Сабақтың тақырыбы. Дауыссыз б мен п

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2 сынып

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет: №4

Ахметова Д.К.

Сабақтың атауы

Дауыссыз б мен п

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар

Жалпы мақсаттар

Білімділік: п дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б-ға айналуын түсіндіріп, оқушылардың білімдерін толықтыру
Дамытушылық: ой - өрістерін, танымдық қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды инабаттылыққа, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижесі

-оқушылар б мен п дыбыстарын ажырата алады

-жаттығуды өз еркімен орындай алады.

-сабақ соңында оқушылар өздерінің алған білімдерін іс-әрекет барысында қолданады және өздерін бағалай алады

.-топта ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйренеді

Сабақтың типі: жаңа білім беру, жинақтау сабағы.
Әдістері: сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, салыстыру - ажырату.

Дереккөздер және

жабдықтар

АКТ,оқулықтар,бағалау қағазы, геометриялық фигуралар, стикерлер, смайликтер

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы төрт топқа бөлу;1-топ үшбұрыштар,2-топ төрт бұрыштар,3-топ бесбұрыштар,4- топ шеңбер болып бөлінеді..

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Шырылдайды қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын.

І. Қызығушылықты ояту.

1. Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу; Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

«Ыстық орындық» (стикерлерге «Ыстық орындық» деп біреуіне жазылады да, қалғандары бос бүктеледі.Сол сөз кімге түссе, сол оқушы ортаға шығып үй жұмысын оқып, басқа топтағы балалар сұрақтарға жауап береді

3. «Тапқыр достар» ойыны

1.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

2.Қатаң дауыссыз дыбыстарды атаңдар.

3.Үнді дауыссыз дыбыстарды атаңдар.

4.Ұяң дауыссыз дыбыстарды атаңдар.

1. Алған фигурасы бойынша өз орындарына отырады.

Кітаптарын, оқу құралдарын алып, орындарына жайғасады.

2. «Ыстық орындық» деген жазу түскен оқушы үй жұмысын оқып, сұрақтарға жауап береді.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді

II.Мағынаны ажырату

Жаңа сабақ

Дауыссыз б мен п.

«Түйсін мені»

1.Осы сөздердің соңында қандай әріп жазылып тұр?

2.Осы сөздерге дауысты дыбыстарды жалғап көреміз

3.Ендеше п дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б-ға айналады.

4.Жаттығу жұмыстары

(топпенжұмыс)

Әр топқа бір сөз жазылып беріледі, сол сөзді қимылмен көрсету керек. Ол сөзді балалар қимылға қарап түсіндіру керек

«Кітап», «доп», «жіп», «қорап»

Топ болып бір -біріне түсіндіру сосын , ортада оқиды. Бір-бірін түзетеді. Сосын орталарынан бір оқушы шығып оқиды.

Сергіту сәті.

Көңілді күн

III.Ой толғаныс

♦ Ізденіс тапсырмалары (жеке жұмыс)
1-топ.Әдеп, талап сөздерін қатыстырып тыйым сөздер құрастырып айт.

2-топ.Дыбыстық талдау жасаңдар

Қолғап,тәртіп сөздеріне

3-топ.Қатаң ұяң, үнді дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерді ретімен жазып кестені толтыр

Берілген сөздер

Қатаң дауысссыздан

Басталған сөздер

Ұяң дауыссыздан басталған сөздер

Үнді

Дауыссыз-

Дан басталған сөздер

4-топ.Баспалдақты тордың санына қарай «б»әріпінен басталатын әртүрлі буынды сөздермен толықтырып шық





Әр топ өздеріне берілген тапсырманы жеке-жеке орындайды.

Бағалау. ІV. Бағалау (өзін-өзі бағалау
Әр оқушы өзінің сабаққа қатысу деңгейіне қарай тақтада ілінген стикерлерді алады.
Смайликтерді алады.
Сабақтың тақырыбы. Дауыссыз б мен п

V. Рефлексия:

1. Бүгінгі сабақта маған____________________

_______________ қызықты болды.

2.Маған____________________________қиындық туғызды.

3. Менің көңіл-күйім___________________

Әр түрлі фигурадағы стикерлерді өзінің тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай таңдап алады және неге таңдағанын түсіндіреді.

рефлексия парақтарына өз пікір

лерін түсіреді

Нақты үйге берілетін тапсырмалар

4-5жаттығу, ереже оқу. Күнделіктеріне жазады




© 2010-2022