Ашық сабақ Мен Қазақпын

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Мен қазақпын жасқанбай айта аламын»

Тәрбие сағатының ашылуы үнтаспадан күй ойналып тұрады.

1 -оқушы: Мен -қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен,

Жылағанда - жүрегім, күн тұтылып

Қуанғанда-күлкімнен түн түрілген.

2.Орындықта қарт отырады.Осы кезде жүгіріп немересі шығады.

-Ата не ойлап отырсың?

-Ә,балам,өткен өмір туралы ойланып отырмын.

-Ата, «өткен өмір»деген не?

-Балам, өткен өмір»деген сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден бергі өткен

өмір жолы, тарихы емес пе?

- Ал ол қандай болған?

-Ендеше,тыңда балам,атаң бір сөйлесін.

Болмаса да оқыған тарихшы атаң,

Жинадым елдерден тарих хатын.

Мақсатым,кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

Айтылған аталардың аманатын.

Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиіссің.Сонау ерте кезде біздің ата бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, қазақ болып қалыптасуынан басталады бұл тарих.Сол тарихымызды тыңдайық енді.

2-оқушы: 15 ғасырда қуатты қазақ хандығын құрдық.

Алайда тәурелсіз қазақ мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады.Ұлан-байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді.

3-оқушы: Қазақ жері-қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі-қас сақтай ердің елі.

Елі кедей болмаған -жері байтақ

Едігедей, Бабырдай шерлер жері.

4-оқушы: 1723 жылы жайлауға көшіп, каннен қаперсіз жатқан елімізге жонғар тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дұрліккен ел шұбыра қашып ,

ақ табан шұбырынды болды. Жұрт Алакөлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалатты.

5-оқушы:

Қазақ жері көп шеккен қасіретті

Қазақ ері-өнерлі, өсиетті

Египетті билеген Бейбарыстың

Елі текті киелі қасиетті.

«Елім-ай» әні орындалады.

6-оқушы:

1923-33 жылдардағы адам айтса нанғысыз ашаршылықта алты миллиондай адамның екі

миллионы опат болды.

7-оқушы: 1941-45 жылдардағы адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты, қорғап ерекше ерлік көрсетті. Жүзге тарта халық қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді.

Олар: М. Мәметова, Ә. Молдағұлова, Б. Момышұлы, М. Ғабдуллин,т.б.

8-оқушы: Бауыржандай

Мәскеуді қорғап аған,

Бауырмалдар жауға елді қорлатпаған,

Жатыр бүгін жалын боп алыптары,

Батырлығы бағыт боп орнатылған.

1986жылы желтоқсанда елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты.

Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қайнаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін

әлемге паш етті. Қазақстандағы 1986жылғы желтоқсанның 17,18-де болған оқиғаларға

қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтар: Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова,С.Асанова,С.Мұхамеджанова,Е.Спатаев.

Нашақор деп,ұлтшыл деп
Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде
Қайғыға бір күнде батқан күн.

Әділет пен шындықты
Өтірік жала өткен күн.

«Желтоқсан әні» орындалады.

11-оқушы: Келеді осылай аңсаған күнімізде

Қайта оралды сан ғасырлық қиындықдан

Қасиетті тіліміз бен дінімізде.

12-оқушы: Тәуелсіз мемлекетпіз -Қазақстан,

Біздерді басқармайды ешкім тыстан.

Оңайлықпен келген жоқ теңдігіміз

Аманқалған халықпыз қырылыстан.

13-оқушы: Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Босағада қалып келген Елтаңба,

Баяғыша төріме кеп ілінді.

14-оқушы: Қазақстан-Туымен тұғырлы

Елтаңбасымен еңселі.

Әнұранымен айбатты.

15-оқушы: Тәулесіздік жолындағы алғашқы қадамдардың бірі-Тіл заңы

22 кыркүйекте 1997 жылы қабылданды.

16-оқушы: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер балаң,байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

17-оқушы :30-тамызда 1995 жылы жаңа Конституция-Ата Заңымыз қабылданды.

18-оқушы: Халықтың ақ тілегі,

Ізгіліктің бастауы.

Ата Заң бұл киелі

Еліміздің бас Заңы.

Атасы:

-Бұған да тәубе.Егемендік алып,бізді әлем таныды.

Немересі:

-Ата, «Егемендік» ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.

Егеменді деген сөзден естілер,

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Атасы:Міне,егемендік деген осы.Енді желбіреген көк байрағымыз,айбатты әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.Егемендік еліміздің келешегі өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап отырмын.Ұмытпаңдар,айналайындар!

«Үш бақытым»М.Мақатаев.

19-оқушы: Ауылым-ырысы мол құт мекенім,

Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.

Саяңда ойнап,өсіп,білім алып

Алаңсыз асыр салып ер жетемін.

Жеріңді ұлтарақтай біз сақтаймыз,

Қасиетті Жер-Ана, ауыл-елді,

Мұғалім: Біздің республикамыз жылдан-жылға,күннен-күнге

өркендеп, өсіп,кеңейіп,гүлденіп келеді.

Олай болса,21-ғасырға ақ тілек тілейік:

Басшыларымыз алысты көрсін,

Жекешелеріміз табысты болсын.

Қыздарымыз саналы,сұлу,

Ұлдарымыз намысты болсын.

Қалада, мейлі қырда болсын

Келген, кеткен ырза болсын.

Баға сөмкемізге сыймайтын болсын

Халқымыз ғасыр табалдырығын

Қазақша сөйлеп, аттайтын болсын.



© 2010-2022