Классный час на праздник международного женского дня на тему. Ана өмір шуағы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырыбы: «Ана - өмірдің шуағы»


Мақсаты: Оқушыларға ата - ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы
қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру.


Барысы:


Мирас: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, қыздар сіздерді келе жатқан 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт зор денсаулық тілеймін.
Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Ана - өмірдің шуағы» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.


Сынып іші: Жанболат терең ойда, сынып ішінде ерсілі - қарсылы жүр. Сол кезде Теміржан кіріп келіп: - Жанболат , неге көңілсіз жүрсің?
Жанболат : - Е - е, Теміржан, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.
Теміржан: - Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ айт……
Жанболат:- Жо - о, жоқ! Жарамайды. Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!
Теміржан:- Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде. Балалар да дайындалып жүрген, оларды шақырып кімде қандай тақпақ бар екенін білейік.
Жанболат: - Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.
Теміржан: - Қазір, нақты сөз кезегін 1 сыныпқа берейік..

1 сыныптың құттықтаудың сөз

Айдана: Бүгін - наурыздың сегізі Анасыз жоқ бір үнің,
Сұлулықтың негізі! Әжесіз жоқ бір күнің,
Әдемі сөз - Ұсынамыз бүгін
Адамның Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Анаға айтар лебізі.


Аңсар:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ
Ана деген - асыл жаңдар бұлақтай
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай


Никита:
Ана десем сезім білер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық

Жалғас: Бүгін - наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз - Адамның
Анаға айтар лебізі

Ақсауле: Мама - бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

Ойын: «Кім сезгіш» Бұл ойынды ойнау үшін ортаға 5 оқушыны аналарын ертіп шығуын сұраймыз,оқушылардың көздерін байлап,бір жаққа тұрғызамыз, ал аналарын екінші жаққа. Енді оқушылар өздерінің аналарын іздеп табу крек.

Мерей: Ойлы қызы халқымның
Отаным деп туады
Бас жібермей әр күні
Ана жолын қуады.
Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды
Әр бір қыз, әр бала.
Мамасына ұқсайды.

Мерей: Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын


Жанболат:
Айналайын Анашым
Әлпештеген мамашым
Еліп өскен бөлеміз
Маматайдың мамасын

Жалғас: Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін
Бар ана туған елдің гүлі дер ем
Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әр бір күнім өлең

Мирас: Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.Достар, біз аналарымызды қаншалықты танитынымызды білу үшін «Мен анамды қаншалықты білемін?» деген тақырыпқа сауалнама жүргізгіміз келеді. Дайынбызба? Онда кеттік.

  • Анаң қандай түсті кимді ұнатады?

  • Анаңның жақсы көретін тағамы қандай?

  • Анаң қандай гүлді ұнатады?

  • Сенің анаң бос кезінде қандай іспен шұғылданады?

  • Сенің анаңа не ұнамайды?

  • Анаң үшін не жасай аласың?

Ақсауле: Өте жақсы достар, енді бізде аналарымызға да арналған сауалнама бар. Бұл сауалнаманың аты «Мен анамын».

  • Ана болу оңай ма?

  • «Ана» деген сөзді өз сөзіңізбен түсіндіріп көріңізші

  • Сіз, балаңыздың сізбен қандай қарым-қатынаста болғаның қалар едіңіз?

  • Балаңыздың көңіл-күйсіз жүргенін қалай ажырата аласыз?

  • Балаңыз үшін не істей аласыз?

Мирас: Құрметті аналар, білімге, тәрбиеге, адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелейтін ұстаздарымызды да осы үлкен мерекемен құттықтаймыз! Тек биіктерден көріне беріңіздер деген тілекпен хордың орындауындағы «Ұстазым менің» әнін қабыл алыңыздар.

Ақсауле: Құттықтау сөз кезегін 3 сыныпқа береміз

Мирас: Енді біз жалғастырайық.


Теміржан: Бас қосты бүгін жиынға
Аналардың қауымы
Таусылмасын әрдайым
Отбасының сауығы
Ана өмірдің қуанышы, тірегі
Бала - оның жұбанышы, жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дәйім тыныштықты тіледі.

Аңсар: Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.

Нәзира: Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарса да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,
Ана мерекесі құтты болсын.

Ақсауле: Ендігі кезекте сөзді біз 4 сыныпқа береміз.

Мирас: Достар, анамыздың қуанышы біздің жүрегімізде ұзақ уақыт бойы ұмытылмауы үшін барлық анаға әдемі де мейірімге толы сөздер,қалай жақсы көріп бағалайтынымызды айтып,және сыйлықтарымызды сыйлайық Ақсауле: Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғанның жоқ.

Хор,ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

© 2010-2022