Тіл дамыту Қайдан келдің бауырсақ ?

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тіл дамыту Қайдан келдің бауырсақ ?Тіл дамыту Қайдан келдің бауырсақ ?№1 Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Күні: Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Отбасы Мақсаты: отбасы, үй- іші туралы білімдерін кеңейту. Отбасы тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету, ауызекі сөйлеуін дамыту. Сөздерді дұрыс, анық айтуға жаттықтыру. Отбасы мүшелерін, туыстарын атауға үйрету. Үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілік: отбасы мүшелерінің суреттері, мақал- мәтелдер, «Біздің отбасы» тақырыбындағы мазмұнда сурет. Сөздік жұмыс: ата, әже, әке, ана, інісі, қарындасы. Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, ойын жаттығулар. Билингвальдік компонент: Семья- Отбасы


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы Сұрақ- жауап:

  • Балалар, суреттен кімдерді көріп тұрсындар?
  • Қалай атауға болады?
(отбасы)
Сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастыру - іздену Жұмбақ
  1. Өзі мейірімді, шашы ағарған, дәмді етіп тағамдар дайындайды, шұлық тоқиды, кешкілік ән айтады не ертегі айтып береді.
  2. Көзінде көзілдірігі бар, көп оқиды, тарихи оқиғаларды біледі. Әжеге көмектеседі, дүкенге, базарға барады. Зейнетақысын алып, немерелерінде ренжітпейді.
  3. Жер бетіндегі ең әдемі, ақылды, сендерге өте қымбат адам.
  4. Өзі қатал, тиянақты, бос уақытын сендермен өткізетін, циркке апаратын, демалысын отбасымен бірге табиғатта өткізетін кім деп ойлайсыңдар?
Ортан терек- әкем Шылдыр шүмек- анам Кішкентай бөбек- мен Бәріміз татумыз (деп жұдырығын жабу). д/о: «Кім тез табады?» үлестірмелі суреттер беріп, сөйлем құрату, суреттегі кім екенін атау. Мақал- мәтел: "Өзіңнің отбасың - нағыз адал досың", "Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар", "Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер".
Жоғары Орта 3 рет Төмен
Өз үй - іші туралы әңгімелету. Тәрбиеші: Кім өзі туралы әңгіме айтады? Өлең: Аналардың жүрегі Баланың да тірегі, Дананың да тірегі. Шаншымасын ешқашан, Аналардың жүрегі!

Қ. Мырза Әли


Балалардың жауабы:

  1. Әже
  2. Ата
  3. Ана
  4. Әке













Саусақ жаттығуын жасады


Ойын ойнады

Рефлексифті түзету
Әженің әңгімесі: "Мақта қызбен мысық" ертегісі

Ертегіні түсініп тыңдады.

Күтілетін нәтежие:


Білу: отбасы, үй - іші туралы білімдерін кеңейтті.
Игеру: Отбасы мүшелерін, туыстарын атай білуді, ажыратуды игерді.
Меңгеру: Үлкендерді құрметтеу керектігін терең меңгерді.


















№2 Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық карта Күні: Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Үй құстары Мақсаты: балалардың үй құстары туралы білімдерін тиянақтау. Құстардың түрлерімен танысу. Үй құстарының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы әңгімелеу. Сурет бойынша әңгіме құрастыруда ойын жүйелі жеткізу. Құстарға қамқор болуға, оларды күте білуге, құстарды қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: қаз, үйрек, тауық, балапан, үй құстары, күркетауық. Көрнекілік: үй құстарына жем шашып тұрған қыз бала, қорадан шығып келе жатқан құстар суреті, үнтаспа, муляждар. Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, ойын жаттығулар. Билингвальдік компонент: Домашние птицы- Үй құстары


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы
Үнтаспадан құстардың сайрағанын тыңдау.


Ұйымдастыру - іздену Сұрақ - жауап:

  • Әуеннен не естідік? Құстар неліктен әртүрлі сайрайды?
  • Осы құстардың сайрауы туралы мынадай аңыз бар. Аталық құстар аналық құстарға
Ән айтып береді. Қауіп төнген кезде , аналары шырылдап, өздерінің балапандарына ескертеді. Бала балапандар тамақ жегісі келетіндігін шиқылдап аналарына білдіреді. Құстар құрт- құмырсқаға таласқанда айқай - шу шығады. Басқа дыбыстардың көмегімен құстар топталып жиналады. Сурет бойынша әңгімелеу:
  • Сендер қандай үй құстарын білесіңдер? Оларды қайдан көруге болады?
  • Тауық, қаз, қалай дыбыстайды?
  • Олар неліктен үй құстары деп аталады?
Тәрбиеші "жүзеді, сүңгіді" деп сөйлемдерін толықтырады.
  • Сендер құстарға не бересіңдер?
Ойын: "Құстар мен балапандар" үйлестірмелі суреттегі көріністер бойынша әрбір бала өз суреттері туралы сөйлем құрастырады. Жұмбақ шешу:
  • Қызыл, бұжыр айдары бар
Қоқиланған айбары бар. Ауық- ауық азан салып, Өңеш керген айқайы бар.
  • Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап.
  • Балалар, үй құстары туралы өздеріңнің мейірімді сөздеріңді айтыңдаршы.

Сұрақтарға жауап береді.


















Сурет бойынша әңгіме құра білді. Қаз, үйрек, тауық қорада болады. Далада жүреді, су ішеді, жем жейді.



Балалардың жауабы: 1. Қораз


2.қаз





  • Мен құстарға тиіспеймін. Мен көп жем беремін.



Рефлексифті түзету

  • д/о: "қайсысы артық?"



Қорытындылай білді.

Күтілетін нәтежие:


Білу: Құстардың түрлерімен танысты.
Игеру:Үй құстарының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы әңгімелей білуді игерді.
Меңгеру: үй құстарына қамқор болуды, оларды күте білуді, құстарды қорғауды, аялауды меңгерді.


















№3Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасыКүні: Күні, Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Үй жануарлары (сурет бойынша әңгімелеу) Мақсаты: үй жануарлары, төлдері туралы білімдерін кеңейту. Аттарын дұрыс айта білуге үйрету. Неліктен үй жануарлары деп аталатынын түіндіру. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Олардың пайдасын айту. Күтіп баптауға, қорғап, қамқорлық жасауға, төлдерге деген сүйіспеншілік сезімдерді ояту арқылы тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: үй жануарлары, қой, түйе, жылқы, бағады, жаяды, күтеді, мал төлдері, құндызым, әкешім, боташым. Көрнекілік: мазмұнды және үлестірмелі суреттер, ойыншықтар, оқулық суреттері, үй жануарларының төлдерінің суреттері, жұмбақтар, мақал - мәтелдер. Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, ойын жаттығулар орындату. Билингвальдік компонент: Домашние животные- Үй жануарлары


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы Сұрақ - жауап: Мазмұнды суреттерді көрсетіп, жануарларды атау.




Ұйымдастыру - іздену
Үй жануарларын- малдар дейді. Олар күндіз қайда болады? Кім жаяды? Жылқыны, қойды кім бағады? Үй жануарлары немен қоректенеді? Үй жануарлары адамға не береді? Адамға қандай пайдасы бар? Сиыр, қой, ешкіден не аламыз? Биенің сүтін не деп атаймыз? Түйенің сүтін не деп атайды? Қой, жылқы, мал сөздеріне шы- қосымшасын қосып, жаңасөз жасату. Сергіту сәті: Ойын: "Үй жануарлары" Ойын мақсаты: Үй жануарларының дене мүшелерін атауға, ажыратуға үйрету. Ойын шарты: дөңгелене отырып, ғжайып қалтадан үй жануарларына байланысты ойыншықтар алу, сол ойыншықтардың дене мүшелерін атап, олар туралы мейірімді сөздер айтуға болады. Ертегі: "Жыл басына таласқан хайуанаттар". Д/о: "Жануарлар қалай дыбыстайды?" ойынға қатысушыларөздері білгенінше жануарлардың қайсысы қалай дыбыстайтынын айтады. Кім көп білсе, сол жүргізуші болады. Мақал-мәтел: Мал баққанға бітеді. Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір. Жұмбақ:

  1. Басында екі таяғы бар, төрт аяғы бар.
Адам деуге болмайды, сақалы тағы бар.
  1. Кішкентай ғана бойы бар
Айналдыра киген тоны бар. Мал төлдерін еркелету.
Мен өлең оқимын, сендер қандай төлдер екенін айтып, қимыл арқылы көрсетіңдер.

Сұрақтарға жауап береді.















Жылқы кісінейді, сиыр мөңірейді, қой, ешкі маңырайды,түйе боздайды, сарнайды.




Жауабы: 1. Ешкі 2.қой

Рефлексифті түзету
Балалар әжелерің, аталарың еркелеткенде қандай сөз айтады. Мақал: Төлден мал өседі, шыбықтан тал өседі.


Қорытындылай білді.

Күтілетін нәтежие:


Білу: үй жануарлары, төлдері туралы білімдерін кеңейту.
Игеру: үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы әңгімелей білуді игерді.
Меңгеру: үй жануарларына қамқор болуды, оларды күте білуді, құстарды қорғауды аялауды меңгерді.




















№4 Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Күні: Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Жабайы аңдар (сурет бойынша әңгімелеу) Мақсаты: ертегі мазмұнын суретт бойынша әңгімелету. Жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы аңдардың тіршілігін сипаттап айтуға олардың өмір сүру ерекшелігін білдіру. Жан- жануарлардың қорғау оларға қамқор болуға, неліктен жабайы деп аталатынын түсіндіру. Жабайы аңдардың аттарын ажыратып атауға, сол арқылы сөздік қорын байыту. Қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: жабайы аңдар, арыстан, піл, жолбарыс, барыс, тиін, қонжық. Көрнекілік: "Арыстан мен түлкі" ертегісі, жұмбақтар, д /о.: "Қайсысы өзгеше?" Билингвальдік компонент: Дикие животные- Жабайы аңдар


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы
Сұрақ- жауап: жабайы аңдарға нелер жатады, неге олай атайды?
Сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастыру - іздену
Жабайы аңдар бейнеленген суреттер көрсетілген.

  • Мына суреттерде не бейнеленген?
  • Аю балаларымен не істеп жатыр?
  • Аюдың баласын қалай атайды?
  • Қасқырдың балалары нешеу?
  • Түсі қандай? Олар не жейді?
  • Қасқырдың, қоянның, түлкінің балаларын қалай атайды?
  • Бөлтірік, жаутаң, көжек.
  • Түлкінің ерекшелігі неде?
  • Олар қай жерде тіршілік етеді?
  • Қоянның ерекшелігі неде?
  • Енді осы суреттерге мұқият қарап әңгіме құрастырыңдар.
  • Осы аңдар мына суреттерден басқа тағы қай жерлерде көріңдер?
Д/о: "Қайсысы өзгеше?" Жұмбақтар:
  1. Аузы бейне, шалғы орақ,
Шөп емес, бірақ малды орады. Өзіне болған қорған - орман, Іщінде бар, бір аң қорбаң- қорбаң.

Аю

  1. Өзі қу, әрі айлакер,
Жүрген жері айқай да шу.

Түлкі

  1. Көлеңкесінен қорықып безектейді,
Ал оның баласын "көжек" дейді.

Қоян

Суретке қарап сұрақтарға толық жауап береді.










2-3 бала әңгіме құрастырғаннан кейін.


Балалардың жауабы:

Рефлексифті түзету

  • біз суреттерден не көрдік?
  • Жабайы аңдар деген сөз жуан естіле ме, әлде жіңішке ме?
  • Аңдар деген сөзді буынға бөлейік.
  • Сурет бойынша адамдардың көңіл - күйін мимика арқылы көрсетеді.
"Арыстан мен түлкі" ертегісін әңгімелеу.
Қорытындылай білді.

Күтілетін нәтежие:


Білу: жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту.
Игеру: жабайы аңдардың тіршілгін сипаттап айтты, олардың өмір сүру ерекшелігін игерді.
Меңгеру: неліктен жабайы деп аталатынын меңгертеді.



























№5 Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Күні: Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Көкөністер Мақсаты: "Бақшада" тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру. Аттарын ажыратып, сол арқылы сөздік қорын байыту. Көкөністердің модульдік құрылымын меңгерту. Көкөністерді түсіне, пішініне қарай салыстыра білуге үйрету. Оның адам денсаулығына тигізетін пайдасы туралы білімдерін жетілдіру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Көрнекілік: орамжапырақ, баклажан суреттері, көкөністер, муляждар. Сөздік жұмыс: орамжапырақ, баклажан. Билингвальдік компонент: Овощ- Көкөністер


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы
Сұрақ - жауап:

  • Жылдың қай мезгілі?
  • Көкөністерді жылдың қай мезгілінде жинайды?


Сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастыру - іздену
Өлең: Көңілді бақша, шолып едім бақшаны, Көкөніс біткен көңілді, Жасыл, сары, қызыл, көк. Сан алуан көкөніс, Күзгі бақта күлімдеп. Көз тартады желімдеп. Өлеңде не туралы айталған? Бақшада не өседі?
Д/о: "Заттың атын ата". Шарты: қоржынға салынған көкөністерді қолдарына алып, қатты, дәмді, тәтті, ащы-қышқыл зат екенін ажыратып атау. Пішіндерін айту. Мысалы: сәбіз қатты, сопақша; бұрыш ащы, сопақша, қызанақ жұмсақ, домалақ. Көкөністер деген сөзге сөйлем құрастыру. Көкөністердің қалай өсіп шығатынын қимылмен көрсету. Түстеріне, пішініне қарап, бір - бірінен айырмашылықтарын салыстыру. Жұмбақтар шешейік: домаланған ала бас, дәмді шырын даяр ас! Бақшада өседі, көп өнімдерін береді.

Көкөніс. д/о: осы көкөністердің мол өнім беруі еңбекке байланысты, қарап баптасақ мол өнім аламыз. "Егін екпесең, жерге өкпелеме" деген халық мақалында.






Жауабы: картоп, сәбіз, қызанақ.
Сипаттап ойынды қызыға ойнайды.

Рефлексифті түзету

Жұмбақтар шешейік: Домаланған ала бас, Дәмді шырын даяр ас!

(қарбыз) Бақшада өседі, көп өнімдер береді.

(көкөніс) д/о: «ненің дәмі» осы көкөністердің мол өнім беруі еңбекке байланысты, қарап баптасақ мол өнім аламыз. "Егін екпесең жерге өкпелеме" деген халық мақалында.
Жұмбақты шеше отыра, қорытындылай білді.

Күтілетін нәтежие:


Білу: көкөністерді түсіне, пішініне қарай салыстыра білуге үйрету.
Игеру: оның адам денсаулығына тигізетін пайдасын игерді.
Меңгеру: үлкендердің еңбегін бағалауды меңгерді.




















№6 Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Күні: Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Қайдан келдің бауырсақ? (Сурет бойынша ертегі айтып беру). Мақсаты: сурет бойынша ертегінің мазмұнын әңгімелету. Нанның дастарханға келгенге дейінгі адамдар еңбегімен таныстыру. Диалогтық сөйлеуге үйрету. Балалардың нан туралы түсініктерін тереңдету, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Еңбекті бағалап нанды қастерлей білуге тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: наубай, диқан, диірмен, жер- ана. Көрнекілік: "Қайдан келдің бауырсақ?" ертегісі бойынша сюжетті сурет. Билингвальдік компонент: Бауырсақ


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы Сұрақ- жауап: Қандай нанның түрлерін білесіңдер?
Сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастыру - іздену
Балалар, бүгін мен сендерге қызықты ертегі айтып беремін. Ертегіміз осы нан туралы. "Қайдан келдің бауырсақ?" деп аталады. Әліппе дәптермен жұмыс: Ақ нанның қасиеті жөнінде тәрбиеші балаларға түсінік береді. Сұрақ-жауаптар: дастарханда шашылып жатты? Бауырсаққа қуыршақ не деді? Бауырсақ не деп жауап берді? Ертедегі кейіпкерлердің рөлін балаларға сахналауға болады. Нан туралы мақал-мәтелдер: Ас атасы - нан, Нан - тіршілік көзі, Нан бар жерде, ән де бар. Тыйым сөздер: "Нанды бір қолыңмен үзбе", "Нанды баспа". Нан туралы өлең жаттату.
Ертегіні мұқият тыңдады, сұрақтарға жарыса жауап берді.









Мақал- мәтелді жаттады.




Рефлексифті түзету Қорытынды. Мадақтау.


Қорытындылай білді.

Күтілетін нәтежие: Білу: сурет бойынша ертегінің мазмұнын әңгімелей білді.
Игеру: нанның дастарханға келгенге дейінгі адамдар еңбегін түсініп игерді.
Меңгеру: еңбекті бағалап, нанды қастерлеуді меңгерді.

№7 Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Күні: Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Күз көрінісі Мақсаты: күз туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін әңгімелеу. Табиғат өзгерістері туралы сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Табиғатты қорғауға, оның әсемдігін, әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу. Сурет мазмұнына сәйкес жұмбақтар шешу, ойлау қабілетін дамыту. Көрнекілік: күз көрінісі бейнеленген сурет. Сөздік жұмыс: жыл құстары, найзағай. Билингвальдік компонент: Осень- Күз

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы
Сұрақ - жауап: Жомарт алтын күз дегенді қалай түсінесің? Сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастыру - іздену Біз бүгін, күз мезгіліндегі өзгерістер туралы айтамыз. Суретпен жұмыс:

  • Салқын, жаңбыр жауып тұр. Жазда күн
қандай болып еді. Жазда қайда бардыңдар? Жаз айларын атаңдар.
  • Қазір мен сендерге күз айларын
айтамын. Сендер тыңдап алыңдар. Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Күзде неше ай бар екен санаңдар? Маған қосылып ай аттарын айтыңдар. Күздің бірінші айы қыркүйек, екінші айы қазан, үшінші айы қараша.
  • Қыркүйек айында күн қандай? -
салқын, жаңбыр жауып тұр.
  • Қыркүйек айында балалар қайда
барады? (мектепке)
  • Үлкен кісілер не істейді? Далада бидай
орады, жинайды. "Кім тез табады?" дидактикалық ойыны. Балалар дәнді дақылдарды жеміс, көкөніс аттарын тез айтуға үйренеді. Сөйлем құрату: Алма... бидай... жапырақ... Жапырақ қандай?
  • Балалар мен сендерге ұлы ақын
Абайдың Күз деген өлеңін оқимын. Өлеңде күзде бұлт қандай болатыны туралы не айтқан екенін тыңдап отырыңдар, - дейді де, Күз туралы өлеңнің екі жолын оқиды. Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан.
  • Балалар, бұл өлеңде Абай аталарың
күздің суыта бастағанын, қазан айында аспанда сұр бұлт көбейіп, жаңбыр жауатыны, жерді тұман басып, ештеңе көрінбейтіні туралы айтқан. Өлең жолын қайталап оқиды. Балаларға қайталатады. Бұлтты, тұманды күндерді бақылатып, өлең жолымен салыстырады. Күз байлығы сұралады.
  • Нанды, жемісті қайдан аласыңдар?бидайды кім көрді? Қайдан көрдіңдер?
"Күз туралы кім сөз айтады?" ойыны. Сурет бойынша әңгіме. Күзде құстар қай жаққа ұшады? Неге? Қандай құстар ұшып бара жатыр? "Жел соқты" ойынын ойнату. Қатты жел соққанда, жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі деген сұраққа жауап береді. Музыкалық ойындар ойнатып, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
  • Балалар, Ілияс Жансүгіров балаларға арнап көп өлең, әңгіме жазған. Мен сол Ілияс аталарыңның Күз туралы өлеңін оқимын. Сендер жақсылап тыңдаңдар.

Күз

Ой балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты,

Қурап жапырақ салыпты,

Ел егінін орыпты. Осы үзіндіні қайталап айтады да қандай өлең оқылғаны, өлеңді кім жазғаны, кімдерге арналғаны сұралады.

  • Бұл өлеңде күздің қыркүйек айында
болатын өзгерістері, жапырақтар туралы не деген? Жапырақ қайтеді? Далаға қараңдаршы. Жапырақтар қандай? Сендер бидай өскен даланы, бидай орған комбайнды, егін орган диқандарды көрдіңдер ме? Қайдан көрдіңдер?
  • Сөз дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету
үшін мақал, жұмақ, жаңылтпаш оқылады. Мақал Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей. Жұмбақ Ұзын мұртты сарылар, Қойнында дәні бар. (Бидай)
Сұраққа толық жауап берді.


















Сөйлем құра білді.












Өлең жолын қайталап оқыды



































Мақал жаттады.




Балалардың жауабы:

Рефлексифті түзету

Жаңылтпаш Қырда қырау,Қызыл ала бұзау. Күз мезгілі туралы әңгіме оқып беру.


Қорытындылай білді.

Күтілетін нәтежие:


Білу: күз туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін әңгімелей білді.
Игеру: табиғат өзгерістері туралы сурет бойынша әңгіме құрастыруды игерді.
Меңгеру: табиғатты қорғауды, оның әсемдігін, әдемілігін сезінуді меңгерді.







































№8 Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Күні: Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Зообаққа саяхат Мақсаты: зообақ туралы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау. Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айту, ажыратуға үйрету. Жан - жануарларды қорғауға, оларға қамқорлық жасауға үйрету. Көрнекілік: жан-жануарлардың тіршілігі бейнеленген суреттер, ойыншықтар, муяждар. Сөздік жұмыс: бегемот, керік, түйеқұс, алашат, бүркіт, маймыл. Билингвальдік компонент: Зоопарк- Зообақ


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

  • Біз бүгін бәріміз зообаққа саяхатқа шығамыз. Айналаға қараңдаршы. Не деген көп аңдар, құстар. Бәрі бізді күтіп тұрғандай, бәрімізге мейірлене қарайды. Өйткені олар біздің оларды жақсы көретінімізді біледі, сезеді.


Балалар саяхатқа дайындалды.
Ұйымдастыру - іздену Қараңдаршы, мыналар нелер? Олардың түсі сұр, баласын қалай атайды? Қояндарға қараңдар. Бұлар - үй қояндары, дала қояндары деп бөлінеді. Өзі әр нәрседен үркіп, қорқып тұрады. Ал мынау аюлар. Аюлар ақ түсті екен. Баласын қалай атайды? Піл, жолбарыс, керіктер т.б. аңдардың барлығын да не деп атаймыз?

Жабайы аңдар

Құстар

Балықтар

Аю, түлкі, қоян, піл, жолбарыс.

Бүркіт, түйеқұс

Суда тіршілік етеді. Адамдар аквариумда ұстайды.

  • Мұнда жыландар да бар екен. Көрдіңдер ме? Әрқайсысы жеке- жеке тұрады екен. Оларды арнайы террариумда ұстаймыз, әйтпесе бұлардың осындай бірнеше түрін көре аламыз. Орманға іздеп барсақ көрер ме едік? Жоқ, бәрін бір жерге жинап қойған, сондықтан бұл жерді "зообақ" деп атаймыз. Күнделікті уақытылы тамағын беріп, айналасын тазартып қарап отыратын адамдар бар.


Балалардың жауабы: қасқырлар баласын бөлтірік дейді. Ал аю баласын қонжық деп атайды.

Оларды жабайы аңдар деп атайды.

Сұраққа толық жауап берді.

Рефлексифті түзету Енді тобымызға қайтайық. Жолда көргенімізді әңгімелеп қайтайық. "Зообаққа орналастыр" ойнату. Аңдар, жәндіктердің өз торларын тауып орналастыру. Сол туралы білетін жұмбақ, мультфильмдерін айтып шығу. Ең әдемі мейірімді сөз ойлап айту.

Қорытындылай білді.

Күтілетін нәтежие:


Білу: зообақ туралы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау.
Игеру: аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуды, ажыратуды игерді.
Меңгеру: жан-жануарларды қорғау, оларға қамқорлық жасау керектігін үйреніп меңгерді.

























№9 Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Күні: Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Ойыншықтар (кесте бойынша өлең жаттау) Мақсаты: бүлдіршіндердің ойыншықтары туралы түсінігін кеңейту, олардың аттарын атай отырып сипаттай білуге үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қайда? Қандай? Қайдан? Деген сұрақтарына дұрыс жауап беруге дағдыландыру. Өзінің жақсы көретін ойыншығы туралы әңгімелету. Антоним сөздерді қолдана білу. Ойыншықтарды күтіп ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: жұмсақ, резина, қатты. Көрнекілік: ойыншықтар, үлкен машина, кіші машина, жұмсақ аю, қатты ат, ақ қоян, қара күшік, жұмбақтар. Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, дербес ойын жаттығулар, әңгімелеу. Билингвальдік компонент: Игрушки- Ойыншықтар


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы
М. Әлімбаевтың "Ойыншықтар" өлеңіг оқу.
Мұқият тыңдады.
Ұйымдастыру - іздену

  • Бұл өлеңде қандай ойыншықтар туралы айтқан?
  • Сенің үйіңде қандай ойыншықтар бар?
  • Біздің топта қандай ойыншықтар бар?
  • Үстел үстіндегі ойыншықтарды атаңдар?
Д/о: "Ойыншықты тап" ойынын ойнаймыз.
  • Сендер тығылған ойыншықты тауып, атын, түсін, үлкен-кішілігін атап айтып бересіңдер. Сол ойыншыққа өздерің жақсы мейірімді тілек тілейсіңдер.
Ойын мақсаты: Ойыншықты атау және кеңістікті бағдарлай отырып табу. Мысалы: екі баланы ортаға шығару. Алға 3 қадам, солға бұрыл, 2 қадам артқа бұрыл. Не таптың? Кезегімен балаларды жіберіп, әртүрлі ойыншықтарды алып, оны сипаттап беру. Ойыншықтар жасалу жолына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Ойыншықтар: Жұмсақ, резиналы, қатты болып бөлінеді. Үстел үстінде тұрған ойыншықтарды жасалуына қарай топқа бөліп қою.
  • Енді, балалар, бәріміз көзімізді
жұмайық.
  • Ойыншық қоян бізге қонаққа
келіпті.
  • Қоян мен сендермен бірге
болғым келеді дейді. Маған ойыншық туралы бір өлең үйретіңдерші, содан кейін бәріміз бірге ойнаймыз. Мына суреттерге қараңдар. Не көріп тұрсыңдар? Доптар, қасында жазуы бар. Мен оқиын сендер қайталаңдар.
Қызыл, жасыл, көк, ала доп, қызыл, жасыл және көк. Ала шықтым аулаға, ойнайтұғын бала көп.
  • Сендердің ең жақсы көретін
ойыншықтарың қандай. Ол ойыншықпен қалай ойнайсыңдар?





Балалар сұрақтарға толық жауап берді.

Ойындарды қызыға ойнайды.















Мұқият тыңдады.


















Өлең жолдарын қайталап отырып жаттады.

Рефлексифті түзету 3-4 сөйлем түрінде әңгімелету. Өзінің жақсы көретін ойыншығы туралы әңгімелеу. 3-4 сөйлем түрінде өзінің сүйікті ойыншықтары туралы әңгімеледі.

Күтілетін нәтежие:


Білу: ойыншықтардың аттарын атай отырып сипаттай білді.
Игеру: өзінің жақсы көретін ойыншығы туралы әңгімелеуді игерді. Меңгеру: ойыншықтарды күтіп ұқыпты ұстау керектігін меңгерді.















№10 Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Күні: Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Киімдер Мақсаты: киімдер туралы түсініктерін кеңейту. Күнделікті киетін киім мен ұлттық киімді ажырата білу. Жыл мезгілдеріне байланысты киетін киімдерді салыстыра әңгімелету, қандай? Деген сұраққа жауап беруді үйрету. Осы сөздерге антоним сөздерді табу. Киімдерді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу. Көрнекілік: киімдер үлгісі, суреттері. Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, көрсету. Билингвальдік компонент: Одежды-Киімдер


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы Жұмбақ: Адамның сәні, онсыз мәні жоқ. Жұмбақтың шешуін киім деп тапты.
Ұйымдастыру - іздену
Ұлттық киім киген қуыршақ көрсетіледі. Қос етек, ұзын көйлек, қамзол, үкілі тақия киген. Қуыршаққа ат қою. Меруерттің мына киімдерін кім біледі?

  • Мынау қызыл қамзол. Ол ою-өрнекпен көмкерілген.
  • Басындағы - үкілі тақия.
Д/о: "Қай мезгілде киеміз?" жыл мезгілдеріне қарай киетін киімдер бейнеленген. Өздерінің белгілі мезгілге киіп келген киімдері туралы әңгімелету. Көйлек, жейде, шалбар, бәтеңке, етік - бәрі бір ауыз сөзбен киімдер деп аталады. Ойын: "Кімнің көйлегі қандай?" екі түрлі көйлек киген қуыршақтар.
  • Балалар қыздарға ат қойыңдар.
  • Кім не киген?
  • Киімдерінің түсі қандай?
Енді киімдер туралы жұмбақтар шешейік. "Менің не істегенімді табыңдар". Тәрбиеші киіну, шешінуді көрсететін қимыл - қозғалыстарын көрсетеді. Балалар не істегенін тауып айтады. Киді, шешті сөздеріне сөйлем құрастырады. Сергіту: Ағайынды бес туыс Жамылатын тоны бар Бесеуінде бес қуыс Сырттан кірген жолы бар Бұл не?


Балалар киімдерді атады. Қуыршаққа - меруерт деп ат қойды.




Ойындарды қызыға ойнады.











Сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады.
Қолғап деп жауабын тапты.

Рефлексифті түзету Қорытынды. Мадақтау. Қорытындылай білді.

Күтілетін нәтежие: Білу: киімдер туралы түсініктерін кеңейтіп түсіне білді. Игеру: күнделікті киетін киім мен ұлттық киімді ажырата білуді игерді. Меңгеру: киімдерді ұқыпты, таза кию керектігін меңгерді

№11 Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Күні: Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Үш-төрт сөзден тұратын сөйлем құрастыру. Мақсаты: құстар мен жануарлардың қысқы тіршілігіне байланысты сөйлемдер құрату. Сөйлемнің құрылымына талдау жасату. Қол жаттықтыру жұмысын жүргізу. Логикалық ойлауын дамыту. Көрнекілік: құстар мен жануарлардың қысқы тіршілігін бейнелейтін суреттер, үнтаспа. Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ- жауап. Билингвальдік компонент: Предложение 3-4 слов- Үш-төрт сөзден тұратын сөйлем

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы 1.ынталандыру- ұйымдастыру кезеңі

  • Қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер?
  • Құстар немен қоректенеді?
  • Қысқы аңдар тіршілігі туралы не білесіңдер?
Сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастыру - іздену 2.Жаңа тақырып. Қыстап қалатын құстар туралы сөйлем құрастыру. Аңдар және олардың тіршілігіне байланысты сөйлем құрастыру. Осы сөйлемдердің құрылымына талдау жасату. Тоқылдақ орман дәрігері. Тоқылдақ ағаштағы құрттарды жейді. Осы сөйлемде 3 сөз бар: дәрігер, орманда, тоқылдақ. Осындай аңдарға қатысты құрастырылған сөйлемдер құрылымы да талданады. Дәптердегі ауызша тапсырманы орындату. Д/о: "Сөйлемді аяқта" Дәптердегі ауызша тапсырманы орындату. Тәрбиеші сөйлемді бастайды, балалар аяқтайды. Қыста, торғай, мен. Дәптермен қол жаттақтыру жұмысы жүргізіледі. Тіл ұстарту жаттығулары.



Сөйлем құрастырды









Тәрбиеші сөйлемді бастайды, балалар аяқтайды.
Дәптермен жұмыс жасады.

Рефлексифті түзету "Венн диаграммасы" бойынша жүргізілді Қыстайтын құстар Қыстамайтын құстар Қорытындылай білді.

Күтілетін нәтежие: Білу: құстар мен жануарлардың қысқы тіршілігіне байланысты сөйлемдер құрай білді. Игеру: сөйлемнің құрылымына талдау жасауды игерді. Меңгеру: қол жаттықтыру жұмысын меңгерді.

№12 Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Күні: Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Сурет бойынша әңгіме құрау (байланыстырып сөйлеу) Мақсаты: әңгімені үлгі схема бойынша баяндау. Әңгімені өз қиялымен шығармашылығымен аяқтауға үйрету. Әңгіме мазмұнын эмоциялық сезіммен айта білуге жаттықтыру. Қол жаттықтыру жұмыстарын жүргізу. Көрнекілік: әңгімеге байланысты суреттер. Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ- жауап. Билингвальдік компонент: Рассказ по картинке- Сурет бойынша әңгіме құрау


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

  1. Ынталандыру- ұйымдастыру кезеңі
Балалардың назарын аудару. Суретті көрсетіп, балалармен әңгіме өткізу. Суретте не көріп тұрмыз? Қай мезгіл бейнеленген? Суретке тақырып қояйық. Қайтпай қалған қарлығаш. Қарлығаш неге жылы жаққа қайтпай қалды? Қарлығаштың алдына қандай тамақ қойылды? Қарлығашты кім қыстан аман алып шықты? Енді сызба бойынша сөйлем құрастырайық.
Сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастыру - іздену Дәптердегі ауызша тапсырманы орындату. Д/о: "Қайсысы артық?" сурет бойынша артық суретті атау. Дәптердегі сызықтарды қосу, тапсырмаларын орындату. Тіл ұстарту жаттығулары. Сурет бойынша артық суретті тауып атады. Дәптермен жұмыс жасады.

Рефлексифті түзету Қорытынды кезеңі. Тәрбиеші халық болжамы туралы айтады. Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады. Қыс аязды болса, жаз ыстық болады.
Қорытындылай білді.

Күтілетін нәтежие: Білу: әңгімені өз қиялымен шығармашылығымен аяқтауға үйренді.
Игеру: әңгіме мазмұнын эмоциялық сезіммен айтуды игерді.
Меңгеру: суретке тақырып қойып әңгімелеуді меңгерді.

© 2010-2022