Конспект для уроков

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Ақтөбе қаласы №47 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Құлмұратова Гүлдана Аманалықызы.
Тақырыбы: Ғажап математика. Мақсаты: Қызықты математикалық тапсырмаларды орындауға жаттықтыру. Оқушылардың математикадан алған білімдерін пысықтау. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Әдісі: сайыс сабақ Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, нақыл сөздер. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Айбиби: Уа халайық, халайық, Бәріңе жар салайық. Ислам: Бүгінгі кеш төрінде Математика тілінде, Сымбат: Есеп шешіп жарысып Шабыт тасып, шалқысып Эльдар: Жұмбақ шешіп аңдысып, Есеппен ән салысып, Айдын: Көңілді кеш жасайық. Жұмбақ бәріне шашайық. Болат: Мұнда қызық табылар, Мақал, жұмбақ бәрі бар. Мұғалім: Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім, Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп Абай атамыз айтқандай, уақытында математика сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда математикамен әрі қарай сырласып, кейбіреллерімен мұндасып қалу үшін өткізгелі отырған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға бүгінгі «Ғажап математика» атты математикалық сайысқа қатысушыларымызды шақырамыз. І топ «Алғырлар» тобы. ІІ топ «Тапқырлар» тобы. Әр топ өзін таныстырады. «Алғырлар» Топтың ұраны: «Математика - ғылымдар патшасы». Шақырып жарыстарды сан - салалы, Алғырлар топ жарғалы зер салады! Ту етіп достық пенен татулықты Тапқырлар командасын қарсы алады! Тапқырлар биіктерде қалықтасын! Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын. Жеңіс туың желбіреп алауласын, Бәйгені сенен ешкім ала алмасын. «Әділқазыларға сәлем»: Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем! Әділдікке бас иеді күллі әлем! Жүйрік озар сайыстарда неше бір, Сарапқа сап әділдікпен шеше біл! «Білгерлер» Топтың ұраны: «Математика - ақыл-ойдың озығы». Осындай алғыр достар кез - келгенде, Жетсін - ау, жарыстарда женгенге - не? Қарсылас болғаныменен құрбысыңдар, Тілейміз ізгі тілек сендерге де! Құрметпен алғырларда ой - саналы, Тапқырлар сәлем беріп ән салады. Бүгінгі сайыстан достарына Қашанда тапқыр бол деп ән салады. «Әділқазыларға сәлем»: Достықпенен бірлікті етіп тұлға, Жеңіске жеткен едік талай сында. Қара қылды қақ жарып әділқазым, Еңбегін «Тапқырлардың» әділ сына. Мұғалім: Шеберлікті, білімді Сараптап сендер көріңдер Әділқазы алқасы Әділ баға беріңдер! Сайысымыздың әділ қазылар мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер:
Сайыстың жоспарымен таныстырып өтейік. Сайыс 6-турдан тұрады. І. Блиц-турнир. (сұраққа - жауап) ІІ. Ойланайық, ойлайық, ребустарды тез шешейік! ІІІ. Геометриялық басқатырғы. ІV. Миға шабуыл. V. «Қызықты шаршы» Топтарымыз дайын болса, ойынымызды бастайық. І. Блиц-турнир. (сұраққа - жауап). Мұнда әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпай беріледі. 1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? Айырма 2. 1 сағатта неше минут бар? 60 3. Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура. Шаршы 4. Оқу жылының алғашқы айы қандай? Қыркүйек 5. Қосуға кері амалды ата. Азайту 6. 9+7 өрнегінің мәні қанша? 16 7. 1 дм неше см болады? 10 8. Периметрді қалай табамыз? Қосамыз 9. Салмақ(масса) өлшем бірліктерін ата. Г,кг,т,ц. 10. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.
  1. Қосудың нәтижесі қалай аталады? Қосындының мәні
  2. Аптаның соңғы күні қалай аталады? Жексенбі
  3. Бір тәулікте неше сағат бар? 24
  4. 8+7 өрнегінің мәні қанша? 15
  5. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата. 98
  6. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата. Үшбұрыш
  7. Ұзындық өлшем бірліктерін ата. Мм,м,см,км.
  8. 1 минутта неше секунд бар? 60
  9. 1 ғасырда неше жыл бар? 100
  10. Айырмаға кері амалды ата. Қосу
ІІ. Ойланайық, ойлайық, ребустарды тез шешейік! Мұнда екі топқа ребустар беріледі. ІІІ. Геометриялық басқатырғы. Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан - Математикаға орын берсең басығнан. Барлық ғылым саған үйір болады, Досың солар - табылатын қасыңнан - дей келе геометриялық басқатырғаларды шешейік. Мына геометриялық фигураларды пайдаланып, бір адам бейнесін тез құрастырып шығыңыз. ІV. Миға шабуыл. І топ.
  1. Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонда екі қаз. Қонбады оның нешеуі? Қане, кім тез шешеді? (5)
  1. Бақшаға жақсы аға
Көп - көп ойыншық келді алып. Бір балық, екі есек, үш үйрек, Төрт түлік,бес бүркіт, Алты арғымақ, жеті жарқанат Болма есепке сен шорқақ Бақшаға жақсы аға Ойыншық әкелді қаншама? (28)
  1. Аспан қандай күздегі!
Қарап тұрмын ауладан Тырналардың тізбегі - Сүйір бұрыш аумаған Әр қанатта - он бірден Басшысынан бөлегі Бар тырнаны кім бірден Тез есептеп береді? (23) ІІ топ.
  1. Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек Бір үйрек тығылды, Бір үйрек жығылды Қалғаны неше үйрек? (6)
  1. Мынау да бір санамақ
Өздерің көр саралап Төбеден төрт бөктері Аңдыпты қос кептерді. Шыңқылдаса көп қарға Үн қоспапты көп қарға Секем ап бір дауыстан Безектеп бес сауысқан Алты белден асыпты Тым - тырақтай қашыпты Үш үкі үркіп ұшыпты Тасқа құлап түсіпті Жарда жеті жапалақ Отырыпты қаталап Бұйтып қызық іс болды Бәрі қанша құс болды? (21)
  1. Аспан қандай күздегі!
Қарап тұрмын ауладан Тырналардың тізбегі - Сүйір бұрыш аумаған Әр қанатта - он бірден Басшысынан бөлегі Бар тырнаны кім бірден Тез есептеп береді? (23) V. «Қызықты шаршы» 1,2,3 сандарын пайдаланып, тақтадағы шаршыны толтыру керек, тігінен де, көлденеңінен де қосқанда сандардың қосындысы 6 болсын.


2


1



3

3


2


1



1



3


2
Жанкүйерлермен сайыс.

  1. «Жаңылмай айтайық»
1-ден 10-ға дейінгі сандарды қазақша - ағылшынша тура, кері санау.
  1. «Логикалық - сұрақ тапсырмалар»
  1. 2 сиырдың мүйізі нешеу? 4
  2. 5 қойдың басы нешеу? 5
  3. 3 адамның қолы нешеу? 6
  4. 1 мысықтың аяғы нешеу? 4
  5. Сенің әке-шешең көршіңе кім болады? Көрші

Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге, Көкірегінде болсын кез дей отырып - бүгінгі сайысымызда мәресіне жетті. Ортаға сайысымызды қортындылауға әділ қазы алқасын шақырамыз. Сіздерден сұрайтынымыз әділ бағалауды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.







© 2010-2022