4 сынып. Әдебиеттік оқу. Кәукен Кенжетаев. Өнердің сайыпқыраны

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4 сынып. Әдебиеттік оқу. Кәукен Кенжетаев. Өнердің сайыпқыраны

Тұрғанбаева Дина Әбсадыққызы

№39 «Қызылөзек» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Күні: 15.09.14 жыл

Әдебиеттік оқу 4-сынып

Тақырыбы

Өнердің сайыпқыраны Кәукен Кенжетаев

Мақсаты

Белгілі өнер адамының балалық шағы туралы әңгіменің идеясын ашу. Мәтінді өз бетімен оқып, талдау арқылы оқушының шығармашылық деңгейін арттыру. Ата- ана, ел, жер, ана тілі арқылы дарыған ұлттық тәрбиенің әсерін сезінуге мүмкіндік беру. Сөз өнеріне, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Қазақстан картасы, суреттер, техникалық құралдар, ертегі үзіндісі, қосымша материалдар, Алдаркөсе киносынан үзінді.

Оқу нәтижелері

Мәтінді өз бетімен оқып, топта, жұпта талдау арқылы белгілі өнер адамының балалық шағы туралы әңгіменің идеясын ашады, ойын тұжырымдауға дағдыланады.

Түйінді идеялар

Шәкенді өсірген -туған жерінің топырағы екенін түсінеді.

Сабақтың барысы

Оқушының іс -әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын пысықтау.

Оқушылардың бірнеше эсселері оқылып, жұмыстары қорытындыланады. Өлеңді жаттап келген оқушылар бағаланады. Бағалау парақтарын толтырады.

І. Қызығушылықты ояту.

Мұғалім бірінші баланың құлағына ертегіден үзіндіні сыбырлап айтады: « Балалар, самұрық ұйқысын әбден қандырды. Қарны ашқан соң, ұшып кетті. Қалғанын ертең айтамын......» Келесі бала ары қарай жалғастырады. Ортадағы және соңғы баладан сұрайды.

-Балалар жаңағы ойын мен ертегінің арасында қандай ұқсастық бар?

-Самұрық туралы не білесіңдер?

Балалар «өнер, білім, спорт» саласына жататын сөздерге байланысты топқа бөлінеді.

ІІ. Мағынаны тану.

-Ерте, ерте, ертеде деп басталатын ертегілерді тыңдап өскен қазақ ауылының балалары қандай «өнердің сайыпқыраны» болғанын білгілерің келсе, мәтінді оқиық.

- Сайыпқыран деген сөзді түсіндіру. Сайыпқыран- өнердің биік шыңын бағындырған адам жайында.

Шәкен Айманов туралы зерттеп келген оқушылардан сұрау.

Шәкен Айманов туралы мағлұмат беру. Оның өмірбаяны, мамандығы, еңбектері жайында айту.

Мәтінді бөліктерге бөліп оқу, мағынасын түсіндіру, инсерт әдісімен түсінбеген сөздерін түртіп отырады. Әр бөліктерге тақырып қою, жоспар жасау. Сал, сері, саятшы, тетелес, туасы әртіс сөздеріне сөздік жұмыстар жүргізу. Мәтіннің негізгі идеясын топта оқып табады, мағынасын түсіндіреді. Дәптерге сөздік жұмыс жазады.

Мәтіннің авторы Кәукен Кенжетаев туралы айтады. Мақал -мәтелдерді оқытып, оқушылар мағынасын түсіндіреді.Мақалдың мәтінмен байланысын айтады.

ІІІ. Ой толғаныс.

- Өнерлі адам болу оңай ма?

- Араларыңда Шәкен сияқты әртіс болғысы келетін балалар бар ма?

-Осы ауылдан шыққан қандай өнерлі адамдарды білесіңдер? Оқушылардың пікірлерін білу.

Мәтінді үш бөлікке бөліп, әр топ оқиды. Топта, жұпта талдайды. Келесі топқа сарапшылар түсіндіреді. Үш топтан баяндамашылар шығып түсінгенін айтады. Әр топтан сұрақтар қойылады. Топ басшылары бағалайды. «Ең үздік сарапшы, ең үздік баяндамашы, ең үздік сұрақ қоюшы» Сергіту сәті. «Кім жылдам?» ойыны ойналады. Әр топ кестені толтырады. Мәтіндегі кейіпкерлердің есімдері мен олар Шәкенге кім болатынын жазып шығады. «Алдаркөсе» киносынан үзінді көрсету.

Оқушылар бүгінгі көңіл күйлерін смайликпен бағалайды. Кері байланыс парақтарын толтырады.

Үйге тапсырма. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Қазақ киносының актёрлері туралы зерттеп жазып келу.

І топ: Шәкенге мінездеме бер.

ІІ топ: Бес жолды өлең жаз.

ІІІ топ: Досыңды сипаттап жаз.





© 2010-2022