Тақырыбы: Аққала ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Аққала ашық сабақТақырыбы: Аққала ашық сабақТақырыбы: Аққала ашық сабақТақырыбы: Аққала ашық сабақБекітемін: Б.Борашова.26.12.2015ж

Cабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев . Аққала Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты:Оқушыларға автор туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мәтінімен толық таныстырып, меңгерту.

Дамытушылық мақсаты: «Аққала» тақырыбы бойынша сөздерді пысықтап, меңгерту, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың ойлау қабілеттерін, белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты : жылдың әр мезгілі өзінің әсемдігі, қажеттілігі бар бар екенін таныту. Сабақтың түрі: Интерактивті

Көрнекілігі:
1. Интерактивті тақта


2. Жаңа жылдық ойыншықтар , суреттер. Сабақтың өтілу барысы I. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.

Қызығушылықтарын ояту

Тату- тәтті достармыз біз,

Ынталы да талапты

Көп білуге құштармыз біз,

Жақсы оқимыз сабақты.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!Бүгінгі көңіл- күйлерің қалай? Балалар бүгін біздің сабаққа Аяз атамен Ақша қар келе жатыр екен.Сабаққа дұрыс дайындалып келген, сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға сыйлықтар береді. Ал, қане бәріміз сабаққа араласып отырамыз.Тақырыбы: Аққала ашық сабақ

Олар келгенше біз шыршаға ілулі тұрған жаңа жылдық ойыншықтарды алу арқылы үш топқа бөлініп алдым. «Жаңа жыл шамдары» ойынын ойнайық. Әр бірдей Тақырыбы: Аққала ашық сабақТақырыбы: Аққала ашық сабақТақырыбы: Аққала ашық сабақойыншық алған оқушылар бір топқа отырады. Қазір қыс мезгілі болғандықтан тобымыздың аттарын қыс айларының атымен атауды жөн көрдім.

І топ ІІ топ ІІІ топ

«Желтоқсан» «Қаңтар» «Ақпан»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Қысқы кеш өлеңін жатқа айту.

Сабақты қорыту. Сұрақ- жауап.

  1. Өлеңде қандай мезгіл суреттелген?

  2. Авторы кім?

  3. Кім туралы айтылған?

Сөзжұмбақ

Б

О

Р

А

Н

Қ

А

Р

Қ

Ы

С

А

Я

З

Қ

О

Л

Ғ

А

П

Ш

А

Н

А

Сөзжұмбақ шешу.

  1. Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ жүреді

Аузы жоқ ұлиды. (Боран)

  1. Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады. (қар)

  1. Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың.(Қыс)

  1. Құлағы жоқ, көзі жоқ,

Жоқ тіпті қол мен аяғы.

Бірақ ғажап өнерпаз

Мәнерлеп ою ояды. (аяз)

  1. Бір ін,

Бір іннің ішінде бес ін. (Қолғап)

6.Зулап түстім төменге

Шықпас менсіз төбеге (шана)

ІІІ,Жаңа сабақ

Дәптерге күн ретін жазу.Желтоқсанның жиырма алтысы.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Аққала»

Сабағымыздың мақсаты: Қыс тақырыбын жалғастырып, алдынғы сабақта алған білімдерімізді жинақтау.

Тыңдаймыз. Бұл өлеңмен балалар алдағы сабақтарда жақынырақ танысып, жатқа білетін боламыз.

Автор туралы мәлімет.Мағжан Жұмабаев .1893-1938жж.Ақын, педагог.1913ж -«Шолпан» өлеңдер жинағы.Уфадағы «Ғалия » медресесінде оқыған.Әкесі Бекен.Анасы Гүлсім.Атасы Жұмабай- бай қуатты адам болған.

Тақырыбы: Аққала ашық сабақ

Аққала.Мұғалім түсіндіреді.

Ауылдың алды омбы қар,

-Не бар? Қолың домбығар!-

Шешелері десе де,

Томпаңдап бір топ бала,

Соқпақ болып аққала,

Кіріп кетті кесеге.

Беті ойнаған оқадай,

Оппа қарға опадай

Күп берісті топырлап.

Топырлап, шулап, соқтыға,

Тоғытқан бейне тоқтыдай

Жыпырласты шөпірлеп.

Күміс қарға көбіктей,

Сүңгіп алып сүліктей,

Топырлаған топ бала.

Қарақшыдай қалтиып,

Қарындары шартиып,

Бастады соға аққала.

Қарды соғып төрт бұрыш,


Төрт бұрышты қып кірпіш,

Үй іргесін қаласты.

«Мен оям!» -деп біреуі,

«Мен қоям!» деп біреуі,

Терезеге таласты.

Терезелер ойылды,

Қардан құрсау қойылды.

Шаттықтың енді шегі жоқ.

Беттері болды бүлдірген,

Сар даланы күлдірген

Күлкілері - меруерт.

Қатар-қатар тізілді үй,

«Алақай», айқай, күлкі ылғи,

Күлді бірге аққала.

Ерінбесең, бар қара!

Ойнап жүріп көп бала

Салып қойды аққала.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.Өлеңді мәнерлеп оқу

Тақырыбы: Аққала ашық сабақ

Ү.Сәйкестендіру.

Қатқан қардан аққала үшін тізеден жоғары түскен

Кесек ойып алынған шұқыр қалың қар

Домбығу оппа қар

Омбы қар тоңып ісіну

ҮІ. Топтық жұмыс.

«Қысқы еңбек», «Қысқы ойындар», «Қысқы мейрамдар» үш қатар фостер қорғайды.

Сергіту сәті

ҮІІ.Ребус шешу.

Тақырыбы: Аққала ашық сабақ

І-қатар «Сырғанақ» сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

ІІ- қатар «Сырғанақ» сөзіне 2-3 сөйлем құрайды.

ІІІ- қатар «Сырғанақ» сөзінен бірнеше сөз ойлау.

ҮІІІ. Шығармашылық жұмыс. «Қыста талай қызық бар тақырыбына әңгіме құрау»

Тақырыбы: Аққала ашық сабақ

ІХ. Өлең құрастыру.

Х. Сабақты қорыту. Сұрақтарға жауап беру арқылы аққала құрастырдық.

1. Қазір қай жылдың мезгілі?

2. Қыс айларын атаңдар.

4.Қыста адамдар қалай киінеді?

5. Аққаланы неден жасаймыз?

6. Бүгінгі сабақ ұнадыма?

Тақырыбы: Аққала ашық сабақ

Сабақ соңында Аяз ата мен Ақша қар әкеледі.

ХІ. Үйге тапсырма. «Аққала » өлеңін түсініп оқу, қыс бейнесін салып келу.

ХІІ.Бағалау.



© 2010-2022