Конспекты Туған тілім 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты Ана тілі

Уақыты:8:35

Кабинет:1 «А»

Мұғалім Н.Ибраимова

Сабақтың атауы

Сөйлеу Туған тілім

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Кірістірілген модульдер

Түрі

Әдісі:

Көрнекілік:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың білімдерін, сөйлеу мәдениеттілігін дамыту жұмыстары арқылы бекіту. Тіл мен сөйлеу мәдениетін дамыту. 1. Мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын қалыптастыру.
2. Сөздік қорын молайту, еркін өз пікірін ашық, еркін айта алатын тұлға дамыту.
3. Ұжыммен жұмыс жасай отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сыни тұрғыдан ойлау

Аралас сабақ

Саяхат сабақ, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сызба, сурет, тірек-сызба.

Амандасу түгендеу,сабаққа әзірлік

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын тексеру

Көзге көрінбейтін бала


Мазмұндау

Қызығушылықты ояту

« Тіл» деген ұғымды кім қалай түсінеді?
........байлығымыз мәдениетіміз.......
.......ұлттығымыз намысымыз......
......арымыз.

Мағынаны тану

Д. Әбілевтің «Туған тілім» өлеңімен танысамыз
Д. Әбілевтің өміріне тоқталу. (1907-2003)
Әдебиетіміздің ақсақалы Д. Әбілев 1907 жылы 26 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1926 ж «Қызыл әскер атты алғашқы өлеңі, 1928 ж «Сырлы шкафтың сыры» атты бірінші әңгімесі жарық көрген. 71 жыл бойы қазақ әдебиетінің өркенін өсіріп, мерейін биіктету жолында қаламымен қызмет етті, көптеген кітаптар дүниеге келді. Оның артта қалған мол мұрасы ұрпақтың рухани қазынасына айнала берері сөзсіз.

Мәтінмен танысу.

Мәтін авторымен танысу

«Туған тілім» өлеңін мәнерлеп оқу.
Сөздік жұмысы (Түртіп алу стратегиясы)
Бабам - үлкен ата далам - туған жер
Оқушыларға оқыту. (Іштей, дауыстап топпен)

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

Ой толғаныс

Ой толғаныс «Жинақтау тәсілі»
Тіл туралы мақал-мәтел құрастыру
«Туған тіл» орнына «қазақ тілі» сөзін қойып, өлеңді мәнерлеп оқу.

Үйге тапсырма

Мазмұндау,автор туралы мәліметтер жинақтау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Конспекты Туған тілім 1-сынып

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022