10-сынып Қаныш Сатпаев тақырыбына қысқа мерзімді жоспар

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қаныш Саптаев. Сабақтас құрмалас сөйлем.

Модуль: «Әлеуметтік-мәдени ая»

ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ

КҮНІ: 25.11.14

Мұғалім: Керейбаева Г.М.

СЫНЫП: 10

Келген:

Келмегендер:

Сабақ қамтитын оқу мақсаттары

Мәтіндегі мәліметтерді түсіну және болжау. Ғылыми жоба жұмыстарын жүргізу.

Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу.

Сөйлеу мәнерін бағалау.

Сабақ мақсаты

Мұғалімнің сырттай бақылауымен мәтін, диалогтағы

нақты мәліметтерді (негізгі фактілерді) түсінеді.

Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтердегі негізгі ойды күнделікті өмірмен байланыстырады.

Әртүрлі тақырыптар бойынша өз ойын әсерлі жеткізеді және өзгенің пікірін бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Глоссарий

1 минут

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Ақыл-ойдан жүк тиеп теңіздейін телегей,

Желді күні желкенсіз жеке жүзген кемедей,

Менменсіген Мәскеуді, Парижді де тәкаппар

Таңғалдырған кім еді,Қаныш аға Сен емей?!

Сәкен Иманасов.

Сұрақ құрастыруда: Неге? Қандай? Қалай ойлайсың? Сіздің пікіріңізше ....сабағымыздың тақырыбы қандай?

Сабақтың басы

1 мин

1. Тренинг: « Жылулық сезімі»

(оқушылар бір-біріне ыстық тілектерін жолдайды.)

Ынтымақтастық атмосферасын орнату арқылы

сабақтың мақсаты таныстырылады.

2 минут








3 минут



7 минут





















3 минут









15 минут








































































































































5 минут





2 минут

ІІ. Ұйымдастыру кезеңі

Сұрақ- жауап жұмысы: Өткен модуль бойынша сұраққа оқушылар қысқаша мәлімет айтады.

1. Техника ғылымының саласындағы қандай белгілі тұлғаларды білесіңдер?

Қысқаша мәлімет:

Кен геология саласындағы көрнекті ғалым-

Сәтпаев Қаныш Имантайұлы

Кенші ғалым-Жамал Қаңлыбаева

Математика алыбы-Әлімхан Ермеков

Техника ғылымының докторы-Әбікен Бектұров

Қазақтың тұңғыш археологі- Әлкей Марғұлан

III. Сөз жарысы

2 топ бір-бірімен сөз жарыстырады.

Оқушылар 2 топқа бөлініп,өткен модуль бойынша жаңа сөздерге шолу жасайды.

VI. Грамматикалық тапсырма.

Кеспеде сөйлемдер таратылады.

Мына сөйлемдер қай мәтіннен берілген. Синтаксистік талдау жаса және сол тұлға туралы қысқаша мәлімет.

Үлгі эталоны

№1

1971 жылы Венгерияда өткен ірі халықаралық симпозиумдар мен конференцияларға қатысып,сөз сөйлеп,баяндама жасап,қазақ елінің жер асты байлығының қыр сыры, өндірісі туралы ойларын ортаға салды.

№2

Осында оқыған жылдары оны саяси сенімсіз деп стипендиядан қақса да,ара-арасында ауқаттылардың баласын ақылы оқытып,оқуын алтын медальмен бітірді.

№3

Қазақтың мәдениет тарихының бірнеше саласын зерттеген жанға, сәулет өнері мен қалалар тарихы бірінші кезекте болса, көне жәдігерлер мен тас мүсіндер де еш уақытта ойынан шықпаған.

VII. Кім миллионер болғысы келеді? Ойын

V. Үй тапсырмасы.

Оқушылар дайындаған мәліметтерін ортаға салады.

Медеу Сәрсеке естелігінен.

Дайындаған -Шотт Марина

«Сәтбаев кітабының авторы»

Қанекең тоғызыншы атасында Бұқар жыраумен туысады.

Бір күні опера театрына барғанымда,үзіліс кезінде -ақ жібектен костюм киген бір топ адамды көрдім. Олар Үнділіктер екен.Сөйтсем,ортасында таудай болып Қанекең келе жатыр. Аузым ашылып тұрып қалдым. Аласа бойлы үнділіктердің жанында Қанекең алып тау секілді еді. Кейін білдім, ғалымның бойы 1метр 96 см болыпты. Ал бас киімі 62 өлшемді еді.

«Талант текпен келеді»

Қаныш Сатпаевтың арғы аталары қандай жандар болған?

Қаныштың атасы Сәтпай-қажылыққа барып,Меккеден қайтпаған .Сонда өмірден өткен жан. Оның үлкен әйелі Күнсұлудан Имантай, Әмін, Жәмін, Зейін атты төрт ұл туады.Имантай орта шаруа болған. 1899 жылы Қанекең туғанда Имантай өз болысының биі болыпты. Сөзге шешен, қазақтың мақал-мәтелдеріне жетік, ән салып, домбыра тартатын жан екен. Қанекең тоғызыншы атасында Бұқар жыраумен туысады. Алтыншы атасында Шорманмен қосылады. Мәшһүр Жүсіп Көпейдің Шорманның Мұсасы өмірден өткенде айтқан жырында:

Қаржастың зоры Анай-ды,

Талай жақсы Анайдан тарайды.- деген жолдар бар.

Шорманның да, Қанакеңнің де алтыншы атасы -Анай. 1690 жылдары Қаржас елін Бұқар жыраудың әкесі Қалқаман батыр қазіргі өзбектің Бұхара қаласына көшіріп әкелген. Ал Баянауыл еліне Қаржасты 1740 жылы Анайдан туған Сәди ер көшіріп әкелген. Қанекең бесінші атада осы Сәдимен жанасады.

Қанакеңнің анасы-Әлима дүниеден ерте қайтан. Ертегішіл, әнші , жұмбақ айтыстарын тауып айтқан, сұлу адам болыпты. Қанекеңнің ән-әуенге әуестігі -тегінен.Өзі домбыраны жақсы тартқан. Повладардағы мектепте оқып жүріп скрипканы үйренеді.

Туған анасы Ғазиз /Бөкеш/

Қаныш аға көзіне жас алып: «Мен ағамның талантының маңайына да бара алмаймын. Ол тұнып тұрған талант еді. Бірақ заманы солай болды, яғни,ашаршылық жылдары елге барғанда қаржастары

«байдың баласы »деп ұстап берген екен.

1916 жылы Қанекең Жаяу Мұсауға сәлем бере барғанында , әнші төсек тартып жатыр екен.Жаяу Мұсаның «Қаныш қарағым, бойың өсіпті, ойың қалай?»-дегенде ,Қанекең : «Ой да қосылды ғой ,аға »,-деп жауап береді.Енді әнші «Маған қандай базарлығың бар?»-деп сұрағанда, Қанекең оған «Базарлықты сіз үшін Шыңғыстаудан арнайы алып келдім», дейді екен. Базарлық деп ол үйренген әнін сұрайды екен.

Қаныш аға «Алгебра» оқулығын 20 жасында жазған және оның сыры мынада. Оған 2 себеп болғаны аныталды.1920 жылы «Қазақ мектептерін ашамыз,оған оқулық керек» деген ұран тасталады. М.Дулатов- есеп,

Ж Аймаутов «Психология» кітабын жазады. Сонда Томскіде оқып жүрген Қаныш аға «Алгебра» оқулығын жазуды мойнына алады.

Ғалымның отбасы мен балалары туралы айтсақ,бірінші әйелі -Шарипа. Қаныш аға «Шәрипа,Шырылдиым- менің шаңырағымның құты» деп отырады екен. Екінші әйелі-өзімен бірге Томскіде оқыған Таисия Алексеевна . Қаныш ағаның үлкен қызы Ханиса 1921дүниеге келген. Жасы тоқсаннан асты. Медицина ғылымының доктары, профессор. Екінші қызы Шәмшиябану-филология ғылымының докторы. Үшінші қызы Мейіз үлкен ғалым еді. Екі әйеліне 2 ұл болған Малыбай, Арыслан белгісіз аурулардан шетінеп кеткен.слайд№1-6

Әлкей Марғұлан -ұлттық археология мектебінің негізін салушы,филология ғылымының докторы естелігінен.

Дайындаған -Трупп Диана.

Мен Қанышты бала күнімнен білемін.Екеміздің де ауылымыз Баян тауының төңірегінде қоныстанған көршілес ауылдар . Қаныш бала күнінде өте момын,тұңғиық болып өсті. Төрт-бес жасқа келгенде асық,топай ойындарымен құмарланды,өзеннің жағасынан әдемі жылтыр тастарды көп жинайды. Оның ерекше жақсы көріп, рухани азық еткені халық поэзиясы, музыка, ән , күй, би болатын. Егер геологияның соңына түспей, бірыңғай әдебиет саласына кетсе, Қаныш аса талантты жазушылардың бірі болар еді.

Ол домбырамен қатар ,гитарада, скрипка, мандолина тартуды үйреніп, қазақ әндерінен концерт береді. Музыкамен қатар , Қаныш өнердің бір түрі -биді де қатты қадірлейтін. Сүйікті би түрлері: полька, мазурка, вальс, фоксторт, танго билерін шебер орындаған. Қысқасы, сегіз қырлы,бір сырлы адам еді. Слайд №7

Әбділдә Тәжібаев -филология ғылымының доктары естелігінен.

Дайындаған -Иванов Андрей.

Мен Қаныш ағамен 1931 жылы таныстым. Кеңгірдің бойында айлы түнде жантайып жптқанымыз есімде.

-Әбес,Абай өлеңдерін оқып жіберер ме едіңіз ?- деді.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәлесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

Оқып болдым. Қасымыздан Абай ыңырсып өткендей,соған құлақ асқандай тына қалыпппыз.

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап,-деп енді Қаныш аға бастады. Оның қоңыр дауысы ерекше бір сырбаз еді.

Ол өзі де өлең жазатын ұлы ақын еді.Ол желдің ,судың тілін түсінетін, далада жатып жердің алып жүрегінің қалай соққанын тыңдайтын, тереңдегі мұнайлар шуылын еститін. Оған тас сөйлеп,сыр шертетін, темір ән айтатын.

Слайд №8

Ақжан Машанов- геолог ғалым, профессор естелігінен.

Дайындаған- Каликулина Зарина.

Мен тау-кен инжинері болып шыққан 1939 жылы Семей облыс Шұбартау ауданында Ақбастау, Қосмұрын деген жерден алтынды мыс кенін аштым.

Сол табыстың әсері болар,ғылыми-фантастикалық әңгіме жаздым. Сол кітапты баспаға ұсынуыма себепкер болған адам Қанекең еді. Кітапқа пікір жазған да сол еді. Ол пікір менің 1940 жылы шыққан «Жер сыры» атты кітабыма алғы сөз ретінде жарияланды. Кеңес Одағындағы жалғыз сынап кені Никитовка немістердің қолына түсіп қалды. Біздің алдымызға сынап кенін іздеу мәселесін қойды. Солардың бәріне ол кісі тікелей жәрдем беріп отырды. Қаныштың бір қасиеті -жаңа идеяны батыл қолдайтын.Слайд №9

Кәкімбек Салықов-ақын естелігінен.

Дайындаған-Сиваков Василий.

Сәуірдің 12- жұлдызы -қазақ ғылымы үшін аса бір құтты күн. 1859 жылыдың 12 сәуірінде Шоқан Уалиханов Қашқария сапарынан аман-есен оралды. Шоқанның жұлдызды сапарынан 40 жыл өткеннен кейін, 1899 жылғы сәуірдің 12- жұлдызында Қаныш Имантайұлы Сәтпаев дүниеге келі.

Қаныш Сатпаев шоқантанудың қазақтан шыққан алғашы зерттеушілерінің бірі болды. Томскіде оқып жүрген студент Қаныш Шоқан Уалихановтың еңбектерін талдау үстінде тарихтағы белгілі тұлға Едіге батыр туралы эпосқа тап болады. Ол Сатпаевтің өңдеуімен,1927 жылы жарық көрді.

1961-1972 жылдары Шоқанның ең алғашқы жарық көрген бес томдық шығармаларының дайындалып, қазаққа жетуіне Сәтпаев нақтылы себепкер болды.Қаныш Сатпаев Шоқан Уалихановтың дәстүрін жалғастырушы ретінде ерекшеленеді. Слайд №10

Әбдуали Қайдар-филология ғылымының докторы естелігінен.

Дайындаған-Русских Владимир.

Тіл маманы мен үшін естен кетпес жағдайды айтқым келеді. 60-жылдардың басында академия құзырына Қытай еліне бір топ делегация келе алды. Көпшілігі қазақ және ұйғыр ұлттарынан болатын.Оларды Сатпаевтің өзі қабылдайтын болып, қоғамды ғылымдар бөлімшесінен тілші,әдебиетші, тарихшы ғалымдарды кездесуге шақырды.Ең кереметі 20 минуттай сөйлеген Қанекең тілімізге етене сіңіп кеткен «совет», «революция» жүздеген терминдердің біреуін де қолданбай «кеңес», «төңкеріс» деп келтіріп , академия ғылымы туралы қарапайым қазақ тілінде баяндап шықты.слайд №11,№12

Нысанбаев-философия ғылымының докторы естелігінен.

1947 жылы Лондонда өз заманының ірі саяси қайраткері Уинстон Черчилль КСРО Жоғарғы Кеңесі өкілдерін қабылдаған кездесуде Сәтпаевтан:

«Қазатың бәрі сіз секілді биік пе?»- деп сұрайды,оның қай ұлт екенін білген соң. Сонда Қаныш аға: «О не дегеніңіз, менің халқым менен де биік», -деп жауап берген екен. Слайд №13,14

VI Кино «Қаныш Сатпаев тағлымы»

VIII. Үй тапсырмасы. Жауап хат жазу.

Қаныш Сатпаевтің жастарға өсиеті.

Жас адам өмір сүргенде сол өмірді босқа өткізуге тиісті емес. Ол, біріншіден, Отанына пайдалы азамат болуды, екіншіден, өз заманының, өз дәуірінің мәдениетті,білімді және алдағы қатарлы адамы болуды ойластыруы керек. Сол үшін жас күніңізден -ақ өзіңізді адамгершілікке баулыңыз. Ісіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кірісіңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіңдер.

Жеткен жетістік пен табысқа мақтану,масаттану -сіздер үшін қасиет емес. Бүгінгі табыстан келер таңдағы міндеттер үлкен. Сол міндеттерді орындауға ұмтылыңыз. Бүгінгі білгеніңізден ертеңгі білгеніңіз көп. Сол білгеніңізді білуге асығыңыз.Білімді болу,ғалым болу өмірді таңдаудан ,көп оқып, көп іздеуден, шаршамай , талмай еңбек етуден болады.



Оқыту мақсаты

Критерийлер

Дескрипторлар

Жетті

Талпынады

Қорытынды

жетті

Талпынады



Т3

О5

А6






А

В

Д




Топ мүшелері бесенділікпен жұмыс жасады

Ақпаратты толық пайдаланды


Берілген тапсырманы шығармашылықпен орындады


Сыни пікір айта білді


Өз ойларын айтып, бүгінгі өмірмен байланыстырды


Уақытты тиімді пайдаланды

Бағалау:(жалпы жұмысты бағалау)

Оқыту мақсаты

Критерийлер

Дескрипторлар

Жетті

Талпынады

Қорытынды

жетті

Талпынады



Т3

О5

А6






А

В

Д




Глоссариймен жұмыс жасай білді

Өзіне қажетті ақпаратты анықтай алды


Тапсырмаларды дұрыс орындады


Қойылымды, әнді жақсы орындады, көркемдегіш құралдардытапты


Қорытынды шығарып, өмірмен байланыстырды


Уақытты тиімді пайдаланды

Кері байланыс«Шырақ болып жанайық!»

1.Менің түсінгенім...

2.Менің үйренгенім...

3.Менің ұсыныстарым...

4.Кемшіліктер:

Менің ұраным:
Шырақ болып жанайық,

Жылуымызды шашайық!

10-сынып Қаныш Сатпаев тақырыбына қысқа мерзімді жоспар.

2 мин

Үй тапсырмасы:

Менің күн тәртібім.

Саралау - көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандайөзгерістеренгіздім және неліктен?

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?



© 2010-2022