Метр-ұзындықтың өлшем бірлігі

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Метр-ұзындықтың өлшем бірлігіМетр-ұзындықтың өлшем бірлігіМетр-ұзындықтың өлшем бірлігіКүні: 19.11.2014

Пәні: математика
Тақырыбы: Метр-ұзындықтың өлшем бірлігі
Мақсаты: 1) күнделікті тұрмыста жиі кездесетін ұзындықты өлшеудің жаңа бірлігі - метрді енгізудің туындап отырғанын түсіндіре отырып, «метрмен» және оның көмегімен ұзындықты өлшеудің мән - жайымен оқушыларды таныстыру, ұзындықтың бірліктері «метр», «дециметр» және «сантиметр»- дің ара қатынасын түсінуге жағдай жасау. Сынық сызықпен танысу, геометриялық фигураларды дұрыс атай білу.
2) бір амалмен шығарылатын есептерді шешу дағдыларын дамыту; екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыра білу дағдыларын пысықтау,
3) алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге құштарлығын ояту.
Көрнекілік: см лента, сызғыш, кесте, мата дүкені бейнеленген слайд, интертақта, күшік пен
Қоянның суреттері.
Қолданылатын технология: дамыта оқыту.
Әдісі: ізденісті - проблемалық, сарамандық жұмыс, топаралық жарыс.
Түрі: жаңа білім игеру сабағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын бөлсең басыңнан

Барлық ғылым саған үйір болады

Досың солар табылатын қасыңнан-дей отырып математика сабағын бастаймыз.

-Балалар, біз математика сабағында нелермен таныстық?

-Жақсы, біз геометриялық пішіндерді танимыз, оларды өлшей аламыз.

-Ал мынау қандай пішін? (тік төртбұрыш)

-дұрыс айтасыңдар. Біз осы сабақтың өн бойында осы ақ бетке жан бітіреміз. Ол үшін бәріміз сабаққа өте жақсы қатысуымыз керек.

-тақтадан нелердің суреттерін көріп тұрмыз?

-Кәне кім тақтадағы дәптерді, кітапты, сурет дәптерін өлшеп, оларды әріптермен белгілейді.

Әр кесіндінің ұзындығын айтамыз. Осы жерде ереже айтылады

1 метр (м)=10дециметр (дм)

1 метр (м) =100 сантиметр (см)

1 тапсырма:

Ауызша орындау

1дм= см 1дм 5см = см

1 м= см 1дм 5см= см

1м= дм 10 дм= см

2 тапсырма

№2 есеп тақтаға орындалады.

А)

3дм+7дм= 10дм= 1 м

30+70=100

3онд.+7онд.=10онд.=1 жүзд.

Ә)

2дм+8дм= 10 дм= 100 см

20+80=100

2онд.+8онд. =10онд.= 1жүзд.

3 тапсырма

Сергіту сәті

4 тапсырма

№3 сөз есеп

А)

Б.с-20дм ? дм қысқа

Е.с-25дм

Ш: 25-20=5 (дм)

Ж: Балалар секіртпесі ересектерге қарағанда 5дм қысқа

Ә)

Қ-12м

Ж-?, 7м қысқа

Ш: 12-7=5 (дм)

Ж: Жолбарыс 5м ұзындыққа секірді

5 тапсырма

Логикалық есеп

*Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары

*Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан

*Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары

*Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет

6 тапсырма

№4 есеп қатар бойынша

1қатар 2 қатарға 3 қатарға

5+8>3+7 9+4<9+5 12-8<14-8

8+3<8+8 6+7>11-9 8+5>8+2

17-7>17-10 10+50=20+40 18-9<18-8

7 тапсырма

№6

Күләш Әсемнен биік, Әсем Айнұрдан биік.

Бойы ең ұзын кім? бойы ең қысқа кім?

Қорытынды:

-Бүгін біз немен таныстық?

-ол ненің өлшем бірлігі?

-1дм неше сантиметр?

-1сантиметр неше дециметр?

-10дм неше метр?

-1м неше см?

-Балалар, біз сабақтың өн бойында нені құрастырып шықтық?

Қазақстан 2050 стратегиясының логотипін. -Дұрыс, Белгінің маңыздылығы - бірлікте.

Логотипке негіз болған бірінші нәрсе - шаңырақ. Оның кескінін елтаңбадан таба аламыз. Шаңырақ - аспан белгісі. Біздің аспанымыз - біреу, ортақ үйіміз Қазақстан - біреу, ортақ ұлттық идеямыз - 2050 Стратегиясы - біреу. Сондықтан біріге, бірлесе отырып, қазақстандықтар алға қойылған мақсаттарды орындай алады деп елбасымыз бізге өз жолдауын ұсынды. (сабақтың тәрбиелілігін ашу)
Үйге тапсырма:

№5 есепті тиімді тәсілмен шығару

Бағалау



© 2010-2022