Баяндама аты: Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өтініш қағазы

Баяндама аты: Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Жұмыс орны : М. Сиранов орта мектебі

Қызметі: Мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі

Мекен -жайы: Атырау облысы

Индер ауданы

Елтай ауылы

Телефон: 25-3-59

Аңдау хат

Тәрбиеші өз баяндамасында мектепалды даярлық балаларының

логикалық ойлау қабілетін дамыту -тәрбиешінің басты міндеті екенін

атап көрсеткен.

Өз сабақтарында балалардың логикалық ойлау қабілетін ойын әрекетімен ұштастыра отырып, дамытудың тиімді жолдарын көрсете білген.

The summary

The teasher in the report has noticed that important to a problem of the tutor is a development of logic abilities of children of preschool group.

On the employment the tutor applies the most effective methods of training of activization of logic abilities game elements.



М.Сиранов атындағы мектепалды

даярлық тобы тәрбиешісі Хамитова

Баршагүлдің «Балалардың логикалық

ойлау қабілетін дамыту» тақырыбындағы

баяндамасына

Пікір



Тәрбиеші баяндамасында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағы бойынша өткізген сабақтарының үлгісін ұсына отырып, балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында пайдаланған дидактикалық тапсырмалар мен ойын әрекеті арқылы жүргізген жұмыстарына тоқталған. Тәрбиеші өз сабақтарында тиімді әдіс-тәсілді кеңінен пайдаланып, балалардың таным -түсінігін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілетін дамытуда нәтижелі жұмыстар жүргізген.

Бірлестік жетекшісі: Б. Хамитова



Жоспар

І. Кіріспе бөлімі

1. Логика дегеніміз не?

ІІ. Негізгі бөлімі

1. Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары.

2 . Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу іс-

әрекетінде балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту

бағытындағы жұмыстар.

ІІІ. Қорытынды.

1. «Тәрбиеші еңбегі - нәтижелі жұмысымен көрінер»





« Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту»

М. Сиранов атындағы орта мектептің

мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі

Хамитова Баршагүл Өмірғалиқызы

Қазақстан Республикасының қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген.

Сол себепте қазіргі таңдағы негізгі талаптардың бірі - білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған, жаңаша, тәуелсіз, ойлай алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып кетейін. Логика (грек тілінен алынған logic -сөз, ой, ойлау, ақыл -ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым. Обьективтік пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады. Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше.

Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі - логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді.Әр тәрбиеші ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет деп біліп, мен де өз жұмысымда баланың логикалық ойлауын дамытуды мақсат еттім. Сол себептен шығармашылық бағыт бойынша жүргізетін жұмысымдағы мақсатым:

Балалардың бойында кіші жастан танымдық, шығармашылық қабілеттерін, интеллекттісін, қисынды ойлау бейімін қалыптастырып дамыту, математикалық тілдің элементтерін меңгерту, яғни «математикалық сауаттандыру»  балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту;  қиялдарын ұштау;  тапқырлыққа жетелеу;  қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындауға қызығушылығын арттыру. Міндеттерім  балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету;  логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;  балалардың математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Мектепалды даярлық, балаларының логикалық ойлауларын дамытудың негізгі кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты -бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды даярлықта балалардың ой - өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өздерінің ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды.

Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз - қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз.Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті. Сондықтан да тәрбиеші балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.Логикалық тапсырмаларды үнемі жүргізіп отырсақ, біз балалардың тек пәнге қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауында мынадай тәсілдер арқылы дамыта аламыз. Ұғым қалыптастырудың логикалық тәсілдері:

  • Талдау- бұл нәрселерді бөліктерге жіктеу және олардың белгілерін айқындап көрсету. Мысалы «Апельсин» біз ойша оның пішіні дөңгелек, бүдірлеу, түсі-қызғылт сары, ішкі құрылымы кішкене бөліктерге бөлінген.

  • Жинақтау-талдау нәтежесінде алынған белгілерін,бөліктерін ойша біртұтас бүтінге біріктіру. Мысалы: ол көкөніс.

  • Салыстыру- нәрсенің мәнді, мәнсіз белгілеріне қарай ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау. Мысалы: Апельсин және мандаринді алсақ пішіні бірдей көлемі әртүрлі.

  • Абстракциялау-нәрсенің белгілі бір белгілерін ойша баса көрсету және оны басқалардан дерексіздендіру. Мысалы: олардың екеуінің формасы бір, дөңгелек

  • Жалпылау- біріңғай нәрселерді ойша кейбір кластарға біріктіру. Мысалы: геометриялық пішінге жатқызу.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде, интеграциялық сабақтарда түрлі формаларда өткізуге болады. Мысалы. Мерекелік кеш (әзіл-жұмбақтар, ребус, сөзжұмбақ, математикалық фокус), математикалық логикалық ойын, есеп-жаттығу (танграм, стомахион, пентомино, құрақ құрату), дидактикалық ойын т.б.

Логикалық ойлаудың ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады.

Тапсырма орындау 2 кезеңнен тұрады;

  • Ауызша немесе сурет бойынша тапсырманы орындауға бағыт беру. Бұл баланың қабылдауына, есте сақтауына, ойлауына ықпал етеді;

  • Ойын жаттығулар арқылы зейінін тұрақтандырып, іс әрекетті тікелей орындау арқылы баланың дамуын анықтаймыз. Ойнай отырып ойлауға бағыт береміз.

Бала ойлауын анықтауға арналған тапсырмалар:

  • Көзбен көре отырып таңдау.

  • Заңдылықтарын табу

  • Күрделі пішінді заттарды талдау, іріктеу

  • Қатарды жалғастыру

  • Қатесін табу

  • Ой толғау

  • Сөздік логикалық ойын

  • Жетіспейтін заттарды табу.

Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу, бүлдіршіндердің ой - өрісін іс - қимылын жан - жақты дамыту тәрбиешінің басты міндеті.

Бүлдіршіндердің логикалық қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің заттары әртүрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың маңызы зор. Өйткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Логикалық ойдың ерекшелігі қорытындылардың қисындылығы да олардың негізіне сай келуі. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Логикалық ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге, өзінің іс -әрекетін талдауға үйренеді. Балалардың логикалық ойлауын дамытудың қажеттілігі туралы әдіскерлер А. Я. Зорина, Ж.Икрамова, т.б ерекше атауға болады. Сонымен бірге Қазақстандық ғалымдарЕ. Әбілқасымова, А. Баймадиева сынды ғылымдардың еңбектерін естен шығармауымыз керек. Мектепалды даярлық балаларының алғашқы сатысы іс-әрекеті логикалық тапсырмаларды ойын әрекеттерін, ұштастыра отырып бастаған дұрыс. Бала ойынға қызығу арқылы оның ой-өрісі,қиялы , логикалық ойлауы қалыптасады.Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық қабілеттерін дамыту мынадай тапсырмаларды орындаудан басталады.

«Жан-жануарлардың төлдерін ата» , «Қарама-қарсы кескінді тап»,

«Бірдей өрнекті тап», «Заттардың сыңарын тап», т.б тапсырмаларды орындағанда оның бір ғана жауабы болмайтынын , көп екенін , тағы іздеуге

болатынын түсінеді. Күнделікті сабақтарымда логикалық тапсырмаларды бере отырып, баланың ой-өрісі дамиды.

Мысалы бірнеше заттардың бейнесін көрсеткен кезде, бала сол суреттерге қарап, топтап, жүйелеп логикалық ой қортындысын жасайды. Мысалы: Бұл суреттердің ішінен сәйкес келмей тұрғанын табу деп суреттер көрсетіп, мына суретте не артық деп сұрасақ ,бала артық заттарды атайды.(Қосымша1)

Осы тектес суретшінің қатесін тап суретін көрсетіп, тапсырмаларды орындатуға болады.(Қосымша2) әуленің ойыншықтары: қоян, піл, қонжық арыстан, көбелек,тышқан қайда жасырынған? (Қосымша3) Мына суреттегі артық затты тап, қалғандарын бір сөзбен ата.( Қосымша 4) деген логикалық тапсырмалар балаларды тапқырлыққа ойлай білуге үйретеді.

Логикалық ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге, өзінің іс -әрекетін талдауға үйренеді.

Қорыта келе, аталған жұмыс түрлері, бала үшін, оның танымын, логикасын арттыру үшін өмірде қажетті екенін көрсетеді, яғни олардың шығармашылық деңгейін көтереді, қызығушылықтарын арттырады.Өзімнің тәжірибемде балалардың қиялына қанат бітіріп, ойлау,таным қабілеттерін жетілдіріп, тапқырлыққа баулу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді сабағыма қолданамын, Осы мақсатта балалардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіруде математика сабағының рөлі ерекше. Математика сабағынан жоспарымды ұсынбақпын.




Білім беру саласы: Таным

Білім көздері: Математика Тақырыбы: Теңге.

Сабақтың мақсаты :

Балалардың ақша туралы білімдерін тереңдету.Ұлттық теңге туралы мағлұмат беру.Еңбек етудің маңызын ұғындырып, еңбек нәтижесінде ақша келетінін айтып оны үнемдей білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі : Дидактикалық материалдар , слайд, интерактивті тақта, Оқыту әдісі : сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету. түсіндіру. .

Іс -әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімін ояту Шаттық шеңбері Біз балдырған тең басқан Дос құшағын кең ашқан Тілегіміз әділдік Ашық болсын көк аспан

Өлеңді бәрі қайталап айтады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру

Балалар біз өткен сабақтарымызда қандай сандармен таныстық.Кәне кім маған 1-20 дейін тура және кері санап береді. Жарайсыңдар балалар.

Біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде теңге туралы айтамыз. Яғни біздің ұлттық теңгеміз .Біз ақша туралы білу үшін зертхана бұрышына барайық.

Ал енді балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз.

Біздің ұлттық ақшамыз қалай аталады?

Теңгеміздің шығу тарихы туралы айтайын. Ең алғаш рет 1993 ж 15 қарашадан бастап айналымға енгізілді. Мынау ең бірінші шыққан теңге түрлері, онда қазақтың атақты би, хандарының суреттері бейнеленген. Ал мынау қазір қолданып жүрген теңгеміз. Бұл ақшаларда ненің суреттері бейнеленген екен., назар аударайық.

Теңге туралы кім қандай тақпақтар біледі?

Ал енді ақша туралы мақал-мәтел білесіңдерме?

Ал енді балалар біздің үйімізге ақша қайдан келеді?Осы сұраққа жауап алу үшін мына тақтадағы суретке қарайық.

Мына балаға ат қояайық.

Мараттың әкесі құрлысшы болып жұмыс істейді.

Бұл мамандықтар адамға не үшін керек?

Жалақы дегеніміз ол не балалар?

Ия. Еңбек етпеген адамда ақша болмайды екен.

Балалар тақтадан нені көріп тұрмыз.

Кім банкаматқа әкесі мен анасымен барып көрді.

Дұрыс айтасың. Еңбекақыны банкаматтан ала аламыз. Ал көп ақша сақталатын жерді недеп айтаммыз.

Балалар еңбекақыны алған соң өзімізге қажетті заттарды алу үшін дүкенге барамыз.

Енді «Дүкен» ойынын ойнаймыз.

Балалар ақшаны алғаннан кейін үнемдеуіміз қажет. Үнемдеуді білмеген адам шығынға ұшырайды

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырмаларды ауызша орындау.

Сергіту сәті.( Би терапиясы)

Банктегі көрініс.


1-20 ға дейін тура және кері санау.

Зертханада балалар ақшаның түрлерін қарап, ұстап көріп, олардың түстерін айтып қазіргі теңге ,мен бұрынғы теңге түрлерін салыстырып білімдерін қорытындылайды.

Біз тәуелсіз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Теңге.













Мен, теңгемін, теңгемін Қазақ деген елденмін Тәуелсіздік тұғырым Жарқын менің ғұмырым

Ақша кетуге тырысады Есеп ұстауға тырысады.

Теңге тиыннан өссер Жылқы құлыннан өссер Мамандық иелерінің суреттерін көріп тұрмыз. Айшаның анасы дәрігер. Әділдің мамасы сатушы. Айгүлдің анасы мұғалім. Әр адам мамандығы бойынша еңбек етіп,жалақыларын алады. Ол ақша. Банкаматты.

Менің әкем жұмыстан келген соң мені өзімен бірге банкаматқа апарды. Өз еңбекақысын осы жерден алады.

Банк.

Сұраққа жауап беру.

Аяулым( депозит салымшысы)

Сәлеметсіз бе?

Мен ақшамды депозитке салайын деп едім. Оның пайдасы неде.

Айзат( банк қызметкері)

Сәлеметсіз бе? Мен түсіндірейін .Біздің депозитте сіз өз ақшаңызды үнемдеп , ертеңгі күнге жинақтап , және банктың пайызы арқылы көбейте аласыз.

Аяулым . Рахмет ,мен ендеше депозитке салайын

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау

Балалар ақшаны үнемдеген жөн екен.

«Кім? Қайда?, Неге?» ойыны

Шарты: Ортадағы айналатын барабан үстінде сұрақтар бар. Барабан қай сұраққа тоқтаса, сол сұраққа жауап беру керек. Ойнаймыз ба?

1.Біздің ұлттық валютамыз қалай аталады?

2. Сөз қолданысында теңгені үш тілде айтып көр.

3.1 теңгеге 1теңгені қосқанда неше теңге болады.

4. Банкте не сақталады?

5. Банкаматтан не аламыз?

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінде немен таныстық?.

Теңгені қалай жұмсау керек?

Мадақтау.

Ия

Теңге.

Қазақ тілінде- ақша

Орыс тілінде- деньги

Ағылшын тілінде- money

Ақша

Еңбекақы, зейнетақы аламыз

Оқу іс-әрекеттен күтілетін нәтиже:

Баланың білуі: Ұлттық теңгеміз туралы білді.

Баланың меңгеруі: Ақшаны үнемдеуді меңгерді.

Баланың жасай алуы: Тапсырмаларды орындай алд

Білім беру саласы: Таным

Білім көздері: Математика Тақырыбы: 1-5 ке дейінгі сандарды қайталау .

Сабақтың мақсаты : 1- ден 5 - ке дейінгі сандар туралы өткенді пысықтау; геометриялық фигураларды табу қабілетін дамыту;логикалық тапсырмаларды шешуді үйрету;

Көрнекілігі : Дидактикалық материалдар , слайд, интерактивті тақта, Оқыту әдісі : сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету. түсіндіру. .

Іс -әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімін ояту

Шаттық шеңберіАмандасу
Қуан, шаттан! Алақай!
Қуанатын күн келді!
Қайырлы таң,
Қайырлы күн.
Күліп шықты күн бүгін.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысы

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар, бүгін біз үшін ерекше сабақ. Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-қыркүйек, қазан, қараша.
Қызықты сәт.
Жүгіріп қоян кіреді. Қолында сыйлығы бар.
Қоян: Сәлематсыздар ма! Балалар.
Тәрбиеші: Сәлематсыз ба? қоян, көңілдісің ғой?
Қоян: Ия балалар бүгін менің туған күнім, маған қасқыр сыйлық берді.
Тәрбиеші: Сыйлығыңды бізге көрсетесің бе? Қасқыр саған не сыйлады екен?
Қоян: Білмедім? Ендеше сыйлықты бірге ашып көрейік.
Қоян: Ой балалар мына қораптың ішінде дым жоқ қой! Сонда мені қасқыр алдағаны ма?
Тәрбиеші: Қоян тоқта ренжіме қораптың ішінде хат жатыр. Хатты ашып көрейік.
Тірбиеші: Қоян қасқыр саған тапсырмалар беріпті сол тапсырманы орындасаң сыйлығыңды табасың депті.
Қоян: Қандай тапсырма?
Тәрбиеші: Тапсырма математика сабағына байланысты екен.
Қоян: Ооооой, балалар тапсырманы орындауға маған көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: Балалар қоянға көмектесеміз бе?
1 тапсырма: «Сан қатары»
Балаларға жеке карточкалар таратылып беріледі.
0....2....4 .....1.....3.....5
5....3....1.... .....4.....2.....0

2 - тапсырма: «Қай пішінге ұқсас?»
Жеке карточкаларда заттардың суреттері беріледі. Жанындағы бос төркөзге қай пішінге ұқсас екенін салып көрсетеді.

3 - тапсырма:
Екі қаз ұшып барады,
Биіктен төмен қарады.
Аяқ нешеу, бас нешеу?
Жауабын кім табады?

Алма бағы жайнаған,
Қызыл алма айналам.
Алдым үзіп екеуін,
Тағы да алдым екеуін,
Алдым сонда нешеуін?

Сергіту сәті:
Кел санайық, екеуміз.
Бас бармағым - папам,
Балаң үйрек - апам.
Ортан терек - ағам
Шылдыр шүмек - мен
Титтей бөбек - сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.

Тәрбиеші: Міне, балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Қоянға көп көмек көрсеттіңдер. Қасқырдың тапсырмаларын орындап қоянның сыйлығын тауып бердіңдер. Өздеріңнің ойларыңды, тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Жарайсыңдар балалар .Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау

Өлеңді бәрі қайталап айтады.

Күз мезгілі

3 ай





Оқу іс-әрекеттен күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: санамақтарды, бес санын білді.

Баланың меңгеруі: санның құрамын, таңбалануын меңгерді.

Баланың жасай алуы: алған білімдерін дамытып, іскерлікте пайдалана білу

ІІІ.Қорытынды

«Тәрбиеші еңбегі - нәтижелі жұмысымен көрінер»

Қорыта келгенде, мектеп жасына дейінгі балалар оқу үрдісінде «логикалық ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден, балалардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Осындай логикалық тапсырмалар баланы жан - жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Осы бағыттағы ізденістің нәтижесінде балалардың логикалық ойлау қабілетін арттыру бағытындағы тапсырмалардың басты назарында болуының әсері де болар. Тобымдағы балалардың ойлау қабілеттері жоғары деңгейдегі балалар көріне бастады.

Математика сабағында логикалық тапсырмаларды орындау нәтижесінде балалардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамытып, білім көрсеткіші көтерілді. Математика сабағында білім көрсеткіші 60 % -ға жоғарлады.Даярлық тобында 2010-2014 оқу жылындағы тәрбиеленушілерім, қазіргі таңда бастауыш сыныпта білім алуда. Қазіргі уақытта мектепшілік, аудандық олимпиадаларға, спорттық жарыстарға қатысып биіктерден көріне білді. Осы тұрғыдан алғанда балаларға логикалық ойлауын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар көбірек қолдансақ, соғырлым нәтиже де жоғары болады .Логикалық тапсырмаларды орындау барысында балалардың ойлау қабілеті арқылы зейіні тұрақталады,сөздік қорлары кеңейіп,балалардың бойында белсенділік, тапқырлық, ұжымдық дағдылар қалыптасады.

Еліміздің ертеңі, тәуелсіздігіміздің тұғыры - бүгінгі ұрпақ. Сондықтан бүгінгі күн талабына жан- жақты дамыған жігерлі, білімді, өресі биік, денсаулығы мықты парасатты азамат тәрбиелеуді міндет етеді. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Математика оқыту әдістемесі

2.Ашық сабақтар сайты

3.45minut.kz республикалық басылым

4.Бала мен балабақша №9 2014ж

5.Бала мен балабақша № 3 2014 ж..

6.Бала тәрбиесі № 2 2014 ж , № 4 2013 ж






© 2010-2022