Тақырыбы: Мәтіннің қандай түрлері бар?

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Мәтіннің қандай түрлері бар?Тақырыбы: Мәтіннің қандай түрлері бар?Тақырыбы: Мәтіннің қандай түрлері бар?Күні16....... айы..11.......... жылы..2012..............

Тақырыбы: Мәтіннің қандай түрлері бар?

Мақсаты:

1. оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту, мәтіннің басы мен соңы болатынын меңгертуге жаттығулар орындату; мәтіннің түрлерін меңгерту, олардың жасалу жолдарын білуге жаттығулар орындату;

2.Ұйымшылдыққа, табиғатты қорғауға, жан-жануарға қамқор бола білуге тәрбиелеу, адамгершілікке тәрбиелеу.

3.Оқушының ойында мәтін туралы топтастырылған білім қалыптастыру, ол туралы білімін кеңейту.

Қажетті құрал-жабдықтар: оқулық, жұмыс дәптері, суреттер топтамасы, қималар жинағы.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, пысықтау жаттығулары, сызбалар, талдау, жинақтау, өзіндік жұмыстар.

Сабақтың барысы

I.Бағдарлау-мотивациялық кезең

1.Оқушы қызығушылығын ояту:

- Ертеде Мәтіннің үш ұлы болыпты. Ұлдары әр қайсысы өздеріне тән сұрақтарға жауап береді екен. Үлкен ұлдың аты Әңгімелеу болыпты, ол не істеді? Сұрағына жауап береді екен. Ортаншы ұлы Сипаттау қандай? Сұрағына жауап береді екен, кенже ұлы Пайымдау болыпты, ол Неліктен? Сұрағына жауап береді екен. Оларды әркім -ақ ажырата білу керек көрнеді, өйткені шатастырсаң шатақ шығарады екен. Содан бері оқушылар шатастырмауға тырысып әр қайсысын өз орнында қолданады екен. Сіздер де, оқушылар жақсылап меңгеріп, дұрыс қолдана біліңдер!

2. Оқушыларға қиықтар таратылады. Әр қиықта әр түрлі мәтінге негізделген мәтіндер, оқушылар әр қайсысын шатастырмай орнын дұрыс тауып қоюы керек.

Әңгімелеу (не істеді?) / Сипаттау (қандай?) / Пайымдау (неліктен?)

Сергіту жаттығуы

Жел уледі -у -у - у

Құйын келіп би биледі зу-зу.

Қатты - қатты жел соқты гу - гу.

Жапырақтар көп соқты ду-ду.

II.Операциялық-орындаушылық кезең

199 - жаттығу. Оқу, жоғарыдағы сұрақтарға жауап беру. Пайымдау мәтінін көшіріп жазу.

Біз сыныпты таза ұстаймыз. Өйткені, ол - біздің екінші үйіміз. Мұны балалардың бәрі жақсы түсінеді.

200-жаттығу. Өлеңді оқып, соңғы екі жолын жатқа жазу. Өлеңдегі негізгі ойды анықтау.

201 - жаттығу.

Тақырыбы: Мәтіннің қандай түрлері бар?

Сипаттау бөлігін баяндап көр.

«Мақал тауып айт!» ойыны. Берілген өлеңнің белгіленген сөздерді қатыстырып мақал құрау:

Туған жер қандай көркем,

Мөлдіреген желегі,

Желмен ойнап желбіреген.

203 - жаттығу. Жоспар бойынша мәтін құрау:

Жоспары:

1.Қыстап өалатын құстар.

2.Құстардың қысқы тіршілігі.

3. Құстардың пайдасы.

4. Балалардың құстарға пайдасы.

III.Рефлексиялық-бағалау кезең

-Сонымен бүгін сабақта не үйрендік?

Сабақтың тақырыбы:

Не білдім?

Не түсініксіз болды?

Сабақтың түйіні, ережесі

Қысқаша мысал келтіру

Рефлексиялық жаттығу. Бүгінгі сабақтан алған әсерін, жетістігін мен кемшілігін айтып, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді.

Өзіндік қабылдау

Қағазды екіге бөліп сызып, сол жағына менің кемшіліктерім, оң жағына менің жетістіктерім деп ойларын бүкпей ашық жаздыру:

Менің кемшіліктерім Менің жетістіктерім

..................................... ........................................

..................................... ........................................

..................................... ........................................

..................................... .........................................

5минөттен соң 3-4оқушының өз жазғандарын топтап талдап, талқыға саламыз. Оған 10 минут уақыт беріледі. Мына ережені ұстаған жөн: бір*-біріне сұрақ қоюға болады, бірақ, сын айтуға болмайды.

Қорытынды: тренинг нәтижесі оқушының шыншылдығын, жауаптылығын, алғаш рет өзіне қорытынды жасауын, өзін түсініп, өзіне сын өзгеге сенуін көрсетеді.

Тренинг барысында баяу музыка ойнап турады. Ол оқушылардың ашылуына, ойланып қайта әрі сөйлей біліуіне әсерін тигізеді.

Үйге тапсырма:

Үйден 204жаттығуды берілген тапсырма бойынша орындап келу.


© 2010-2022