Конспект урока Табиғатты аялайық

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Табиғатты аялайық



«Табиғат тал бесіктен басталады» немесе, «атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген дана халқымыздың жақсы қасиетті сөздері бар.Жасыл желекке оранып тұрған қала мен ауылды кім жаман көрсін? міне әп демей ақ, көктемнің алғашқы күндері де келіп жетті.Маңғыстаудың жері, табиғаты өте қуаңшылық,дегенмен көк майсаға бөленіп тұрмаса да, ақындары мен жазушылары жалпы жүрегінде гүл көктемге деген сезімімен, қуанышы бар әрбір азамат ыңылдап болса да көктем жайында ән өлең айтары анық.Кезінде Ә.Кекілбаев бір сөзінде былай деген Маңғыстау мекенімде суы аз қуаңшылық таулы тасты мекен құмарлана су ішпей әсем табиғатқа тамсана қарамағандары мен менің елім, менің халқым әннен күйден мейлінше құмарын қандырған сол әсем табиғатты әнмен күймен тыңдап өскен халық деген.Маңғыстаудың халықы мұнымен қол қусырып отырған жоқ әрбір үйдің ауласында кем дегенде 10-15 талдан табиғатқа төзімді ағаштары өсіп тұр.Осындай ниетпен 2006 жылы өз жұмысын бастаған Үстірт орта мектебінің ауласына көктемде жасыл желектер отырғыза бастады, сол кездерде ағаштарға суды қолмен тасып құйған қызметкерлер (оның ішінде өзімде бармын) казіргі таңда рақаттанып сол ағаштардың көлеңкесінде демалып отырады.Жасыл ағаштарды күтіп баптау жұмыстарымен мектебіміздің қызметкері, 80 жасқа таяулап қалса да әлі тың денсаулығы мықты,еңбек десе ерінбейтін,таңның атысымен күннің батысы осы мектеп ағаштарын баптау күтумен айналысатын Баймұханов Атамұрат атамыз айналысады.Ол кісі жастайынан үнемі еңбекпен айналысқан,осындай жасыл желек баптап мал өсіріп,әкесі соғысқа аттанып кеткенде егде адамдардың жұмыстарында қоса атқарып келген.соның тиген пайдасы болар қазірде Атамұрат атамыз тың,ешқашан еңбектен шаршаған емес.Казіргі таңда сол баптап өсірген талдар алыстан адам көз тартардай сүйсіне қарайсын 9-10 метр ұзындықта өскен талдардың көлеңкесінде отырып сол баяғы шелектеп тасып құйған қиыншылықтарымызды ұмытып кетемін.Мектеп ауласындағы әртүрлі гүлдер раушан гүлдері жылдың күз айларында ашылып адам баласына көңілді күй сыйлайтын сарғылт жасыл гүлдерге келген адамдар тамсана қызыға қарайды.Жалпы мектеп әкімшілігі тек бұл жасыл желектер мен шектеліп қана қоймастан жыл сайын көктемде жас көшеттер отырғызу жұмыстарымен айналысып жатыр.Осылай Маңғыстаулық азаматтар өз аулаларына жылда жасыл көшеттерді отырғызса табиғатымызда көркейе түседі.Табиғат тіршілік көзі,оның әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады.Біздің әрбір басқан қадамымыз әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты соның үшінде ана табиғатымызды аялай білуміз керек.

Жанар Тапалова.Үстірт орта мектебі.

© 2010-2022