Елін сүйген - Елбасы

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Елбасы - ел тірегі, ел намысы.

Мақсаты:

1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз - Н.Ә.Назарбаев атты стендтер. 1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар, сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!Біздің Президентіміз -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

2-жүргізуші: Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!1 желтоқсан - Президент күніне орай өткізіліп отырған «Біздің Елбасымыз» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын!

Қазақстан Республикасының әнұранын айту 1-жүргізуші: Бұл мерекенің Қазақстан халқы үшін аса маңызды екендігі сөзсіз. 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін қалаған - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды.Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

2-жүргізуші: Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 24 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.

2-жүргізуші:Бүгінде Қазақстан - әлемдік аренадан өз орнын тауып, Азия мен Еуропаны мойындата білген өжет елдің мекені. Еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды сәтті жүзеге асырушы мемлекет ретінде ТМД мен Орталық Азия аумағының көптеген мемлекеттері үшін қарқынды дамудың үлгісі болып табылады.

2-жүргізуші:Тәуелсіз мемлекеттің күнтізбесінде жаңа жалпыхалықтық мереке - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнінің пайда болуы - барша халықтың Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа артқан биік сенімінің, ізгілік-құрметінің жарқын дәлелі. Елі құрмет тұтқан, Елағамыз, Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.

1-оқушы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2-оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург -жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3-оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

4-оқушы. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

5-оқушы. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

1-жүргізуші: Қараша Дархан: Көркем сөз: «Рух»

2-жүргізуші:Бүгінгі біздің басты құндылығымыз - полиэтностық қоғамда орнаған бейбітшілік пен келісім. Біз, қазақстандықтар, дамудың өзімізге тән қазақстандық жолын таңдап алдық, оны бүкіл әлемдік қауымдастық мойындап отыр. Еліміздің екі онжылдықтың ішінде осынау биік дәрежедегі халықаралық беделге ие болуы - тарихта бұрын-соңды болмаған оқиға. 1-жүргізуші: Еліміз әлемдік саясаттың дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Қазақстанның «ЕХРО-2017» бүкілдүниежүзілік көрмесі өткізілетін мемлекет ретінде таңдалуы осының айқын дәлелі болып табылады. Қол жеткізген барлық жеңістер мен жетістіктер осыдан 24 жыл бұрын Қазақстан халқымен жасалған тарихи таңдаудың салдары екендігі сөзсіз.

2-жүргізуші:1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР -ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
Оқушы: «Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
"Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!"
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз - Ата Заңның күні бұл.

1-жүргізуші:Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар - бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз. - дей келе ортада әсем әнімен 2 сынып оқушысы Мақсым Рабиябегім, қарсыалыңыздар

2-жүргізуші:1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

Оқушы:
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.

1-жүргізуші: Елбасына деген арнау өлеңімен ортадаБолатқызыАқерке

Елбасы

Елбасымыз - еліміздің тірегі,

Ел ертеңін үнемі ойлап жүреді.

…Бар қазақтың мақтанышы Астана,

Үлкен елдің, байтақ жердің жүрегі.

Бар өмірін өз еліне арнады,

Мәңгілік елге айналдыру арманы.

Бейбіт елдің күн жүзеді көгінде,

Азаттығы қыран болып самғады.

Әрбір ұлтқа бауырым деп қараған,

Татулықты зор жеңіс деп санаған.

Достық пенен сыйластықты ту етіп,

Халқыңүшінқашандағы бол аман!
2-жүргізуші: Бүгінгі ұрпақ - ертеңгі ел үміті. Сондықтан да, біз сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлесімізді қосуымыз керек.

1оқушы:

Жүрегің соғар елім деп,

Қазаққа бақыт берген Сіз.

Аман болыңыз әркез Сіз,

Мақтанар сізбен ұл мен қыз!

Кемеңгер тұлға, біртуар,

Халықта мәңгі сақталар.

Жолыңды ұрпағың жалғастырар.

Өркендеп өскен еліңе

Бақ беріп,Нұрлы із тұрар!

2оқушы:

Қазақ елі шексіз үлкен, кең- байтақ,

Тең келмес еш мәртебе, еш атақ.

Ғасырларбойыдамыпжатыртоқтамай,

Мықтыелгеиемденген-біз, Қазақ!

Ата- бабам қиыншылық, азапкөрген,

Талай-талайкөздерініңжасынтөккен,

«Қазағым»- депұрандатқанхалқымменің,

Ел үшінәрқашан да түргенжеңін!

3оқушы:

Еліме тағзым етем әрқашан,

Ұмытпаймын елімді мен ешқашан.

Кіндік қаным тамған жерім көркейе бер,

Қазақстаным, елім менің жасай бер.

«Еліме соғар жүрегім» деп мақтанам,

Мұның себебі бәріне анық болар.

«Мен-Қазақпын»-осыныжарияетем,

Қазақстанболса-елімменің, кеңдалам

4оқушы:«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы -
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар - бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

1-жүргізуші: Елбасымыз өнерге құштар жандардың бірі. Елбасымыздың құрметіне өз өнерлерін көрсетуге 4 сынып оқушылары Асылай мен Айкөркемді «Әке толғауы» биімен қарсыалайық.

2-жүргізуші:Елбасымызға деген ізгі тілектерімізбен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



© 2010-2022