Ашық тәрбие сағаты Қош бол, сүйікті әліппем!

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қош бол , сүйікті Әліппем!

Мақсаты:
1. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тексеру 4 айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлерімен жан - жақты білімдерін ата - аналарға көрсету.
2. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бір - бірін сыйлауға, өзін - өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі:
Тақырып жазылған билборд, мазмұнды суреттер, әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе әріптер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулығының макеттері, слайдтар.
Мұғалім:
Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар, ата - аналар. Балаларыңыздың білім шынына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!
Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, «Қош бол сүйікті Әліппе!» ертеңгілігімізді бастайық.

Қ,Р Әнұраны орындалсын! Сап түзел, тік тұр! Тік тұрыңыздар

Әнұран орындалады.
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
1 - жүргізуші: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Әліппе: Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық!
1) Би: Қыздар биі «Көңілді күн» 1- оқушы: Азамат Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
2- Оқушы: Нуршат Мен мектепке барамын!
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертек
Үйретті оны Әліппе. 3- оқушы: Дамир Әліппем, менің Әліппем,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен. 4 -оқушы: Алтынай Ең алғаш алғанымда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді. 5- оқушы: Бекзат. 2) Ән: «Әліппе» 6- Оқушы: Алижан Бар кітапқа бас болған, Әліппе - ғылым анасы. Әліппеден басталған, Даналықтың данасы. Мектебің мынау, класың. Осында он жыл тұрасың. Тарыдай болып кіресің, Таудай болып шығасың 7-оқушы: Әлрами Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды. 9- оқушы: Мариям:

Ойын: «Гүл сыйлайық» 3) Көрініс: Шалқан ертегісі: Мұғалім: Олай болса кезекті әріптер сырына берейік. (Әріптер сөйлейді)

1-оқушы: Нұрали

Әліпбидің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында,
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде? Түсінші

«А» деген ол - аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол - әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол - балалар ғой көңілді,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
2-Оқушы: Аружан

А әрпінен есімім

Айтсам сөздің кесімін.

Аружан мен боламын,

Айдай өсіп толамын.
3 - оқушы: Әмина

Әлішерді білесіз,
Көңілге мені түйесіз.
Ә әрпі де атымда
Оқып - біліп жүресіз.

4 - Оқушы: Жандос

В - әрпі Қосылса 13 арасы,
Қандай әріп қарашы?
5-оқушы: Алижан

Г - әрпі Егіз десе - екінші,
Сегіз десе - үшінші
Бұл қай әріп екенін
Өзің қарап түсінші.
6- оқушы:Дамир

Ғ - әрпі Ұқсайды өзі шалғыға
Елестет көз алдыңа,
Қане, ойланып табайық
Болды екен бұл қай әріп?
7- оқушы: Нұрсаулет

Ж - әрпі Түн шымылдық ашқаннан
Жымыңдайтын аспаннан.
Көп шырақтың аты не
Қайсы әріптен басталған?
8- оқушы: Азамат

З - әрпі Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.

9- Оқушы: Исатай

И - дегенің иманың,

Адалдықтың белгісі,
10- оқушы: Әлрами

К - дегенің күй дарын
Домбыраның дастаны
11- оқушы: Мансұр
М - әрпі Түйе өркешіне қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
12- оқушы: Нуршат

Н - әрпі Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әрпі неде қарашы.
13- оқушы: Әсел

О - әрпі О - кәдімгі дөңгелек
Кетпесін ол дөңгелеп.
14- оқушы: Мейірбек

Ө - әрпі Өрікте сөздің басында
Бөрікте б - ның қасында.
Бұл қай әріп көріңдер,
Енді айтып беріңдер.
15- Оқушы: Кәусар

Р - әрпі Қырларда құр - деші,
Жайылып жүр - деші.
Ал енді өзің - ақ
Р - р - р - р - деші.
16- оқушы: Санжар

С - әрпі Білезікке қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
17- оқушы: Ерасыл

Ұ - әріпі Ұ - әріпі ұлысың
Ағайының өз - елің
18 - оқушы: Айзада

Ү - әріпі «Үйрек» десе - бірінші,
«Бүйрек» десе - екінші,
Бұл қайсы әріп екенін
Біреу айтып берсінші.
19- оқушы: Нұрали

Ф - әріпі Қос бүйірін таянып
Тұратұғын қай әріп.
20- оқушы: Әлфараби

Ы - әрпі Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз? Хормен: Балаларға ақ тілек,
Болашаққа бақ тілеп.
Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған мың рақмет! 4) Ән: «Рахмет саған әліппе

Әліппе:
- Балалар, сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.
Сандар шығады.
Әліппе:

Ретімен тізбелі,
Әрбір санды даралап.
Қайсың барсың бізге енді,
Айтып берер санамақ?
1-оқушы: Арай

1 дегенім - бесік,
Шықтың содан өсіп.
2- оқушы: Әлрами

2 дегенім - елім,
Далам, тауым, көгім.
3-оқушы: Нұрсаулет
3 дегенім - үміт,
Үміт артар жігіт.
4-оқушы: Айзада

4 дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.
5- оқушы:Санжар

5 дегенім - бақыт,
Бағалайтын бақыт.
6- оқушы: Ерасыл

6 дегенім - ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
7- оқушы: Бекзат
7 дегенім - жалау,
Жүректегі алау.

8- оқушы: Мейірбек

8 дегенім - сөзің,
Серт беретін кезің.
9- оқушы: Айсұлу

9 дегенім - тоқтау,
Елдің жоғын жоқта
10- оқушы: Мансұр

10 дегенім - Отан,
Қорға еліңді ботам. Ендігі кезекте ойынға берейік.«Оңай олжа» - деп аталады..

1- оқушы: Арайлым Қош бол, құтты «Әліппем»
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріпппен,
Тақылдатып сөйлеттің. 2-Оқушы: Аңсар Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз! 5) Би: Қыздар биі «Домбыра» Әліппе: Балалар өнерлеріңе рахмет ! Мен сендерге өте ризамын. 4 айдың ішінде көп нәрсені үйреніптіңдер! Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен » ұштастырыңдар. Міне , менің досым өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар.

Ана тілі кіреді: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Сөйлетер сөзді шеберлеп,

Өзіңнің ана тіліңмін.

Байыптап жақсы оқысаң,

Негізі менде білімнің.

Ана тілің құралың,

Ана тілің ұраның.

Ана тілің болмаса.

Мықты болмас тұрағың.

Әліппе:

Қош келдің «Ана тілі» Төрлет!

Келді менің уақытым қоштасатын,

Ана тілмен келді кезек достасатын.

Ал, қанекей «Ана тіл» қабыл алғын

Білім кілтін бірге ұстап достасатын.

Ана тілі оқулығын жақсы оқыңдар, үлгілі оқушы болыңдар! Ал енді қош сау болыңдар!

Бәрі: Білім атты әлемге аштың жол,

Рахмет саған әліппе қош сау бол. (Әліппе кетеді)

Мұғалім: Ал енді балалар «Ана тіліне » арналған өнерімізді көрсетейік. Ана тілі де әліппе сияқты бір марқайып қалсын.

1-Оқушы: Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрің біл,
Өз тіліңді құрметте.

2-Оқушы:Аяулым.

Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

3-Оқушы: Аңсар

Жарқын жүзді ұстазым!

Келгенімде алдыңа

Қызыл арай гүл алып,

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып

Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.

4-Оқушы: О.Жандос

Отан - жерім, Отан суым.

Отан қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым.

Отан мәңгі гүлденеді.

5-Оқушы: Т. Исатай

Отан - сенің ата - анаң,

Отан - досың, бауырың

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

6-Оқушы: Әсел

6) Көрініс: Үш ұл. Ата - аналардың қатысуымен бірге орындалады. Ән: Қошақаным. Аружанның орындауында. Би: «Хафанана» Алтынай мен Әлрами Мұғалім:Балалар өнер, білімнің барлығы да мектептен басталады.
- Біздің білім алатын ордамыз - мектеп.
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені. - деп мектебіміздің басшысы Қоңырбаева Айнұр Бекенқызының бүлдіршіндерімізге деген ақ тілегін тыңдайық,
Мұғалім:Балалар, енді әліппеден басқа да қызықты кітаптарды оқи алатын болдық. Бізге арнап Ана тілі бірнеше кітапты сыйлыққа алып келіпті. (Кітаптарды балаларға таратады,).
Мұғалім: Бүгінгі күн тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар. (шашу)Алтынайдың апасы.
Мұғалім:
- Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң - қуанып, ренжісең - жұбататын асыл адам - Ана!
- Ана - біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау - біздің парызымыз.
- Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата - аналарымыздың үлесі бар. Ендеше біздер ата - анамызға ризашылығымызды білдіреміз. Ата - аналарға сөз беру.

Қорыту:Осымен бүгінгі 1 «Ә» сыныбында өткен»Қош бол сүйікті Әліппем» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.




© 2010-2022