Разработка урока на тему Достық 4-класс

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Достық (Оразақын Асқар)

Мақсаты:Өлеңнің идеясын түсіну, нағыз дос пен жолдастықты ажырата алу,дос болудың жолдарын білуі тиіс.

Күтілетін нәтиже:Өлеңнің идеясын түсінеді,достарын құрметтейді, дос болудың жолдарын ажырата алады,нағыз достардың қарым-қатынасын сипаттайды.

Қолданылатын әдістер: 1.Қалай оқу керектігін үйрету.(психологиялық ахуалды орнату)

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету(постер жасау,10 сұрақ әдісі)

3.АКТ (Автордың өмірбаяны)

4.Диалогтік оқыту (жұптық әңгіме)

5.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.(қалыптастырушы және жиынтық бағалау)

Жұмыс түрлері:аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, оқулық ватман, стикер, түрлі-түсті маркерлер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру,сыныпты түгендеу.

2.Психологиялық ахуалды орнату: «Қызыл өрік»

Топқа бөліну: :Мақал қиындысы арқылы,топтың атымен таныстыру «Қыран ,» «Тұлпар»

3. Бағалау түрімен таныстыру,бағдаршам түстерін тарату

2.Топ ережесін еске түсіру

-әр оқушы бір ережеден бірін-бірі қайталамай айтып береді(топтық бағалау)

-өз тобындағы рөлдерін анықтау

3.Үй тапсырмасын тексеру:

-жаттап келген өлең, жаңылтпаштарын айтады.

4.Жаңа тақырып.Блум таксономиясы бойынша

1. Білім деңгейі Интерактивті тақта арқылы таныстырылым.

- В оқушы Оразақын Асқар туралы дайындаған ақпаратымен таныстырады ,

- Топқа бөліну кезіндегі мақалдарды еске түсіре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау.

2.Түсіну деңгейі. Оқулықпен жұмыс

-әр топ өлеңді сегіз шумақтан оқиды,

-топ ішінде жұптар құрап, бір-біріне өлеңнің мазмұнын өз сөзімен түсіндіреді,

3.Қолдану деңгейі

-әр топтан бір оқушы келесі топқа өлеңнің мазмұнын түсіндіреді;

-түсіндірген оқушыны бағалайды.

4. Талдау деңгейі. Топтық тапсырма

-өлеңнің қай жолдарынан жақсылыққа тәрбиелейтін сөздерді көреміз?

-өлеңнің қай шумағын оқып достық туралы мақал айтуға болады?

-нағыз дос қандай болу керек?

5.Жинақтау деңгейі

-оқушылар сыныптағы достарының атын стикерге жазып,қандай дос екенін, дос болу себебін әңгімелейді.

(Осы арқылы сыныптағы достықты анықтау)

- С оқушы «10 сұрақ» әдісі арқылы бір оқушыны анықтайды.

6. Бағалау деңгейі.

-екі топ «Достық сөзіне» постер жасайды;

-жұмыстарын қорғайды.

5. Үйге тапсырма. Өлеңді, мақалды жаттау.

6. Бағалау .Бағдаршам

-өзін-өзі бағалау себебін түсіндіреді;

-тілек ағашы арқылы кері байланыс қалдырады.



© 2010-2022