Ашық сабақ: Асханада (3-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


КММ Суворов орта мектебі



Ашық сабақ:

Асханада

(3-сынып)

Ашық сабақ: Асханада (3-сынып)

Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті

пәндерінің мұғалімі Башенова Қ.Қ.



2014-2015 оқу жылы

3- сынып

Қазақ тілі

16.04.2015

Мұғалім: Башенова Қ.Қ

Сабақтың тақырыбы: Асханада
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - оқушыларға мектептің асханасы туралы мәлімет беру, асханада тапсырыс беруді үйрену, жаңа сөздермен сөйлемдерді дұрыс құрастыра білуді үйрету;
Дамытушылық -Тапсырмалар арқылы оқушылардың тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, сөздерді дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға дағдылану.
Тәрбиелік - денсаулықтың кепілі - дұрыс тамақтану, тамақтану ережелерін сақтауға баулу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, әңгімелесу, практикалық, ойын
Жұмыс формалары: жекелей, жұптық
Сабақтың көрнекілігі: ватман, суреттер, кеспелер,интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, орыс тілі.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Жайлы психологиялық ортаны қалыптастыру.

  • Балалар, сәлеметсіздер ме! Бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Сол себептен сендер қонақтарға өздеріңді жақсы қырынан көрсетеді деп сенемін!
Оқушыларға қызыл мен сары түсті шарлар ұсынылады. Шар түсіне қарай оқушылар топ-топқа бөлініп, өзара көшбасшыны белгілейді. Белсенді қатысқан оқушыларды жетондармен бағаланып отырады. Ашық сабақ: Асханада (3-сынып) ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі Кәртішкемен жұмыс. Ұлттық тағамдарды ерекшелігіне қарай мына кестеге топтастыру. Қымыз, көже, бесбармақ, шұжық, қазы, айран, бауырсақ, құймақ, қуырдақ, май, шұбат, құрт,ірімшік, шелпек. Сүт тағамдары Ет тағамдары Ұн тағамдары қымыз шұжық бауырсақ

ІІІ Жаңа сабақ. Ой шақыру кезеңі. Мұғалім алдын-ала тапсырма берген оқушыны ортаға шақырады.
  • Метанов Саит қосымша ақпарат дайындап әкеліпті. Енді, Саитты мұқият тыңдайық. Сосын сабағымыздың тақырыбын ашамыз.
  • Сіздер тамақтан нені жақсы көресіздер?
  • Тамақты қайда дайындайды?
  • Асханада.
  • Мәтінде білмейтін сөздер бар ма?
  • Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Ашық сабақ: Асханада (3-сынып) - Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ... Б) Иә, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Асханада», біз бұл тақырып бойынша нені білеміз, нені білуіміз керек, соны анықтап алайық. Мұғалім сабақтың мақсат-міндеттерін анықтайды.
  • Балалар, біз бүгін асхана туралы көп ақпарат үйренеміз, асханада өзін-өзі ұстау тәртібі туралы танысамыз.
Сөздікпен жұмыс. Тақтадан жаңа сөздерді мәнерлеп оқу. Біз - мы Келдік - пришли Ботқа - каша Осы сөздерден сөз тіркесін немесе сөйлемдер құрастыру.

І топ тапсырмасы:

Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Тыңдалым.
♦ Оқушыларға кезекпен - кезек дауыстап оқыту.
Мәтінді түсініп оқу, мәтін бойынша 2 сұрақ құрастыру, жауабын топ мүшелері бір-бірінен алады.
Біз асханаға келдік. Асханада үстел мен орындықтар бар. Үстелдің үстінде пышақтар, қасықтар, шанышқылар жатыр.Аспаз бүгін ботқа пісірді. Асханада ботқадан басқа шай, сүт, май, нан бар. Біз тамақты асықпай іштік. - Балалар, шаршаған боларсыздар. Олай болса, барлығымыз орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық. Сергіту сәті. «Жұмыр қылыш» Ашық сабақ: Асханада (3-сынып)

2- тапсырма: Алдарыңдағы шашылған сөздерден сөйлем құрастырып, тамақтану ережелерін атап шығыңдар. Сосын тақтадан тексереміз.

1. Келдік, біз, асханаға.
2. Тамақты жеу керек асықпай .
3. Ботқа, аспаз, пісірді.
4. Бар, қасық, шанышқы, пышақ, асханада. Рөлдік ойын. «Асханада»

  • Балалар, енді асханада не жайлы сөйлесетінімізді есімізге түсіріп, сұхбат құрып жіберейік. Қазір жұппен жұмыс жасайтын боламыз, осы тірек сөздерді пайдаланып, диалог құрып жіберіңіздер.
  • Асханада диалог кімдер арасында болуы мүмкін?
  • Иә, дұрыс, аспаз бен оқушы арасында, оқушы мен оқушы арасындағы әңгімені сахналаңыздар. 10 минут беремін.
Ашық сабақ: Асханада (3-сынып) «Адасқан әріптер» ойыны.
  1. О,р,с,а,п (сорпа)
  2. Ш,ы, п, а, қ (пышақ)
  3. Х, а,н, с, а, а (асхана)
  4. Қ, о, б, т, а (ботқа)
  5. Й, ш, а (Шай)
  6. Қ, с, а, қ, ы (Қасық)
  7. З, с, а, п, а (аспаз)
ІV Сабақты қорыту.
  • Балалар, енді «Асханада» тақырыбына топпен кластер жасап жіберіңіздер. 10 минут уақыт беремін. Сосын осы кластерді топ басшысы тақтаға шығып қорғайды.
Ашық сабақ: Асханада (3-сынып)Ашық сабақ: Асханада (3-сынып) Рефлексия. - Балалар, жаз белгісі не? - Мына далада жаз болуы үшін не жетіспейді. - Иә, гүлдер жетіспейді. Ендеше, балалар, әдемі гүл ғана емес, әдемі тілектірімізді айтып, әдемі дала жасайық!
  • Алдарыңызда тұрған қызғалдақтарға не ұнады, нені білгендеріңіз жөнінде жазып, көктемді гүлге толтырайық.
V Үй тапсырмасы. «Менің сүйікті тағамым» тақырыбына шағын мәтін құрау VI Бағалау. Жеке оқушының және топтың жұмысы мен қабілеттелігіне сапалы баға беру. (жетондар тарату)


© 2010-2022