Күн, ауа, жер – біздің достарымыз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Күн, ауа, жер - біздің достарымыз.

Мақсаты: Бүкіләлемдік тіршіліктің 4 негізгі туралы түсінік беру. Төрт негіздің әулиелігін қастерлеуге тәрбилелеу.

Көрнекілік: Нақыл сөздер: «Жеміс-жерде, жеңіс ерде», «Ауаны қылыш пен еспе», «Желдеткілікті жаппа».

Барысы

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Кіріспе әңгіме.

(негізгі тоқталу)

  1. Күн - барлық тіршіліктің қүдіретті тірегі ертеде адамзат күнді жаратқанның жаратушысы деп, табынып сиынған жарық дүние күннің сәулесі мен жылынғанан қуат алады. Сондықтан халық ас күн тұрған аспан желін қасиеттеп, «аспанға қарап түкірме, аспанға тас лақтыра ма» деп, ырым - тыйым жасайды. Күннің нұры - сәуле, құдіретті күші - от.
  2. Жер - ана барлық тіршілікке нәр береді қазақ жер ананы әулие тұтады. Қазақ: «Жері байдың елі бай», «Тұған жер - алтын бесік деп жер - ананы аялайды, баптайды». Жер тоздыру, өрісті тарылту, оны баптамау - әрі айып, қылмыс.
  3. Су - өмір сүрудін тірегі болып тұрған құдірет, өсімдік жан-жануар, адамзат cусыз өмір сүре алмайды. Халық суды да әулие тұтып, судың шығып жатқан жерін «Әулие бұлақ», «Әулие көл» дейді.
  4. Суды дұрыс пайдалана білгендіктен, Арал теңізінің тартылуы, өзен-көлдердің улануы халықты қатты күйзелтті.
  5. Ауа - өмір ырғағын жасап тұрған қүдіретті нәрсе.
«Ауа - өмір тынысы» тыныс алу тоқтаса өмір де тоқтайды. «Ауаны былғама, алланың демі» деп, халық кең ауаны, таза самалды қасиет тұтқан»
  1. Ауаны былғау қылмыс деп есептеген. Ең қымбатты нәрсе «ауадай қажет» деп (есептеген) халық ауаны қымбаттың қымбаты деп бағалайды.
  2. Жерді өртеп, бомба тастау, ауаны бүлдіру - ауыр қылмыс халық ондай қылмысты ауыр жазалауды талап етеді.

Төрт қүдірет (рөлдерге бөліп айту).

  1. Күн - ана

Әлемге құатты

Сәуле мен шуақты

Алып күн - беріп тұр.

Жарық күн - көрік, нұр.

  1. Жер - ана

Аялар анамыз,

Саялар панамыз,

Құлпырған тірліктен -

Жер құтты гүл біткен.

  1. Су - ана

Өңірдің өзені - өмірдің өзегі.

Сусыз жер - өмірсіз.

Нусыз өр, өңір, тұз.

  1. Ауа - ана

Жер шары - «дәу» әлем

Қоршаулы ауамен

Ауасыз кім шыдар?

Ауасыз тұншығар.

Хормен: Күн, жер, су, ауамен

Күнде ду мына әлем.

Балалар кім осы 4 құдірет туралы нақыл сөздер, тілектер ырым-тыйым сөздер біледі?

Күн: а) Аспанға қарап түкірме.

ә) Аспанға тас лақтырма.

б) Отты қастерлеп:

«Отты баспа», «отпен ойнама», «өтқа түкірме».

Нақыл сөздер:

Жер: а) «Баптағанға жер жомарт» «Жері байдың елі бай»

ә) «Жеміс - жерде, жеңіс ерде»

б) «Туған жердің топырағы да ыстық»

Су: а) Судың да сұрауы бар.

ә) «Өзен бар жерде өмір бар»

б) «Бұлақ көрсең, көзін аш»

в) «Судай таза, сүттей ақ бол».

Ауа: а) «Асқар жаудың ауасы - аурудың дауасы»

ә) «Ауаны былғама, Алланың демі»

б) Ауаны қылышпен еспе (ырым).

Қорытынды: Азамат күнделікті тіршілігінде осы 4 қүдіретке сүйенеді. Егер осы 4 негіздің біреуі болмаса тіршілік тоқтайды. Сондықтан күнді, жерді ардақтап, жер мен күннің, ауаның әулиелігін қастерлеу керек.

Тіршіліктің 4 тірегін қастерлеу - халық салты, өмір заңы.

Қан жерін «Әулие бұлақ», «Әулие көл» дейді.

«Судың да сұрауы бар» деп, суды ысырап жасамау керек екенің халық өз ұрпақтарына ескертіп отырған.

«Ауа» - жанды дүниенің өмір ырғағын жасап турған қүдіретті күш.


© 2010-2022