Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Достық біздің тірегіміз»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Достық біздің тірегіміз»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға адам бойында болатын достық сезім

қасиеттері қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу,

балаларды достарымен жағым ды қарым-қатынас

жасауға үйрету.

Дамытушылық:Оқушылардың достық туралы ой -пікірлерін, өзара

көмек қарым-қатынастарын дамыту.

Тәрбиелік: Татулыққа, достыққа, адал дос таба білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер,мақал -мәтелдер,шарлар

Барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Достық біздің тірегіміз» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Қайырлы күн , ұстаздар мен оқушылар! Жалпы дос дегеніміз қалай болу керек екені бәрімізге белгілі.Бірақ кейбіреулер дос деген сөздің терең мәнін ұғынбайды.

1-оқушы: Шын дос үшін қалайда,

Тік басыңды қатерге.

Айыра біл алайда-

Досың менен қасыңды.

2-оқушы: Ағайын жат та болса көзге тәуір,

Өкпем жоқ, кеудемдегі бәрі бауыр.

Жауымның дәлдеп салған найзасынан

Досымның саусағымен шерткен ауыр.

3-оқушы: Нағыз дос бір-біріне тарылмайды,

Жуырда түрткеніңе жарылмайды.

«Жақсы-жаман айтар» деп елемейді,

Бақ дәулет сол адамнан арылмайды.

Жүргізуші:Сәлем, өрен достарым,

Өмірге кеп қосқаным.

Молайтыңдар шаттықты

Би билеңдер бақытты.

Келесі кезекті биге береміз.....

Би: « Қазақша би»

Жүргізуші: Ендігі кезекті ұлы далаларымыздың достық туралы нақыл сөздеріне берейік.

4-оқушы: Досы жоқпен сырлас,досы көппен сыйлас.

5-оқушы: Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса іздеп таба алмайсың.

6-оқушы: Жақсымен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп.

Жаманмен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп.

Жүргізуші: Иә, достық деген -қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу адамдар арасында қалыптасып, өзара құрмет негізінде ғана дамиды.

Ендігі кезекті достық туралы мақал-мәтелдерге берейік!

7-оқушы: Сенімді дос -тірегің

Қалдырма оны бір елі.

8-оқушы: Алдымен достық қамы,

Содан соң бастың қамы.

9-оқушы: Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.

Ән: «Болайықшы осындай»

Би: «Қара жорға»

Жүргізуші: Ашу дұшпан,

Ақыл дос,

Ақылыңа ақыл қос ,- дегендей ендігі кезекті «Мақал - мәтел жалғастыр» ойынына береміз.

10- оқушы: Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

11-оқушы: Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

12-оқушы: Жақсылыққа бақытқа,

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.

Ойын: «Себеттен сұрақ алу»

1.Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

2.Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?

3.Дос қандай болу керек?

4.Қандай адамдар досқа лайық?

5. «Достық көмек» дегенді қалай түсінесіңдер?

13-оқушы: Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

14-оқушы: Өмір деген жарыста

Шаттанғын , дос, қалыспа!

Қорытынды.

Жүргізуші: Балалар, мен сендерге мынадай достық ережесін ұсынғым келеді.Осы ережелерді ұсынғым келеді.

Осы ережелерді есімізде сақтайық!

«Достық» ережесі.

  • Достыңды алдама, оған адал бол.

  • Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

  • Досыңды қорлама.

  • Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

  • Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Жүргізуші: Достығымыз әрқашан берік болсын! Достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлайық!

Келгендеріңізге көп-қөп рахмет!

Өткізген: Уразбаева Жадыра Абдихалиловна №54 жом бастауыш сынып

© 2010-2022