Сабақ жоспары дүниетану 3-сынып Ас қорыту жүйесі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Ас қорыту жүйесі.

Сабақтың мақсаты: ас қорыту жүйесі, адам ағзасына қажетті қоректік заттар туралы балалардың түсінігін қалыптастыру; тамақтану гигиенасын үйрету; азық-түлік пен ас қорыту жүйесінің өзара байланысын түсіндіру; өзін-өзі бақылауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: «Ас қорыту жүйесі» кестесі.

І.Қызығушылықты ояту.

Мұғалім балалардың бұлшықет, тыныс жолдары туралы білімін тексеріп, олардың жауаптарын қорытады.

- Тамақ жемей дені сау адам бола аламыз ба?

-Дұрыс, «Ас - адамның арқауы» дейді, адам тамақсыз өмір сүре алмайды. Адам баласы неғұрлым көп еңбек етіп, спортпен шұғылданса, соғұрлым тәбеті артады. Қоректік заттар тұтас ағзаға қажет. Ас адамның өмір сүруі, өсуі үшін қажет және жалпы ағза жұмысын жақсартады. Адам организмі дұрыс дамуы үшін әртүрлі тамақ жеу қажет.

II. Тақырыпқа кіріспе.

- Ас қалай қорытылады?

Тәжірибе жұмысы.

- Нанның бір тілімін алып, ауыздарыңа салыңдар. Не болып жатыр? (Балалар ас қорытуға қандай органдар қатысатынын және ол қалай жүретінін айтып береді.)

«Ас қорыту жүйесі» сызбасы жасалады.




Ас қорыту мүшелері



Ауыз қуысы

Жұтқыншақ

Өңеш

Асқазан

III.Жаңа сабақты түсіндіру

1. Оқулық бойынша жұмыс.

а) Мәтінді оқу. Оқушылар сабақ барысында қандай жаңа мәлімет алғанын және осы тақырып бойынша тағы не білгілері келетінін айтады.

ә) Мәтін мазмұны бойынша әңгіме.

- Адамдарға тамақ не үшін қажет?

- Ас қорыту мүшелерін ата (Нашар меңгерген балалар сызбаны пайдалануына болады.)

- Жасушалар дамуы үшін қандай заттар қажет?

2. Ойын. «Дүкенде».

Аят дүкенге барып, таңғы асқа чипсы, пепси - кола, торт, тосап сатып алды. Бұл - оның сүйікті асы.

  • Аят таңғы ас мәзірін дұрыс таңдады ма? Мұндай астың ағзаға пайдасы бар ма?

- Оның орнында сендер болсаңдар, не сатып алар едіңдер? (Сүт, сүзбе және т.б.)

3. «Бұл өте қызық» айдары.

Жеміс-жидек пен көкөністер - дәрумен мен минералды заттардың негізгі көзі болып табылады. Дәруменнің басым бөлігін адам ағзасы тамақтану нәтижесінде алады. Сондықтан дәруменге бай тағамдарды тұрақты жеп отыру керек. Дәруменнің негізгі топтары: С, В¹, В², В¹³, А, Д, Е.

Алдын ала дайындалып келген балалар осы дәрумендерге сипаттама береді.

1-оқушы: А дәрумені - өсуге қажет. Сонымен қатар ол көздің көру қабілетін сақтауға көмектеседі. А дәрумені сүт, сәбіз бен көк пиязда болады.

2-оқушы: С дәрумені сарымсақ, пияз, орамжапырақ, жалпы барлық жеміс-жидек пен көкөніс құрамында «жасырынып» жатады.

3-оқушы: Д дәрумені тісімізді сақтайды. Онсыз адамның тісі осал, сынғыш болады. Д дәрумені сүт, балық, сүзбеде болады. Күнге қыздырынған кезде де Д дәруменін аламыз.

Бұл жерде балалар тамақтану гигиенасы туралы әңгімелеп береді. Көкөністер мен жемістерді алдымен міндетті түрде жылы сумен жуып, микробтан тазартып, содан кейін ғана жеу керек.

IV. Сабақты қорыту. Өзіңді тексер.

Адам ағзасы тамақпен бірге қандай нәрлі заттарды алады?

Табиғатта қандай дәрумендер кездеседі?

Негештің сұрағы:

- Тісті неге күніне екі рет тазалау керек?

V. Үйге тапсырма. «Ас қорыту жүйесі» мәтінін оқып, өзіңнің тамақтану тәртібің жөнінде хабарлама дайында.


© 2010-2022