Конспект «Ц дыбысы мен әрпі»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конспект «Ц дыбысы мен әрпі»

Конспект «Ц дыбысы мен әрпі»

Конспект «Ц дыбысы мен әрпі»


Конспект «Ц дыбысы мен әрпі»

Конспект «Ц дыбысы мен әрпі»

Сабақтың тақырыбы:Ц дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік:Ц дыбысы мен әрпін таныту.Ц дыбысының дауыссыз екенін меңгерту.Оқуға жаттықтыру.Сауатты жазуға машықтандыру.

2.Дамытушылық:Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту.Сөздік қорын молайту.Оқуға деген белсенділігін арттыру.

3.Тәрбиелік мәні:Кішіпейілділікке,туған жерін құрметтеуге,табиғатты қорғауға,топта тату болуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі:көрнекілік,талдау,өз ойын ортаға салу,сұрақ-жауап,дәптермен жұмыс,жаттығу ойлану.

Көрнекілігі:Интирактивті тақта,тірек сызбалар,сайқымазақтың суреті.

Пәнаралық байланыс:Тіл дамыту.

Сабақтың барысы.

1.а)Ұйымдастыру бөлімі оқушылармен амандасу,пәнге қажетті құралдарының даярлығын тексеру,дұрыс отыру.

ә)Сабақтың мақсатын хабарлау.

2.Психологиялық дайындық.

Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз».

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

3.Өз мүмкіндігінді пайдалан.

Жұмбақтарды шеш.

1)Жаны жоқ кірпі,

Өні бойы түрпі.

(Щетка)

2)Киімнің болса шаңы бар,

Тазалап ол арылтар.

Қажет заттың аты не?

Басында қай әрпі бар?

(щ)

Буындар мен сөздерді оқы.

Щи,ща,щы,ащы,тұщы.

4.Ой қозғау. Сұрақ-жауап.

Суретпен жұмыс.Цирктің суреті.

-Суретте не бейнеленген? (Цирк)

-Циркте кімдер,нелер жұмыс жасайды?

-Акробаттар,маймылдар,сайқымазақ,аюлар.

-Дұрыс.

5.Жаңа мағынаны игеру.

-Балалар,бүгін бізге сабаққа қонаққа Сайқымазақ келді.Сайқымазақ сіздерге жаңа дыбыс ала келген және оның әртүрлі тапсырмалары бар екен.

6.Оқулықпен жұмыс.

Сайқымазақтың бірінші тапсырмасын көрейік,ол сіздерге ц дыбысын ала келген.

Оқулықтан,интерактивті тақтадан Ц дыбысын көрсету.

-Ц дыбысын дыбыстату.

Ц,ц,ц,ц.

-Ц дыбысының дауыссыз екенін айту.Мына суретте кәдімгі шеңбер сызатын құрал циркуль деп аталады.

-Ал,екінші суретте цирк алаңы.Ц дыбысы сөздің басында,ортасында кездеседі.

Циркуль,цирк сөздеріне сөйлем құрату.Сызбасын сыздыру.

Менің ағам циркуль алды.Сөздерді буынға бөлеміз.

Ал,балалар,біздер сайқымазақтың тапсырмасын орындап болдық.Ол бізге риза.

2 тапсырманы орындап көрейік:

Бағанмен берілген сөздерді оқу.

Цирк концерт операция

цех цемент мотоцикл

1.Мұғалім өзі оқиды. (сөздердің мағынасын түсіндіру)

2.хормен оқу.

3.жеке оқушыға оқыту.

7.Дәптермен жұмыс.

Ц дыбысының баспа түрін көрсету,жазу.Ауада жазып көрсету.

Ц Ц Ц Ц Ц

ц ц ц ц ц

Тақтаға мұғалім жазып көрсетеді.

Бой жазу жаттығулары.

Ал,балалар тұрыңдар,

Алақанды ұрыңдар,

Бір отырып,бір тұрып,

Бір демалып алыңдар.

Ой толғаныс.

Жұмбақты шеш.

Үш таяқшадан мен тұрамын.

Әрине бар бір аяғым,

Шеңберді сызатын құралдың,

Ең басында тұрамын.

Айтшы,балақай мен қандай дыбыс боламын?

(Ц дыбысы)

-Дұрыс,сайқымазақ өте қатты қуанды.

Суретпен сөздерді балалар сәйкестендіреді.

«Артық сөзді тап» Неге ол сөз артық деп ойлайсын?

Сүт,нан,айран,кітап.

Цирк,цех,концерт,балық.

Сайқымазақ сіздерге ең соңғы тапсырма бергелі отыр.Бұл тапсырма мына сиқырлы қорапшада.Қане,көрейік.

Топтық жұмыс.

«Кім жылдам?» ойыны.

1.топ цирк (сөйлем құрып,сызбасын сыз.)

2.топ мотоцикл(сөйлем құрып,буынға бөл.)

3.топ концерт(сөйлем құрып,дыбыстық талдау жаса.)

Қорытындылау.

-Бүгін балалар сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Қонаққа кім келді?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

Мадақтау.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.

Сайқымазақтың тосын сыйы,сиқырлы қораптан сыйлық алып шығу.

Балаларды жұлдызшалармен бағалау.

© 2010-2022