Открытый урок по начальных классов на тему Арайлы алтын күз

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Арайлы, Алтын күз!

Мақсаты:

«Алтын күз» мерекесін ұйымшылдықпен қарсы ала отырып, күз байлық,күз молшылық, күз береке екенін оқушылардың саналарына жеткізу. Алтын күздің адамға берер пайдасын түсіндіру және табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күз мезгіліне байланысты суреттер, жемістер мен көкөністер көрмесі. Жапырақтар мен шарлар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе сөз. Мұғалім:

Армысыздар халайық
Бармысыздар халайық.
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық.


Құрметті қонақтар, ұстаздар оқушылар. Біздің бүгінгі «Арайлы, Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Күз мерекесі бүгін біздің мектебімізге келіп жатыр. Күз мерекесін еңбек адамдары, ауыл, қала барлық жерлерде аталып өтеді. Жер ана мен табиғаттың адамға берген байлығын паш ету мерекесі. «Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігімізді ән шашудан бастайық.

Ән: «Ақ бұлақ».

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазыларымызды тағайындап алайық.

1-кезең.

Жомарт көңіл, жарқын жүз,

Берекесі елімнің:

Қош келіпсің, Алтын күз -

Құт қонағы төрімнің!

Жоғары шық, кел төрлет!

Абыройың, бағаң - бұл.

Көңілдерді ән тербеп,

Арналады саған жыр.

Қонақтарын бұл тойдың - дей келе,бірінші сайысымыз әнге беріледі.

2-кезең.

Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын күз.
Сайраңдаған күліп ойнап,
Келді міне, Алтын күз! - дей келе билерін тамашалайық.(әр сынып кезекпен билерін билейді).

3 - кезең.

Ал, жүгір, теріп ал,

Таптамай бекерге.

Шырынды дәмі бал,

Таңдайдан кетер ме?! - дей отырып осы жеміс-жидектен жасалған шырындар жайлы жарнама көретін боласыздар.(әр сынып кезекпен шығады).

4 - кезең.

«Күз мерекесіне арналған костюм» әр сынып таңдап алған жеміс-жидектерінің киімін киіп, киімдерін қорғайды.

Қызанақ:

Қып-қызыл боп қалғанда,

Ауызыңа салғанда.

Не жетеді шіркін-ай,

Қызанаққа жалғанда - дей отырып, бірінші сыныпты қарсы аламыз.

Алма:

Бір тістеп өзін алғамды

Дәмі аузымда қалғанды.

Домалантып жеймін мен,

Күнде қызыл алмамды - дей келе, екінші сыныптың киімін тамашалаймыз.

Сәбіз:

Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген ажамдар

Кем болмайды күште де! - дей келе, үшінші сыныпты қарсы алайық.

Қияр:

Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде!

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне! - дей отырып төртінші сынып оқушыларын қарсы аламыз.

5 - кезең.

Байлығымды жинадым,

Барымды мен сыйладым.

Балалар мен сіздерге өзімнің дастарханымнан дәм татыңыздар. (әр сыныптың дастархандарынан жеміс-жидектер мен көкеністен жасалған фигуралар.

Әділ-қазылар дастарханды бағалап келгенше ойын ойнайық.

Ойын.«Кім көп біледі?». Ағаштардан түскен жапырақты таңдап алады, сол жапырақтағы сұрақға жауап беріп, жұмбақтарды шешеді.

Әділ-қазылар бағалап, әр сыныпқа орын береді.

Күз ұсынып егісі мен жемісін
Әкеліпті халыққа бір молшылық.
Сары жапырақ алтындай болып төгілсін

Елімізде болсын әркез көпшілік - дей келе, бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Березняковка орта мектебі













Тақырыбы:

«Арайлы, Алтын күз!»

(ертеңгілік 1-4 сыныптар)

Өткізген: Кендебай Л.






2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022