Нн дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Мұғалімнің аты-жөні: Айтпаева Ардақ Асылбекқызы Үшінші (негізгі) деңгей Пәні: сауат ашу Шағынкомплекті мектеп
1 сынып
Сабақтың тақырыбы Н н дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру. Ол арқылы сөзерді оқу және жазуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін, танымдық ойын қалыптастыру, танымдық ойын дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Қолданған модулдер: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ,талантты және дарынды балаларды оқыту,оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту,диалог арқылы оқыту Оқушылар үшін оқыту нәтижелері:
Үйренеді:

  • Өзара түсіністікке, бірлесе жұмыс жасауға үйренеді
  • Суреттердің айырмашылығын айтуға үйренеді
  • Өз ойларын айта алады ,сурет арқылы әңгімелейді
Сабақта қаралған негізгі идеялар:
Ұйымдастыру: Сабақтың шарты: әртүрлі түстер арқылы топқа бөлінеді. Белсенді қатысқан оқушы өте жақсы, жақсы деген бағамен бағаланады. Сабақтың көрнекілігі

Заттық суреттер, Нн әрпінің баспа, жазба түрлері, интер белсенді тақта.
Сабақтың әдіс-тәсілдері

ой- қозғау, кластер, , ойын элементтері, сұрақ-жауап Сабақтың жоспары І кезең Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, зейінін сабаққа аудару Әр түрлі түстер арқылы топқа бөлу . 2 топқа бөлінді

Психологиялық дайындық. Оқушылармен шеңберге тұрып шаттық шеңберін өткіземін. Қайырлы таң досым! Қайырлы күн деп айтамыз, Түсте бірге қайтамыз. Отбасының гүліміз, Көңілді өтер күніміз!
«Топтастыру» стратегиясы


















Жаңа сабақ



III. Ой қозғау

Өткен сабақты пысықтау.

Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Ол қандай дыбыс?

Ойын: Қай топ әдемі жазады?

«Ас атасы -нан» деген мақалды пайдаланып сабақты бастадым.

Бірде Науан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп, әжесінен:

-Мынау өсіп тұрған не?- деп сұрады.

- Науанжан, бұл пісіп тұрған нан,- деп ,жауап берді әжесі.

- Нан болса, таба наны қайда?

-Таба нан да осы дәннің ішінде.

- Ақ тоқаш ше?

- Ол да осы дәннің ішінде .

- Бауырсақ ше ?

- Бауырсақ та дәнге сиып тұр.

- Әже, кіп-кішкентай қауызды дәнге осынша көп нан қалай сыйып тұр? - деп Науан таңғалды.

- « Ас атасы -нан, нан атасы -дән! деген. Осынша мол дүние ,тоқшылық әрбір дәннің ішінде, - деді әжесі.

Осы жерде оқушылардың назарын нан, дән деген сөздерге аударту. Нн дыбысының әрпімен таныстыру.

Н әрпі неше элементтен тұратынын аңғарту

Маса, мол, алма, тақта, мал, мамыр.

Нан мәтінінде не туралы айтылған? Мәтінді тізбектеп оқыту. ІІ кезең Жаңа тақырыпты меңгерту

Суретпен жұмыс. Ата мен бала.

Неге нан жерде жатыр?

Картинаға қандай ат қоюға болады?

Тірек сөздер: Санат, ата, нан, тастама, Алмат, аула, ал.

Тіл дамыту. Нан болса- ойнап- жүреміз

Нан болса-еркін жүреміз.

Нан- қасиет,

Нан- береке,

Нан- мереке,

Буындармен жұмыс. Шарларда жазылған буындарды оқу, олармен сөз құрастыру.Тақтада жұмыс. Су, на, шу, ма, ну, ал, ра, ор, ау, са.

Ал-ма, ор-ма, са-на, ма-са. Сөз, сөйлем құрастыру

40 беттегі қолға арналған жаттығу, Н-ның бас әрпі жазып, нар сөзіне дыбыстық талдау жасалып, боялады. Шынар сөзін көшіріп жазады.

Бекіту.Диктант. ата, нан, нар. ыдыс, аула.

Оқушылар нан туралы тақтақтарды айтады.

Ойын «Ұйқасын тап!» Дан-дан-дан. Жасадым ұя тақтайдан..

Ойын «Сөз құрастыр» Тақтадағы буындардан сөз құрастырады..

Ойын «Жалғастыр» Алғашқы буынды айтамын, оқушылар сөзді айтады.

Әліппе серігі 13 бет, Нанды қадірлейік.

Жұмбақ шешу

Ас біткеннің анасы,

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталып

Аяқталған қарашы. (Н)

Екі тіреу, басқышы біреу. (Н)

Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті. (найзағай) .

Суретке қарап , белгілі бір жүиемен әңгіме өрбіту.

Талдау.

Комбайн, трактор , наубайхана , бидай сөздеріне талдау жасау.

Оқулықтағы « Нан» мәтінімен жұмыс жүргізу. Ондағы сызылған сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Тыныш оқушымен жұмыс түрі
Шығармашылық жұмыс
Топтық жұмыста тыныш оқушылар тақтаға шығып өздерінің жұмыстарын қорғап, белсене қатысып қызығушылығы артады. І- топқа «Н» әрпі бар сөздер айту ІІ- топ «Н» дыбысы бар сөздерге сөйлем құрау





«Бағалау»
Рефлексия





Үйге тапсырма:







Нн дыбысы мен әрпіНн дыбысы мен әрпіҰнаған тапсырма Сабақтан күтілетін нәтижелер:. Оқушылар топ арасындағы ынтымақтастыққа үйреніп,өз ойларын айта алады,әртүрлі деңгейде тапсырмалар орындай алады.






© 2010-2022