Қазақ тілі Жемістер 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 18.11.14.

Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы: Жемістер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік. Жемістер туралы мәліметтер беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көп көңіл бөлу.

2.Тәрбиелік. Тақырып бойынша оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.

3. Дамытушылық. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын және жеке қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: тыңдалым, тілдесім, оқылым, жазылым.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІ.Жаңа сабақ.

1.Көркем жазу.Гг - дыбысына мысалдар келтіріп, фонетикалық талдау жасау.

2.Сөздік жұмысы. Жаңа сөздермен таныстыру.

Жемістер -фрукты же -ешь жедім -ел

Дәмді -вкусный

1.Сөздер оқылады, оқушылар қайталайды.2.Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады 3.Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

3. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Төмендегі жеміс атауларын ата, сөз тіркесін жасап айт.

Жасыл алмұрт, қызыл алма, екі шие, екі шабдалы, тәтті анар, дәмді жүзім, қышқыл алхоры, сары өрік.

2-тапсырма. Диалогті досыңмен оқы, аудар.Жұптық жұмыс жасау.

3-тапсырма. Сөйлемдерді тыңда ,айт.

Мен алмұрт жедім. Мен қара өрік жедім.

ІҮ.Сергіту сәті.

4-тапсырма. Сөйлеп үйрен, айт. «Кім нені жақсы көреді?»

Саша алманы жақсы көреді.

5-тапсырма. Диалогті толықтырып жаз.

6-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы.Мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастыру.

Апорт деген алмамыз,

Қыркүйекте піседі.

Піскен кезде алмасаң,

Үзіліп жерге түседі.

Ү.Сабақты бекіту.

- Қандай жемістерді білесіңдер?

ҮІ.Сабақты қорытындылау.Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІІ.Үй тапсырмасын беру.

Үйге 7-тапсырма.Сөйлем құрап үйрен. Жаңа сөздерді жаттау.


© 2010-2022