойы ұзын адам -(Бойшаң)

Қолынан бәрі келетін адам- (шебер)

V. Бағалау .Смайликтер арқылы

VI. Үйге тапсырма: 44-бет 5-жаттығу

-ереже жаттау

© 2010-2022