1 сынып Ж дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімнің

аты -жөні

Пән аты

Өтілген күні

Кабинеті

Қайырбаева Ғ

Сауат ашу

20.10.15

№209

Сабақтың тақырыбы: «Ж» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Ж» дыбысымен таныстыру. Сөздерді буынға

бөлуге үйрету.Сурет арқылы сөздерді дыбыстық талдауға үйрету. Оқушыларды

сөйлем құруға үйрету және олардың тіл байлығын дамыту. Көркем, сауатты

жазуға баулу.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.

Көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

Елімізге тыныштық

Күніміз жарық

Аспанымыз ашық

Деніміз сау болсын!

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақта қандай дыбыспен танысып едік?

-Ж дыбысы дауыссыз дыбыс.

- (Аңыз әңгімеден басталады). Ертеде орманда бір жолбарыс өмір сүріпті.

Жолбарыс аяңдап келе жатса, ағаштың қасында жираф жайбарақат шөп жеп тұр

екен. Жолбарыс бұған дейін жирафты көрмеген екен. Өзін аң патшасы санайтын

жолбарыс қорыққанын білдірмей, жөн сұрапты.

- Ау, сорайған, сен кім боласың?

Оқыс дауыстан шошыған жираф аяқтары дірілдеп: - «Мен бе, ж-ж-ж-ж-жи-жи

жирафпын ғой», -деп әрең тіл қатыпты.

- «Атың екен, ж-ж-ж-жи-жи-жираф, ж-ж-ж-жи-жи-жираф», - деп қайталап жолбарыс

жөніне кетеді.Жираф та аман-есен құтылғанына қуанып «ж-ж-ж-жуф» деп демалады.

-Жолбарысқа жираф не деп жауап берді?

-Балалар: ж-ж-ж-жи-жи-жираф», - деп айтады.

- Ал кәне, балалар, бүгін біз Ж дыбысымен танысамыз. (Үш рет дыбыстату.)

Ж дыбысын дұрыс дыбыстату үшін буындарды атай отырып, сөз ойлау.

Жа-жа-жақсы

Же-же-жеміс

Аз-аз-жаз

Жу-жу-жуас

Тақтамен жұмыс.

Жайлаудың суреті. (сөйлем құрау)

Сергіту сәті.

Жел соқты у - у- у

Ағаштар тербелді

Жаңбыр жауды

Найзағай ойнады

Жаңбыр қатты жауды

Жаңбыр басылды, күн ашылды.

Күн ашылды, міне жайлауға да келдік.

Жайлауда Жолбарыс неғып жүр ?

Жолбарыс қайда тіршілік етеді?

- Орманда

Жол - ба - рыс, Жай - лау (неше буын, неше дыбыс, неше әріп бар?)

-Жолбарыс сөзінің басында кездесіп тұрған дыбыс «Ж» дыбысы.

-Ендеше қазір Ж дыбысымен танысамыз.

-Созып айтуға келмейді, ендеше Ж -дауыссыз дыбыс Ж - Ж - Ж,

Баспа, жазба түрлерін көрсету.

Ж дыбысы сөздердің басында, ортасында, аяғында кездесе береді.

Жапырақ дыбысын талдау ( 1 оқушыға)

7 дыбыс, 7 әріп бар

Ж - дауыссыз, а - дауысты жуан, п - дауыссыз, ы - дауысты жуан, р - дауыссыз, а -

дауысты жуан, қ - дауыссыз дыбыс.

Кітаппен жұмыс.

Қарамен жазылған сөздерді дауыстап оқимыз.Жек - жеке сұралады.

- Жусанның жақсы иісі болады. Сол сияқты Маңғыстауда жыңғыл, жантақ деген

шөптер бар.

- «Жусан»мәтінін тыңдаймыз. (Мұғалім түсінікті етіп, нақышына келтіріп оқып

береді.Суреттермен пысықталды.Бәрі дауыстап оқиды (тақтадан).

Шынжырлап оқыту. Жеке - жеке оқыту.

3 қатардан 3 бала оқиды.

Сергіту сәті

Ойын. «Кім жүйрік?»

Интербелсенді тақтаға буындар жазылады. Буындардан сөздер құрастыру.

Ба та Шы ба

Бо на Ар сық

Са ға Қа ны

Қо та Ма са

Дәптермен жұмыс.

Ауауға жаздыру.

Тақтадан Ж дыбысын көрсету.

Сынып жұмысы (көру диктанты)

Жарас, Жайлау, жусан, қой, қора сөздерін жаздыру.

Кеспе әріптерден Жусан, Жол, Бала Жарас сөздерін жаздыру.

Буынға бөлгізу.

Ж - дауыссыз дыбыс

О - дауысты жуан

Л - дауыссыз

Сөйлем құру. Сурет бойынша сөйлем құру.

Сабақты жалпы қорытындылау

Үй жұмысы.



© 2010-2022