Білім беру саласы: Шығармашылық

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы : Шығармашылық

Оқу іс - әрекеті : Жапсыру

Тақырыбы : "Қуыршақтың тақиясын сәндейміз"

Мақсаты : қазақтың ұлттық бас киімі - тақиямен таныстыру , қазақтың ұлттық ою - өрнектерімен тақияны әшекейлеуге үйрету . Тілдерін дамыту .

Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру . Төзімділікке тәрбиелеу .

Әдіс - тәсілдер : көрсету , үйрету , түсіндіру , әңгімелеу , сұрақ - жауап .

Көрнекіліктер , қажетті құрал - жабдықтар : үлестірмелі материалдар , қазақтың ұлттық баскиімдерінің суреттері ( тақия , бөрік , сәукеле) , магнитті тақта , салынған тақия , тақияның үкісі мен ою - өрнектері .

Сөздік жұмыс : тақия

Биллингвальды компонент : қуыршақ - кукла

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушы

Шаттық шеңбері

Бір шаңырақ астында

Тату - тәтті тұрамыз .

Бірге ішеміз асты да ,

Бірге сайран құрамыз .

Ортақ болып ісіміз ,

Еңбек десе тынбаймыз !

Ғажайып сәт

Тәрбиеші қолына қуыршақ ойыншықты киіп , балалар , мен сендерге қонаққа келдім .

Биллингвальды компонент :

Қуыршақ - кукла

Балалар шеңбер жасап тұрып қимыл - қозғалыс жасайды .



Балалар қайталайды .

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Сәлеметсіңдер ме балалар !

Менің атым - Әлия .

Балалар қуыршақтың үстінде қандай киімі бар екен .

Сөздік жұмыс : тақия .

Тақия - қазақтың ұлттық бас киімі . Тақия қазақтың ою - өрнектерімен әшекейленген . Қазақ халқы үй тұрмысында қолданылатын заттарды ою - өрнектермен әсемдеген .

Қуыршақ :

Балалар , менің тақияма ою - өрнек салып бересіңдер ме ?

Үлестірмелі материалға назар аударту .

Тақияның түсі қандай ?

Ою - өрнектердің түсі қандай ?

Үкінің түсі ше ?

Тақияны қалай әшекейлеу керегін магнитті тақтада көрсетіп , түсіндіру .

Тақияның үшкір жағына үкіні орналастырамыз . Жоғарғы жағына үш ою , төменгі жағына үш ою орналастырамыз .

Балалармен жеке жұмыс жүргізу .

Тақиямыз қандай әдемі болып шықты !

Сәлеметсің бе , қуыршақ !

Сұрақтарға жауап береді .

Көйлегі бар .

Басында тақиясы бар .

Қайталайды : тақия .

Балалар тыңдайды .

Ынталарын білдіреді .

Қызыл .

Сары .

Ақ .

Балалардың алдында тақия мен ою - өрнектер жатады . Балалар дайын тақияларды ою - өрнекпен және үкімен әшекейлейді .

Рефлексиялық түзетушілік

Қуыршақ Әлия балалардың тақияларына қызығады . Балаларға рақметін айтады .

Қуаныштарын білдіреді .

Балалар Әлиямен қоштасады .

Күтілетін нәтиже

Жасайды : қазақтың ұлттық бас киімін сәндейді .

Түсінеді : тақия - ұлттық бас киім екенін біледі .

Қолданады : іс - әрекет барысында алған дағдыларын .

© 2010-2022