Бейнелеу өнері 2-сынып. Тақырыбы: Көкөністер

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бейнелеу. 2-сынып

Тақырыбы: Көкөністер.

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың түстерді игеру қабілетін одан ары дамыту;

2. Дамытушылық: Оқушылардың табиғат пен сурет түстерінің бейнелеу және мәнерлеудегі түсініктерін тереңдету;

3. Тәрбиелік: тақырыптық композицияда түстердің контрастық қасиетін ең басты мәнерлі құрал ретінде қолдану.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.

Көрнекіліктер: түрлі-түсті заттар, суреттер, бояулар салынған суреттер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Оқушылардың түстерді игеру қабілетін одан ары дамыту; Оқушылардың табиғат пен сурет түстерінің бейнелеу және мәнерлеудегі түсініктерін тереңдету;

2. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Тақтаға түрлі суреттерді іліп, әңгімелеу.

Мына суреттерді қарашы, біз қандай әдемі көкөністерді жинаанбыз! Қызыл қызанақ, жасыл бұрыш, сия көк баклажан...

Қандай ашық, қанық түстер! Ашық бояулармен осы суретті қазір-ақ салғың келеді. Ал бұл жұмысты орындауға саған қосымша түстер көмектеседі. Түстер шеңберінде қарама-қарсы орналасқан түстерді қосымша түстер деп атайды. Мысалы: жасыл-қызыл, сары-сия көк, көгілдір-қызғылт сары.қатар орналасқан бұл түстердің ашықтығы сондай, бейне бір жарқырап

тұрғандай.Қосымша түстерді пайдаланып, жемістерді салуға тырыс.

3. Тақырыпты түсіндіру.

Сурет салуға кірісеміз.

Бірінші кезең - жай қарындашпен үстел мен оның үстіндегі көкөністерді сызықпен белгілейміз. Суреттің аса көлемді немесе өте шағын болып шықпауын қадағалаймыз.

Екінші кезең - бояуды жағып көру арқылы көкөністің болашақ түсін анықтаймыз. Түстер бір-бірін толықтыра ма, әлде бір-біріне кедергі келтіре ме, осы жағына назар аударамыз.

Үшінші кезең - жалпы суреттің түсін өңдейміз.

Сергіту сәті:

Далада жел тұрды,

Жел қатты тұрды.

Далада жаңбыр жауды,

Жаңбыр қатты жауды.

Найзағай жарқ етті

Жаңбыр басылды,

Күн ашылды

4. Сабақты бекіту.

Оқулықпен жұмыс:

Оқулықтың 26-27 бетеріндегі суреттер бойынша әңгімелету.

Көкөністердің суретін салғызу.

5. Сабақты қорыту.

Не білдік? Не үйрендік?

6. Оқушыларды бағалау. Оқушылардың еңбегін бағалау.



© 2010-2022