Ашық сабақ Ризашылық пен алғыс

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:











Ашық сабақ


Сабақтың тақырыбы: «Ризашылық пен алғыс»



Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: А.К.Кезенбаева







Тақырып- «Ризашылық пен алғыс»

Құндылық сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік,адамгершілік,сүйіспеншілік.

Мақсаты: Оқушыларға мейірімділік сезімі арқылы сүйіспеншілікке жету жолдары жайлы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:

1.Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру.

2.Үлкенге-кішіге деген сүйіспеншілігін,сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;

3.Әдептілікке,кішіпейілділікке,ізеттілікке тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар,

мәліметтер) слайд, музыка, оқулық, дәптер,

мәлiметтер Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.
-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! -Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.
  • Сынып оқушыларын түгендеу.
  • Оқушылар сыпайылық,ризашылық,қайырымдылық,
  • мейірімділік топтарына бөлемін.
  • «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталап (тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық).
Тыныштық сәтi. (Нұрға бөлену) Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыныз..

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.

Жаймен көзінізді ашуға болады. Сабақ барысын талдау:

Жағымды әуен қосу 2-3 мин

2. Үй тапсырмасын тексеру.

37 беттегі «Алғыс »мәтінін оқып келу.

Қан қызыл қызанаққа тойғаннан кейін Қасым мен Хасен шешесіне:

-Апа,дәмді қызанақ бергеніңіз үшін сізге рақмет!-деді.

-Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар,жақсы қызанақ өсіргені үшін бақшаға айтыңдар!

Балалар бақшаға жүгіріп келді де,қызанақ өсіп тұрған сабақтарға бас иіп,алғыс жаудырады.Қызанақ жапырақтары былай деп сыбырлады:

-Ол алғыстарыңды бізге айтпаңдар,құнарлы,қара топырақты жерге айтыңдар!

Қасым мен Хасен жерге басын иіп,еңкейіп тұрып алғыс айтты:

-Мейірімді жер,дәмді қызанақ өсіргенің үшін көп-көп рахмет!

Жер жұмсақ майда қара топырағын бүлк еткізіп:

-Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар.Жаңбырсыз жер көктеп,бақша гүлдемейді,-деді.

Қасым мен Хасен ауыл сыртындағы таудың басына шықты да,бұлт жақындаған кезе:

-Рақмет саған,жомарт бұлт! Сенің мейіріңе сусындаған қызанақты жеп, бір рақаттандық!-деп айқайлады.Бұл игі еңбекті бағалай білетін балаларға бұлт былай деді:

-Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар.Нұр үстіне нұр төгіп, әлемге тіршілік себетін құдіретті күнге айтыңдар!

Екі бала қара көзілдіріктерін киіп алып,күнге қарады да,бар дауыспен:

-Уа,әлемге тіршілік, бұлтқа жаңбыр берген мейірімді күн!Сенің сәулеңнен нәр алған қызанақ қандай тәтті еді! Сол үшін саған көп-көп рақмет!-десті.

- Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар,-деді күн күлімдеп тұрып.Қызанақты отырғызып, дамылсыз баптаған адамға алғыс айтыңдар!Қызанақты дәмді еткен-адамның еңбегі!

Қасым мен Хасен бақшаны баптап жүрген шешесіне жүгіріп келді.Екеуі жарыса алғыстарын айтып шықты.

Шешесі күлімдеп тұрып:

-Менің еңбегімді бағалағандарың үшін сендерге де рақмет! Өздерің де бақшаға жеміс өсіріп, ерінбей-жалықпай күтіңдер.Ол өсіп өнім береді.Еңбектеріңе жұрт сүйсініп, сендерге де алғыс айтатын болады,-деді.

1.Қасым мен Хасен анасына не үшін алғыс айтты?

2.Анасы балаларына алғысты не үшін айтты?

3.Сендер қандай жағдайларда алғыс айтып жүрсіңдер?

4.Сендер алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер?

-Сонымен балалар бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Ризашылық пен алғыс» деп аталады.Бұл сабақта сендер адамның бойындағы сыйластық,мейірімділік,ризашылық қасиеттерімен танысатын боламыз.

37 бет мәтінді оқу 3. Дәйексөз.

Ризамыз кең - байтақ елімізге,

Қасиетті киелі жерімізге.

Риза боп алыстан қол бұлғаймыз,

Жап-жарық аспандағы жұлдыздаймыз.

Д.Әбілов

Өз ойларыңды ортаға салып көріңдер. (балалар жауаптарын береді) 1.Балалар, біз неге кең - байтақ жерімізге риза болуымыз керек ? 2.Жарық жұлдызға теңеп жүрген,ең бірінші алғысымызды кімге айтуымыз керек? Дихан Әбілов-(26.12.1907 жылы туған, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мойылды қыстауы) дүниеге келген. Ақын, жазушы. Қазақстанның халық жазушысы (1987). Алғашқы өлеңі "Қызыл әскерге" 1926 ж. Алғашқы әңгімесі "Сырлы шкафтың сыры" 1928 ж. жарық көрген.

Дәйексөзді дәптерге жазу 4. Оқиғаны айту. Әңгіме айту

Ана алғысы.

Анасы жұмысқа кетерде Кенжебекті ересектеріне тапсырып:

-Ойнатыңдар,емізікпен сүт беріп тамақтандырыңдар,жаялығын суласа,ауыстырыңдар,ұйқысы келгенде ұйықтатып,

демалыңдар,өздерің шуламай,тату ойнаңдар,-деп ұғындырып жатты.

Ересегі Ақлима Кенжебекті түрлі ойыншықтар беріп ойнатты.Шөлмекке сүт құйып,емізікпен тамақтандырады.Содан кейін арбаға жатқызды.Жаялығы суланып қалып еді,тазасын салып,суланған жаялықты жуып-шайып,жайып қойды.

Бұл кезде Болатбек арбаны қозғап,тербетіп,Кенжебекті ұйықтатты.Екеуі шуламай ойнап,ақырын ғана сөйлесіп жүрді.

Шешесі түскі үзіліске келді.

-Менің Кенжебегім не істеп жатыр?-деп сұрады үйге кірген бетте.

-Кенжебек ұйықтап жатыр.Біз сіздің айтқаныңыздың бәрін орындадық.Оны жылатқанымыз жоқ.Ойнатып,ұйықтатып қойдық,-деді екеуі жарыса сөйлеп.

-Міне,жақсы балалар сөйтеді.Кішісіне қамқорлық жасап,шешесін іздетпейді.

Еңбегін бағаланған жылы сөзге,ана алғысына балдырғандар мәз болып,қуанып қалды.

1.Бұл әңгімеде не жайында айтылған?

2.Балалардың кішіге деген сүйіспеншілігі әңгімеде байқала ма?

3. Отбасындағы балалардың, үлкеннің кішіге деген мейірімділігін қандай іс-әрекеттен көруге болады?

4.Анасы балаларына риза болды ма?

5. Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс

Сахналық көрініс.

1 топ

Мұғалім мен оқушылар Сәулені туған күнімен құттықтау сәтін сахналауы.

2 топ

Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналауы.

3 топ

Немерелері әжені қарттар күнімен құттықтау сәтін сахналауы.

4 топ

Дәрігер мен науқас арасындағы ризашылық сәтін сахналауы.

10 минут

6.Топпен ән айту

Аяулы анашым. Сөзі мен әнін жазған Әділет Саматұлы

1.Кішкентайдан мені мәпелеп өсірген
Осы күнге мені енбекпен жеткізген
Осы күнге мені ұйқысыз жеткізген
Аяулы анашым.
қ-сы
Аяулы анашым ак сүт берген маған,
Бұл өмірде жоқ қой сеннен артық адам.
Анам бар деп мәңгі ән айтып мақтанам,
Аяулы анашым.
2.Міне, менде өстім
Осы жаска келдім.
Анамның ақ сүтін,
Ақтар жасқа келдім.
Ұлым өссе егер
Бір қайтарар деген
Аяулы анашым.

Қ-сы
Аяулы анашым ак сүт берген маған,
Бұл өмірде жоқ қой сеннен артық адам.
Анам бар деп мәңгі ән айтып мақтанам,
Аяулы анашым.

Ән айту

7. Үй тапсырмасы

43беттегі «Жанашыр» мәтінің оқып келу. Оқулық

43 бет

8. Сабақтың қорытынды сәті: Соңғы тыныштық сәті

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көздерін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік.

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет. Көздеріңізді ашуға болады.

Жағымды әуен қосу 2-3 мин


© 2010-2022