48: 2, 480: 2, 480: 20 түріндегі бөлу. 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жанпеисова Б.Д

Ақши орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сынып: 3 «А» Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: 48:2, 480:2, 480:20 түріндегі бөлу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Кестеден тыс бөлуді тиімді тәсілмен орындау дағдыларын қалыптастыру;

Дамытушылығы: Шапшаңдыққа,танымдылық пен шығармашылыққа дамыту.

Тәрбиелігі:Тиянақтылыққа, жаңа ақпаратты тыңдай білуге баулу.

Көрнекілігі: Плакаттар, сандар.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Әдіс-тәсілі: Сұрақ жауап, өздік жұмыс

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі - Сәлемдесу. - Оқушыларды түгендеу. - Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй жұмысын тексеру

36 бет №5,7 ескптерді парта бойынша тексеру.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

№1 (ауызша түсіндіру)

1. Бөлінгішті ондық пен бірліктің қосындысына ауыстырамыз;

2. Қосындыны санға бөлудің ережесін қолдана отырып, алдымен ондықтарды, содан кейін бірліктерді бөліп, алынған нәтижелерді қосамыз;

Берілген санға ондықтар да, бірліктер де бөлінетін болса ғана, бұл екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу тәсілін қолдануға болатыны айтылады;

№2 (түсіндіріле отырып орындалады)

№3 кестемен жұмыс

Бағасы Саны Құны

? 6 доп 720 теңге

IV. Топпен жұмыстар:

І топқа: 1. Қағаз бетіндегі шаршылар мен дөңгелектердің саны 4-ке тең. Егер біріншісі екіншісінен 2-уі артық болса, онда қағаз бетінде неше шаршы, неше дөңгелек бар?

2. Өрнек құрастыру:

ІІ топқа: 1.Самат төменнен санағанда бесінші, жоғарыдан санағанда бесінші қабатта тұрады. Самат қай қабатта тұрады?

2. Өрнек құрастыру:

ІІІ топқа: 1. Мейрам күні қонақтар билеуге шықты. Жұптасып тұрғанда бір қонақ артық болып шықты, үшеуден билеуге тұрса да, біреуі артық болып шықты. Қонаққа келген қонақтар саны 10-нан кем екені белгілі болса, неше қонақ келген?

2. Өрнек құрастыру:

№4 24=20+4 24=12+12

24=18+6 24=16+8

№6 (ауызша)

Суреттермен жұмыс, тіл дамыту сұрақтары.

№8 (танымдық тапсырмалар мұғалімнің көмегімен)

(5+5) х (5+5) = 100 5 х 5 х 5-5 = 120 (5 х 5 + 5) х 5 = 150

Қосымша тапсырма:

Өрнекті жаз және мәнін тап.

  1. 36 мен 4-тің бөліндісін 9ға көбейт.

  2. 360 бен 90 бөліндісін тап.

  3. 720 мен 8-дің бөліндісін 3ке көбейт

V. Сабақты қорытындылау: Оқушылар өздері қорытынды жасайды

І. 68:2 680:2 680:20

ІІ. 24:3 240:3 240:30

ІІІ. 64:8 640:8 640:80

VI. Үйге тапсырма: Қайталау

Бағалау:

© 2010-2022