Ашық сабақ Ү дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сауат ашу. 18.11.2015.ж.
Сабақтың тақырыбы : Ү дыбысы мен әрпі
Білімділік:Ү дыбысы мен әрпін таныту.Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
Дамытушылық: Ү дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру арқылы оқушылардың ой-өрісін, тілін, сөздік қорларын дамытып, дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: әріптер, оқулық, суреттер,
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, сұрақ-жауап, түсндіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, тіл дамыту
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Ендеше, бүгінгі қонақтарға, өз білімімізді көрсетейік.
ІІ. Психологиялық дайындық.

Қуанамын менде

Қуанасын сенде,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.
III.Үй тапсырмасын пысықтау.
Тізбектей оқу.

Бопешім тақпағын жатқа айту.

Әнімен орындау.Өркеш мәтінін сахналау.
- Дыбыс деген не?
- Әріп деп нені айтамыз?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты және дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
ІV. Өткенді пысықтау. Ө дыбысын қайталау.
"Күн шуақ" ойыны арқылы топтастыру.

V. Жаңа сабақ.
а) Тақтаға «Түлкі мен үйрек» ертегісінің суреті көрсетіледі. Кейіпкерлерін атайды.
Үйректін балапанын түлкіге жегізбеу үшін түлкінін тапсырмасын орындайық.

1. тапсырмасы.
Дыбыстық талдау жасау.

Үйрек.Үкі.

Үкі,үйрек қандай дыбыстан басталып тұр?
- Ү - ү - ү (хормен айту)
- Ү - қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Ү - жіңішке дауысты дыбыс, созылып айтылады.
- Қандай түспен белгілейміз? Неге?
- Ү - дыбысын айтқан кезде ерін сүйірленіп, алға жылжиды, тіл артқа жылжиды, иек көтеріледі.
-Ү дыбысына ұқсас дыбыс бар ма?
-Үү - Ұұ дыбыстарын салыстыру. ( кеспе әріптер)
-Ү - жіңішке дауысты дыбыс, ұ - жуан дауысты дыбыс және белінен сызылған.
2-тапсырма.

Жұмбақ шешу.
Жүмбақ.

Шарлап келіп даланы

,Үйіме үйін салады. (Қарлығаш)
3-тапсырма.

VІ. Оқулықпен жұмыс.

Тізбектеп, қатар бойынша оқыту.
4- тапсырма.
VІІ. Дәптермен жұмыс: ү әрпін жазу.
а) ауада жазып қол жаттықтыру;
ә) Ү дыбысының үлкен және кіші әріптерін жазу.
Ү Үсен, Үмбет, Үміт

5-тапсырма.

Сергіту сәті.

-Қандай әріптерге байланысты тақпақтар білеміз?
Үйрекке балапандары қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.
VІІІ. Қорытынды. "Адасқан буындар"ойыны:
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- Ү дыбысы қандай дыбыс екен?
- Ү дыбысына байланысты сөздер айту.
ІХ. Үйге тапсырма беру. Мадақтау.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

© 2010-2022