2 Сыныпта қазақ тілінен Сөз таптары тақырыбына ашық сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары 2 - сынып
Сабақтың мақсаты: Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасау.
Сабақтың міндеттері:
1. Сөз таптары жайлы ұғым: сөздердің негізгі мағыналарына қарай топтастырылуы, әр топтың өзіне тән сұрағымен танысады.
2. Ойлау қабілеттерін. сөздік қорын дамытуға ықпал жасау; өз беттерімен жұмыс істеуге төселеді.
3. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, бір - бірін сыйлауға, тыңдай білуге тәрбиеленеді.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: АКТ, Ойын: «Кім жылдам?», «Адасқан сөздер», СТО технологиясының стратегиялары: топпен жұмыс, топтастыру, семантикалық карта,
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Топ ережесі жазылған қағаздар, топқа бөлуге арналған карточкалар, стикерлер, топ жұмысына қолданылатын жеке тапсырмалар, бағалауға арналған көрнекілік, А - 4 қағаздары, түрлі - түсті бояулар, АКТ.

Сабақ барысы:
І Қызығушылықты ояту:
1. Психологиялық дайындық:

Орнымыздан тұрайық
Мойнымызды бұрайық.
Амандасып алайық,
Амансыз ба достарым,
Амансыз ба мұғалім.
Білгір қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Сыныпқа кеп отырған,
Қонақтарға қарашы
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз,
Сәлеметсіздер ме?
Орнымызға барайық
Кілең бестік алайық

2. Топқа бөлу. (Сынып 5 топқа түстер арқылы бөлінеді)
3. Топ ережесін еске түсіру. (Ереже сынып қабырғаларында ілініп тұрады, бүгінгі сабақтағы бағалаудың ерекшелігі туралы айту)
4. Топтарға тапсырма: (Тапсырма карточка арқылы таратылады, карточкада сөз жазылған, 1 сұрақ берілген)
1. Берілген сөздерді сөз құрамына талда,
2. Сұраққа жауап бер.
5. Жаңа сабақты меңгертуге дайындық.(Әр топтың столының астына сұрақтар жасырылған, тауып алып, оқиды, өз сұрағына қатысты мысал келтіреді)
Сұрақтар: Кім? Не? Не істеді? Қандай? Неше?

ІІ Мағынаны тану
1. Партада дұрыс отыру, дәптерді дұрыс қою ережесін еске түсіру.
Топтық жұмыс:
2. Жаттығулар орындау: Ойын: «Кім жылдам?» 312 - жаттығу: әр топ өз сұрағына қатысты сөді тауып, дәптерге және тақтаға жазады.(Осы жаттығуды орындау барысында жаңа сабақ түсіндіріледі.)
Проблемалық сұрақ: Сендер жазған сөздеріңнің мағынасына назар аударыңдар, заттың несін білдіріп тұр?
Олай болса Кім? Не? сұрағына жауап беретін сөздерді енді зат есімдер дейміз. т. с. с.
Ал осы Зат есім, сан есім, сын есім, етістікті - сөз таптары деп атаймыз.
(Жаңа терминдер тақтаға ілінеді, топтарға жаңа ат беріледі)
Сергіту сәті: «Көңілді күн»
Ұжымдық жұмыс:
313 - жаттығу. Жатқа жазу, тақтадағы сұрақтар астына заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздерді теріп жазу.
315 - жаттығуды «Адасқан сөздер» ойыны арқылы орындау.
Тақтадағы үйлерге сөздерді мағынасына қарай орналастыру, неге қойғанын дәлелдеу.

ІІІ Ой - толғаныс
1. Топтық жұмыс:
1 - топ: ребус шешу, сөйлем құрау

© 2010-2022