Открытый урок на тему «Ю дыбысы және әрпі»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы, әрпі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ю дыбысымен таныстыруды жалғастыру. йәрпінен соң ужазылмайтындығын түсіндіру.Оқушыларға буындық, дыбыстық талдау жасау. Дауысты дыбыс екендігін аңғарту. Терме диктант жүргізу, сөйлем құрату,әңгіме құру арқылы тіл байлығын дамыту. Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Оқушылар зейінін өзіне аудару

Психологиялық дайындық

Әбір адам? Туысым, досым, бауырым

Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат

Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық

Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық

ІІІ. Үйге берілген тапсырма

«Ою» (оқыту) "Жақсы көрем" жаттау

ІҮ.Бекіту сұрақтары:

- Балалар, кімнің әжесі бар?

- Әже не істеді ?

-Сырмаққа не салды?

-Оюы қандай болды?

Жұмбақ:

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. (Аю)

  • Аю қандай аң?

Аю-жер бетіндегі ең ірі жыртқыш аң. Ол ақ аю және қоңыр аю болып бөлінеді. Ақ аю тек қана мұзды мұхиттарда жүреді. Ол барлық өмірін мұз үстінде өткізеді. Суға да жүзе алады.

Қоңыр аю - орманда жалпақ көк жерлерде кездеседі. Бұл аю балқұмар. Балға ауыз тисе, оның шаққанына да қарамайды

Аю - 2б, 2ә, 3д

Аю (а-й-у) әріп санынан дыбыс саны артық

Ю - қайталату (ауыз қуысынан ауа еш кедергісіз шығады)

Дауысты дыбыс

Й + у дыбыстарының қосындысынан жасалған

Ю

Орыс тілінен енген дыбыс

Өз алдына жеке буын болып тұра алады

Ю - дыбыс орыс тілінде сөздің басында кездеседі, қазақ тілінде көбінесе сөздің соңында кездеседі. Аю, ою, ию, ұю, үю

Ү.Мәтінмен жұмыс: Жарыс

Мәтінді оқып беру. Түсіндіру. Кезекпен балаларға оқыту.
Сұрақтар қою арқылы мазмұнын түсінуге үйрету.

-Суретте не көріп тұрсыңдар?

-Олар неге қатар тұрды?

-Аю неге бірінші болып келді?

-Сендерде де сондай жарыстар бола ма?

ҮІ. Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

ҮІІ. Ойланайық

Аю тиін түлкі аң

Аюлар тиін… түлкі… аң…

ҮІІІ. Дәптермен жұмыс:

- Тақтаға сөздер жазып көрсету

- Ю әрпінін орнын көрсету.

ІХ. Терме диктант

Аю, тау, ою, үю, ауа

Х. Бекіту: Жұмбақ

Ұстап әкеп шеңберді

Байлап қойдым бағанға. (Ю)

-Ю дыбысы қатысқан сөздер айту;

-Сөздерді буынға бөлу.

ХІ. Ойын: «Түсіндім»

Қийу - қию

Ойу - ою

Айу - аю

Байу- баю

Мадақтау.



© 2010-2022